Өзінің төлтумасына балаған Астана қаласы туралы толғауын Елбасы: «Жаңа астанаға көшу және оны салу туралы ой менде ертеректе, сонау алыстағы 1992 жылы туған еді, бірақ мен ол кезде мұны аузымнан шығармадым, өйткені Қазақстанның экономикасы ойлағанды іске асыруға мүмкіндік бермеді», – дей келіп, «1992 жылы Қазақстанның Президенттігіне бүкіл халық болып сайланғаннан кейін, мен Ақмолаға келдім. Есілден көлденең тартылған ескі көпірдің ортасында тұрып, өзенге қарадым. Маған қаланың ортасында ағып өзен жатқан болса, қашанда сол ұнайтын. Өзен қалаға ерекше бір көрік береді, мәртебесін көтереді. Мысалы, бізде Жайықтың бойында Атырау, Сырдарияның бойында Қызылорда, Тобылдың бойында Қостанай, Ертістің бойында Семей мен Кереку орналасқан. Ал әлемде…
Биылғы шілде айының 6 жұлдызы Елордаға 21 жыл толады. Осы күнге дейін бас қаланың мерейтойы атаусыз қалған емес. Осы жылы да Нұр-Сұлтанның туған күні аталып өтеді. Жақында Арыс қаласында орын алған қайғылы оқиғаға байланысты бірқатар қазақстандық-тар Нұр-Сұлтан күнін тойламай, бөлінген қаржыны Арысқа жіберуді ұсынған болатын. Қала әкімінің орынбасары Ерлан Каналимовтың айтуынша, астананың туған күнін мүлдем болдырмай тастау мүмкін емес. Есесіне, бөлінген қаражат үнем-деудің нәтижесінде 3 есеге қыс-қарды. Қазынадан бөлінген 300-400 млн теңге іс-шараларды өткізуге ғана емес, қаланы көркейту жұмыстарына да жұмсалады. Бәз-біреулер қала әкімдігінің бұл шешіміне де қарсы шығып, мерекені мүлдем тойламау керек деген пікірін айтып жатыр. Онсыз да бұрындары…
Жұма, 05 Шілде 2019 12:05

Арысқа көмек жалғасуда

Жарылыстан зардап шеккен арыстық ағайындарға әлі күнге көмек қолы созылуда. Жер-жерден жүк көліктерімен гуманитарлық көмек жөнелтіліп, қомақты қаржылай қолдау көрсетілуде. Ауданымыз да жақында ғана азық-түліктер мен тұрмысқа қажетті заттарды жеткізіп берген болатын. Игі шара жалғасын тауып, өткен аптаның соңында тағы да жүк көлігі жіберілді арыстық ағайындарға. Отандастарының қайғысына бей-жай қарамаған аудан тұрғындары мен кәсіпкерлері 1 тоннадан астам макарон өнімдері, 1 тоннаға жуық қант, 2,5 тонна ұн, жалпы 20 тоннаға жуық құны 4 млн теңге болатын түрлі азық-түліктер, жеке қажетті заттар тиелген жүк көлігін шығарып салды Арыс қаласына. Сонымен қатар, ауылдық округтер мен кәсіпкерлер 1 млн-нан астам қаржы жинап берді. «Еңбекшіқазақ…
Бейсенбі, 04 Шілде 2019 16:40

Апатты қалаға көмек қолы созылды

Өткен аптаның алғашқы күні арыстықтар үшін сәтсіз басталды. Дүйсенбі күні таңертең қалада орналасқан әскери қоймада жарылыс болып, бейбіт тұрғындардың берекесін алды. Жарылыс салдарынан тұтанған оқ-дәрілер мен снарядтар тұрғын үйлердің үстіне түсіп, бірер сәтте қаланың астан-кестенін шығарды. Дүлей дүмпуден шошынған жұрт үйін, қызметін, кәсібін тастап қаладан қашты. Әлеуметтік желі арқылы желдей ескен Арыстағы апат туралы хабар барша елді аяғынан тік тұрғызды. Жедел іске кіріскен құтқарушылар эвакуация жұмыс-тарын бастап, бірнеше сағатта арыстықтарды жақын маңдағы аудандар мен Шымкент қаласына жеткізді. Түркістан облысындағы аудандарда уақытша лагерьлер құрылып, төтеншеліктер жарылыстарды тоқтатып, өртті ауыздықтады. Сол күні кешкісін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласында болып, апаттың мән-жайымен…
Бейсенбі, 04 Шілде 2019 16:06

33 жыл мемлекеттік қызметте

23 маусым — мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне орай, Талдықорған қаласында салтанатты шара өтті. Мерекелік жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров мемлекеттік қызметтің мәртебесі мен беделін арттыруда, оның міндеттері мен мақсаттарын нәтижелі орындау бағытында жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар мемлекеттік қызметкерлерді Алматы облысы әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Ел мүддесіне адал қызмет атқарып жүрген Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Жұмағалиев Әзіл Кәрімұлы еткен еңбегі бағаланған үздіктер қатарынан көрінді. Әзіл Кәрімұлының 45 жыл еңбек өтілінің 33 жылын мемлекеттік қызметке арнап келеді. – Бүгінгі күні мемлекет-тік қызметтің қоғамдағы рөлі мен орны бөлек. 23 маусым мемлекеттік қызметшілер мерекесі ретінде аталып өтілуі бір…
Сәрсенбі, 26 Маусым 2019 17:59

Аудан да ат салысты

Бірлігі бекем, еңселі Еңбекшіқазақ ауданы да Арыстағы ағайынға көмек қолын созуда. Маусымның жиырма алтыншы жұлдызында аудандық Т.Молдағалиев атындағы Мәдениет үйінің алаңында «Еңбекшіқазақ ауданы Арыспен бірге» атты гуманитарлық көмек көрсету акциясы бастау алды. Оған аудан әкімі Бинәлі Ысқақ қатысып, шараға атсалысқан қауымға алғыс білдірді. Адам қайғысы – заман қайғысы. Оқыстан орын алған ауыр жағдайға тап болған Арыс жұртшылығына аудан әкімдігі бастаған аудан кәсіпкерлері, этно-мәдени бірлестіктер, әр округ, қарапайым аудан тұрғындары, сонымен қатар, көпбалалы аналар (суретте) да жұмылып жұдырық болып азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық заттар және ақшалай көмектерін аямады. «Он адам жүрген жерде із қалады, жүз адам жүрген жерде – соқпақ, мың адам…
Сәрсенбі, 26 Маусым 2019 17:56

«Арыспен біргеміз!»

Апатты қалаға көмек қолы созылды Осы аптаның алғашқы күні арыстықтар үшін сәтсіз басталды. Дүйсенбі күні таңертең қалада орналасқан әскери қоймада жарылыс болып, бейбіт тұрғындардың берекесін алды. Жарылыс салдарынан тұтанған оқ-дәрілер мен снарядтар тұрғын үйлердің үстіне түсіп, бірер сәтте қаланың астан-кестенін шығарды. Дүлей дүмпуден шошынған жұрт үйін, қызметін, кәсібін тастап қаладан қашты. Әлеуметтік желі арқылы желдей ескен Арыстағы апат туралы хабар барша елді аяғынан тік тұрғызды. Жедел іске кіріскен құтқарушылар эвакуация жұмыстарын бастап, бірнеше сағатта арыстықтарды жақын маңдағы аудандар мен Шымкент қаласына жеткізді. Түркістан облысындағы аудандарда уақытша лагерьлер құрылып, төтеншеліктер жарылыстарды тоқтатып, өртті ауыздықтады. Сол күні кешкісін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев…
В ближайшие годы, судя по публикациям в интернете, в Казахстане ожидается одна из самых масштабных реформ органов внутренних дел с 1998 года. У правоохранителей должны поменяться условия службы и формат обучения, будет принят национальный стандарт полицейского. Насколько наши правоохранители готовы к реформам, высока ли у них эффективность противостояния криминалу и защите общественного порядка? Об этом накануне профессионального праздника мы попросили рассказать начальника управления полиции Енбекшиказахского района, полковника полиции Багдата АШИМОВА. – Багдат Бакбергенович, каковы итоги оперативно-служебной деятельности управления в 2019 году? – В целом сохраняется стабильная оперативная обстановка. По итогам 5 месяцев 2019 года в сравнении с аналогичным периодом 2018…
2019 жылдың төрт айында халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға қамқоршылық пен қорғаншылықты белгілеу» мемлекеттік қызметі бойынша 402 қызмет көрсетілді. Қамқоршылық пен қорғаншылыққа алу – жетім және қамқорсыз қалған балаларды асырап алу мен патронатқа алудан мүліктік құқықтардың болуымен өзгешеленетін бала алу формасы. Еліміздің заңнамасы бойынша ата-анасы бас тартқан немесе ата-ана құқығынан айырылу салдарынан, сондай-ақ ата-анасы қайтыс болып, жетім не қамқорсыз қалған балалар қамқорлыққа алынады. Көп жағдайда баланың туысқандары қамқоршы атанып жатады, алайда туыстық қатынасы жоқ балаларды да қамқорлыққа алуға болады. Баланы қамқорлыққа алатын азамат мемлекеттік корпорацияның фронт-офисінің біріне келесі құжаттарды тапсыруы тиіс: Өтініш пен жеке басын куәландыратын…
Бұл туралы фейсбуктегі ресми парақшасында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті. Оның айтуынша, елімізде 1,5 жыл бұрын іске қосылған проактив қызметі арқылы 70 мың баланың туу туралы құжаты рәсімделіп, бала тууға байланысты берілетін 13 мың жәрдемақы смс арқылы тағайындалды. «Барлығын жеңілдетіп, оңтайландыру, электронды форматқа көшіру – цифрландыру принципінің негізі осы. Біз бүгінде аталған принципті орындап қана қоймай, халықтың алтын уақытын үнемдеуін де ойластырып, проактив қызметін енгіздік. Қолданысқа енген алғашқы проактив қызметі бала туумен байланысты. Мен бұл істің басы-қасында жүргенімді мақтан тұтамын. Бірнеше жылдан кейін проактив әдісі арқылы балабақша кезегіне тұрған 13 мың бүлдіршін бөбекжайға…

Күнтiзбе

« Қазан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет