Сәрсенбі, 26 Маусым 2019 17:59

Аудан да ат салысты

Аудан да ат салысты mezet.kz

Бірлігі бекем, еңселі Еңбекшіқазақ ауданы да Арыстағы ағайынға көмек қолын созуда. Маусымның жиырма алтыншы жұлдызында аудандық Т.Молдағалиев атындағы Мәдениет үйінің алаңында «Еңбекшіқазақ ауданы Арыспен бірге» атты гуманитарлық көмек көрсету акциясы бастау алды. Оған аудан әкімі Бинәлі Ысқақ қатысып, шараға атсалысқан қауымға алғыс білдірді.

Адам қайғысы – заман қайғысы. Оқыстан орын алған ауыр жағдайға тап болған Арыс жұртшылығына аудан әкімдігі бастаған аудан кәсіпкерлері, этно-мәдени бірлестіктер, әр округ, қарапайым аудан тұрғындары, сонымен қатар, көпбалалы аналар (суретте) да жұмылып жұдырық болып азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық заттар және ақшалай көмектерін аямады. «Он адам жүрген жерде із қалады, жүз адам жүрген жерде – соқпақ, мың адам жүрген жерде жол қалады» демекші, бүкіл республика болып жасап жатқан қайырымдылық көмек Арыстағы ағайынның уайым-қайғысын жеңілдетер деген сенімдеміз. Акция әлі де жалғасуда.

Алмагүл НҰҒМАН.

Read 372 times

Күнтiзбе

« Қараша 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет