Күндер бойынша реттелген элементтер: Дүйсенбі, 16 Қыркүйек 2019
Дүйсенбі, 16 Қыркүйек 2019 15:29

Мақсат – өлке тарихын түгендеу

«Музейге сый» науқанының басты мақсаты – ата-бабамыздан бізге жеткен тарихи мұраларды музей қорына жинақтау әрі оларды келер ұрпаққа аман жеткізу. Осындай мақсатпен басталған науқанға қолдау көрсетіп, қолда бар ескі жәдігерлерді музей қорын толықтыру үшін сыйға тартқан жомарт жандар арамыздан бой көрсетіп жатқаны қуантады. Солардың бірі – ауданның құрметті азаматы Е.Сұлтанғазиев Шелек тарихи-өлкетану музейінің қорына ескі кітаптар мен басқа да қымбат бағалы жәдігерлерді сыйға тартты.

Аталған шараға Шелек ауылдық округінің әкімі Е.Есенханов, ақсақалдар кеңе-сінің төрағасы Ж.Сыдықбаев арнайы қатысып, аталған жобаның ел тарихын түгендеуге үлкен мүмкіндік беретінін әрі болашақ ұрпақ үшін жасалып жатқан баға жетпес жақсылық екенін тілге тиек етті. Шелек тарихи-өлкетану музейінің директоры Е.Дәркембаев Елеусіз Сұлтанғазиев мырза мен келген қонақтарға алғыс білдіріп, болашақта бұл науқанның жалғасын табатынын айтты. Сонымен қатар, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Қайыпбаева өз сыныбын музей экспонаттарымен таныстырды. Келешекте мұндай шаралардың өлке тарихын түгендеуге септігін тигізері сөзсіз.

 

Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ.

Published in Тарих
Дүйсенбі, 16 Қыркүйек 2019 15:19

Мұқтаж жандарға ғана беріледі

Еліміздегі тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар мен көпбалалы жанұяларға берілетін атаулы әлеуметтік көмекті рәсімдеуге бірнеше өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Есік қаласының әкімдігінде өткен жиын барысында айтылды.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қалдыгүл Айсина, жұмыспен қамту орталығының директоры Берік Иманбаев, округ әкімдері, орынбасарлары мен мамандары қатысқан шара барысында атаулы әлеуметтік көмек алушылар жайында сөз қозғалды. Құжаттарды рәсімдеудегі өзгерістерге тоқталған Қалдыгүл Айсина негізгі мәселелерге тоқталды:

– ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Бұйырығына 26 тамызда өзгерістер енгізілді. Бұдан былай басқа ауданда тіркелген азамат атаулы әлеуметтік көмекке құжат өткізу үшін 6 ай ауданымызда уақытша тіркеуде тұруы міндетті. Сонымен қатар, АӘК алушылар мекен-жайы немесе жұмыс орны секілді әлеуметтік көмекке әсер етуші факторларды ауыстырған жағдайда, 10 күннің ішінде құзырлы органға ескертуі тиіс. Бұл АӘК-тің көлемін қайта есептеу үшін қажет – деді. Яғни, бұрындары азаматтарымыз бүгін уақытша тіркеуге тұрып, келесі күні құжаттарын өткізе беретін. Ендігі кемінде ауданымызда жарты жыл уақытша тіркеуде тұруға міндеттеледі. Сондай-ақ, бұрындары атаулы әлеуметтік көмек айдың соңында берілсе, жаңа өзгерістер бойынша, әр айдың 10-на дейін берілетін болады. Яғни, қыркүйек айының ақшасы қазанның 10-шы жұлдызына дейін есеп-шотқа түседі. Осылайша, заңсыз әлеуметтік көмек алушыларға тосқауыл қойылады.

Қалдыгүл Оспанәліқызы атаулы көмек алушылардың табысы туралы жаға ұстатарлық цифрларды мысалға келтірді. Сөзіне сүйенсек, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген, алайда, табысы төмен деп есептелген 31 отбасының 6 айдағы кірісі 1,5 млн теңгден басталады. Ең жоғарғысы 18 млн теңге. Мұндай ақпараттарды құзырлы орган мемлекеттік кірістер басқармасынан алған. Қазіргі таңда 31 отбасының тізімі жасалып, тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, соңғы айда 1500-ге жуық отбасы мемлекеттен берілетін көмекті ала алмады. Себебі, аудан бойынша 403 отбасына атаулы әлеуметтік көмек көрсетілу тоқтатылды. Ал 314 жанұяныкі қайта есептелуде. Әлеуметтік көмек алатын 716 адамдікі уақытша тоқтатылған. Осы бойынша учаскелік комиссия төрағаларына қайта тексеру актісін жасау тапсырылды. Оған қоса, ауданда 100 шаршы метрден асатын баспанада тұрып, мемлекеттен көмек алып жатқандар да бар. Ол да қайта тексеріледі.

Соңғы кездері жағдайы жақсы отбасылар да табысын жасырып, мемлекетке қол жайып отыр. Бұл турасында округ әкімдері айтып қалды. Айталық, бірнеше гектар алма бағы бар азамат, жеке кәсіпкерлік арқылы табысын 42 500 теңге деп көрсеткен. Тіпті, әйелі студент полиция қызметкері өзін бала күтімінде деп көрсетіп, құжаттарын өткізген. Тексерсе, еш жерден табысы шықпайды. Себебі, полиция қызметкерлері айлығының 10 пайызын зейнетақы қорына аудармайды. Қалдыгүл Оспанәліқызы мұндай сәтте жұмыс орнына арнайы сұраныс хат жіберіп, анықтау керектігін айтты.

Жиын соңында осы күнге дейін атаулы көмекті заңсыз алып келген отбасыларына әкімдік тарапынан қаржыны қайтару туралы ескерту жасалатындығы айтылды. Олай болмаған жағдайда, мемлекет сот арқылы өндіріп алады.

 

Сардарбек НҰРАДИН.

Published in Мақалалар

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет