Бейсенбі, 20 Маусым 2019 16:59

Ақ халаттылар ардақталды

Дәрігердің арыстандай айбатты, қыздай икемді, анадай мейірімді болу қажеттігін айтқан Гиппократ мамандық иелеріне үлкен жауапкершілік артып кеткендей. Расында, жаны мен тәні жаралы науқасқа жылы сөздің өзі – жарты ем екені, айтпаса да түсінікті. Ақ халаттылардың төл мерекесінде аудан әкімі Бинәлі Ысқақ абзал жандарды арнайы құттықтады. Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің акт залына медицина саласына еңбегі сіңген ардагерлер мен аурухана қызметкерлері шақырылып, салтанатты шараның куәсі болды. Аудан медицинасының жеткен жетістіктері мен бүгінгі хал-ахуалына тоқталып өткен Бинәлі Әбдіқапасұлы осы салада талмай еңбектеніп жүрген медицина қызметкерлерін құттықтап, Алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар, медицина ардагерлері де әріптестерін атаулы мерекелерімен құттықтап, тұрғындар денсаулығының сақшыларына амандық тіледі. Артынша…
Аса қадірлі, Елбасы! Құрметті, отандастар! Ең алдымен, маған зор сенім артып, қолдау көрсеткен барша Қазақстан халқына алғыс айтамын! Бұл сайлау, шын мәнінде, демократия талаптарына сай өтті. Сайлау алаңында, нағыз ашық бәсекеге түсу мүмкіндігі болды. Барлық саяси күш өкілдері қатысты. Саяси бағдарламалар сайысқа түскен әділ дода болды. «Сайлау – бұл қатысушылардың пікірі ғана жеңіске жететін жарыс» – дейді. Расында, әділ пікір. Осы өте маңызды саяси бәсекеде біздің халқымыздың даналығы, парасаты жеңді. Сондықтан, бұл жеңіс – халқымыздың жеңісі! Біз бір ел болып, халық болып Қазақстанның алдағы даму жолын бірге айқындадық. 9 маусымда Қазақстанның жарқын болашағы үшін дауыс берген әрбір азаматтың пікірі –…
Касым-Жомарт Токаев принёс присягу народу Казахстана и официально вступил в должность президента страны. В Нур-Султане во Дворце Независимости прошла церемония инаугурации победившего на внеочередных выборах президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева. На церемонии присутствовали председатель Мажилиса Нурлан Нигматулин, первый зампредседателя партии Nur Otan Маулен Ашимбаев, председатель Сената Дарига Назарбаева, глава Конституционного совета РК Кайрат Мами, председатель ЦИК Берик Имашев, министры, акимы областей. Под звуки оркестра в зал внесли флаг Казахстана, штандарт президента и Конституцию РК. В зал вошли Первый Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев и избранный президент Касым-Жомарт Токаев. Председатель Конституционного совета Кайрат Мами объявил, что в соответствии со статьёй 42 Конституции РК…
Сәрсенбі, 12 Маусым 2019 14:34

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР президенті болып сайланған Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдады. Заңға сәйкес, Республика президентi Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға қолын қойып, ант қабылдады. «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн», — деп халыққа ант берді. Ақпарат көзі: BAQ.KZ Үнқосу Жастарға жаңа мүмкіндік Елбасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Назарбаевтың мемлекеттік ма­ңызы бар стратегиялар мен ма­қа­лаларында, сөздерінде әркез өскелең ұрпақты тілге тиек етуі – бізге, жас буынға, артқан үлкен сенімі деп білеміз. Соның бір айғағы, Тұңғыш Президенттің «Қазақстандықтардыңәл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс…
Бейсенбі, 23 Мамыр 2019 09:56

Жауапты науқанға дайындық

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы Бақыт Жексембиевтің төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізуге байланысты оқыту семинары өтті. Жиынға учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары қатысты. Семинар барысында арнайы әзірленген дауыс беру күні учаскелік комиссиялардың жұмысы туралы оқыту бейнеролигі көрсетілді. Аудандық аумақтық сайлау комиссия төрағасының орынбасары С. Абросимова сайлау қорытындысы бойынша хаттамаларды дұрыс рәсімдеуді үйретті. Комиссия мүшесі Ш.Бөлтаева қаржылық құжаттардың сауатты толтырылуын түсіндірді. Сайлау өткізуге арналған бөлмелердің дайындығын пысықтап, керек құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілгендігін тексерді. Жиын соңында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының тарапынан қажетті оқыту құралдары мен құжаттар таратылды. Өз…
Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «NurOtan» партиясының кезектен тыс XIX съезінде айтты. «Құрметті отандастар, екі апта бұрын Тоқаев кезектен тыс сайлау өткізуге қол қойды. Қасым-Жомарт Тоқаев айқын саясат жүргізуді жақсы біледі. Бұл арқылы біз бүкіл әлемге демократиялық жолды таңдағанымызды тағы дәлелдедік», – деді Елбасы. Елбасы өз сөзінде Президент сайлауы халықты биік мақсаттарға жетелейтініне сенім білдірді. «Тұңғыш Президент бұл Қазақстанның саяси өміріндегі өте маңызды мәселе екендігін баса айтты. «Қазақстан жаңа кезеңге қадам басып отыр. Биылғы 19 наурызда өздеріңіз білесіздер, мен Президенттік өкілеттігімді тоқтаттым. Еліміздің жарқын болашағы үшін осындай оңай емес шешім қабылдадым, ойланып-толғанып шешілген мәселе болды. Мемлекетті…
Қымбатты, отандастар! Бүгін елімізге және әрқайсымызға қатысты аса маңызды Үндеу жариялап отырмын. Еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдадым. Мен бұл жауапты шешім бойынша Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен ақылдастым. Парламенттің қос палата спикерімен, Премьер-Министрмен кеңестім. Конституциялық Кеңестің келісіміне жүгіндім. Парламенттегі партия жетекшілерімен кездестім. Кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдау – өте маңызды әрі қажетті қадам. Біз Елбасымыздың арқасында тәуелсіз, қуатты мемлекет құрдық. Қазақстан халық-аралық жүйеде өзіне лайықты орнын алды. Бізді ықпалды және белді мемлекет ретінде бүкіл әлем мойындайды. Қазіргі таңда тарихи кезеңді бастан өткеріп отырмыз. Жоғары билік заңды және бейбіт…
Сенбі, 13 Сәуір 2019 14:07

Жауапкершілік жүгі ауыр

6-шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті 45 сессиясында үш мәселе күн тәртібіне қойылды: Еңбекшіқазақ ауданының 2018 жылғы бюджетінің орындалуы туралы Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Жұбаныш Ноғайбековтың қорытынды хаттамасы, аудандық қаржы бөлімінің басшысы Батыр Хайруллаевтың есебі және ауданның 2018 жылғы дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру. Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, аудан әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Құдайбергенов, аудан әкімінң орынбасары Алтай Досымбаев, бөлім, мекеме басшылары, округ әкімдері қатысты. Алғаш мінберге көтерілген Жұбаныш Ноғайбеков түзетілген бюджет болжамы толық орындалғандығы, Есік қаласы мен ауылдық округтердің кірістер болжамы да артығымен жиналғандығын атап өтті. Сонымен қатар бірқатар түйткілдерді тарқатып берді:…
 «Баспана» ипотекалық ұйымының есебі бойынша Алматы облысының «7-20-25» ипотекалық кредиттеу бағдарламасының көшбасшысына айналуға барлық мүмкіндігі бар. Өңірдегі жағымды экономикалық өзгерістер, тиімді логистикалық және өндірістік жобалар, тұрғындар табыстарының өсуі облыстың «7-20-25» бағдарламасына арналған тұрғын үй құрылысын жандандыруына қолайлы жағдай жасап отыр. "7-20-25" – Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін ипотекалық бағдарлама. Бағдарлама Елбасының Жолдауында айтылған «Әрбір отбасы үшін баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бірінші бастамасын іске асыру мақсатында әзірленді. Бағдарламаның атауы оның негізгі талаптарын айқындайды. 7 – бұл ипотекалық кредит бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме. Ол түпкілікті болып табылады және өзгермейді. Қарыз алушы ешқандай комиссиялық ақыларды төлемейді және қосымша шығындарды көтермейді. 20 – бұл…
Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы «Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталсын. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТОҚАЕВ. Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 23 наурыз №6.

Күнтiзбе

« Қазан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет