Күндер бойынша реттелген элементтер: Сенбі, 02 Мамыр 2020

Алдымен, мына сұраққа жауап беріп көрейік. Сіз өз балаңыздың қабілеттерін аша алдыңыз ба? Бұл мәселеде ата-ана тарапынан да, баланың тарапынан да үлкен бір нәзік байланыс болуы керек. Егер сіз сәбиіңізге көңіл бөлмей, оның еңбегін ескерусіз қалдырып жүрсеңіз, онда соңы түсініспеушілікпен аяқталары анық. Сөйтіп, сіз үміт артып отырған балаңыздың қабілетін тұншықтырып аласыз.  Біз сіздерге балаңыздың  қабілетін оятатын ең үздік бес әдісті ұсынамыз.

  • Ең әуелі, балаңызға қамқорлық танытыңыз. Сол кезде сіздің үмітіңіз жылулық пен сенімділікті бойына жинайды.
  • Екіншіден, сіз «эврика» әдісін қолданыңыз. Үнемі әр ісіне «Сенің қолыңнан келеді», «Сен істей аласың!» деп қолдау көретіңіз.
  • Үшіншіден, сіз үнемі оңашада қалып, бірге отырып, «болашақ картасын» құрастырыңыз. Бұдан сіз балаңыздың әр істі жаңа тың серпінмен қолға алу қабілетін арттыра аласыз.
  • Төртіншіден, ешқашанда балаңызды жұрттың баласымен салыстырмаңыз. Бұл өте маңызды. Себебі сіз абайсызда бүлдіршініңіздің арманына балта шабасыз. Әр баланың қайталанбас жеке тұлға екенін ұмытпағайсыз.
  • Бесіншіден, осы төрт әдіс те сәтті орындалу үшін балаңызбен досындай сырласып, сөйлесу қажет. Егер сіз оған көп көңіл бөлсеңіз, қабілеті толық ашылып, жасаған әр ісін шабытпен орындайтын болады.

Сонымен, сіз сәбиіңіздің қабілетін аша алыпсыз ба? Енді шабытын оятуға жұмыс жасайсыз ба? Сіздің қолыңыздан келеді. Себебі жақсы ата-ана үйретеді. Салиқалы ата-ана іспен көрсетеді. Ал ең  жақсы ата-ана шабыттандырады.

Айым  Айтпанбет 

Published in Мақалалар
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет