Күндер бойынша реттелген элементтер: Жұма, 11 Қазан 2019

Памятник Карасай батыру воздвигнут в области на средства меценатов

11-метровый памятник Карасай батыру был открыт сегодня в городе Каскелен Карасайского района в рамках празднования 90-летия района. Памятник был воздвигнут при поддержке местных меценатов и предпринимателей. В церемонии открытия принял участие аким области Амандык Баталов.

Обращаясь к жителям и гостям района, аким области сказал:

- В рамках программной статьи Елбасы «Модернизация сознания: взгляд в будущее» в области проводится большая работа по сохранению исторического наследия, популяризации наших великих предков. И сегодня в рамках 90-летия Карасайского района мы торжественно открываем памятник известному батыру, чьё имя стало легендой. Это существенный вклад в патриотическое воспитание молодого поколения, - отметил А.Баталов.

С поздравительной речью выступили олимпийский чемпион, обладатель почетного звания «ҚазақстанныңЕңбекЕрі» ЖаксылыкУшкемпиров и другие жители и гости района, которые, поздравив присутствующих с 90-летием райна, отметили существенный вклад меценатов в социально-экономическое и культурное развитие Карасайского района.

После традиционных слов бата памятник был торжественно открыт, церемония продолжилась возложением цветов.

Стоит отметить, что автором памятника является НуркенДаукенов. Памятник выполнен из бронзы и расположен на центральной площади г.Каскелен. Общая высота памятника – 11 метров.

                                               Пресс-служба акима Алматинской области

Published in Мақалалар

Алматы облысының «Талдау және болжау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қыркүйек айында Алматы облысындағы қарт адамдардың жағдайын анықтау үшін онлайн, телефон сауалнама жүргізді.

Мемлекетіміздің саясаты халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын: көп балалы отбасылар, қарт адамдар, зейнеткерлер, әйелдер мен жастарға жағдай жасауға бағытталғаны белгілі.

Соның ішінде, әрбір азаматтың қарттық шағын лайықты етіп қамтамасыз ету, қарт адамдар өмірінің сапасы мен әлеуметтік стандарттарын үнемі жақсартуға бағытталған мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.

Сауалнама нәтижесінде «Біздің қоғамымыз да қарт кісілерге құрметпен қарай ма, әлде сыйламай ма? Деген сауалға жауап берген респонденттердің 53% құрап, сенімділіктің жоқтығын білдіргендей «құрметпен шығар» деген жауапты таңдаған.

Қазіргі кезде қоғамымыз да қарт кісілерге жеткілікті көңіл бөленетіндегіне 44% респонденттер жеткілікті шығар деп күмәнмен жауап берсе, 31% жеткіліксіз сияқты дейді. Ал, қарттардың құқықтары сақталып жатыр ма деген сұрағына да респонденттердің 58% тағы да күмәнді жауап қайтарды. «Әрине, жеткілікті» деп, нақты жауап бергендердің үлесі тек 15% ғана.  

Соңғы сұрақтың нәтижесі бойынша, көпшіліктің мазалайтыны денсаулықтарының нашарлауы, ауруларының өршуі (24%) және кедейшілік пен төмен зейнетақы (18%) проблемасы екен. Ал, өмірге деген қызығушылық пен белсенділіктің жоқтығы, дәрменсіздік, балаларына деген тәуелділік, отбасындағы қажетсіздікті сезінуі, жастар тарапынан құрметтің жоқтығы, келешекке үрей сияқты көрсеткіштердің аз пайыз алғаны жақсылықтың нышанын білдіреді. Демек, қарттарға ең қажеті олардың күтімдерін қамтамасыз етіп,  көңіл бөлу және қаражат мәселесі екен.

Зерттеу нәтижелерін қорыта келе, облыс тұрғындарының пікірінде, еліміздегі қарттардың жағдайына қатысты бір жақты теріс немесе оң көзқарас байқалмағанын айта аламыз.     

Қорытындысында 4 негізгі проблема анықталды: денсаулықтың нашарлауы, аурулардың өршуі (24%), кедейшілік, төмензейнетақы (18%), жалғыздық (16%) және қоғамға қажетсізбін деп сезіну (15%).   

Қарттық мүгедектіктің немесе аурудың баламасы емес. Кезінде кейінгілер үшін терін төгіп, еңбегін сіңірген қарттарымыз өз қоғамына нақты пайдасын тигізіп, рухани және экономикалық тұрғыда қозғаушы күш бола алады. Қоғамда қарттар үлесінің артуының басты себебі ретінде олардың ұзақ жасауын көлденең тарту жөнсіз. Бұл үрдіске демографиялық қарқынды өсімге қолжеткізе алмау мәселесі әсер етіп отырғанын қаперден шығармау керек.

Қарттардың көп болуы-ел дамуының көрсеткіші. Құрметтей білсең, қарттардың қоғамдағы белсенділігі арта береді.

Қазақ «Қарты бар ел – қазыналы ел» дейді. Олай болса, қазыналы елімізде қарттарды қолдауды қайырымдылық іс қана емес, олардың сапалы өмір сүру құқығын қамтамасыз ету шарасы деп те қарастырғанымыз абзал.

Published in Мақалалар

Қазақ даласы – тарихи-мәдени мұра ескерткіштеріне өте бай. Бұл ескерткіштер қатарында жартас суреттерінің (петроглифтердің) алар орны ерекше. Петроглифтердің көптігі жағынан Қазақ даласы Еуразия континентіндеалдыңғы орындарды иеленген. Мамандар олардың басым көпшілігінЖетісу аймағынан анықтап, зерттеп келеді.  «Есік» қорық-музейі жүргізіп келген ғылыми-қолданбалы жобалар негізінде ғылыми ортаға белгісіз болып келген бірнеше петроглифтер шоғырын анықтаған болатын. Атап айтсақ оның бірі – Қыземшек петроглифтері.

Қыземшек – Есік өзенінің ең биік тау жоталарының бірі. Қыземшек туралы алғашқы деректерді XIX ғасырдағы Ресей зерттеуші-ғалым Семенов-Тян-Шанскийдің жазбаларынан кездестіруге болады.2015 ж. дейін ондағы жартас суреттері тұралы ғылыми орта білмесе керек. 2010 ж. 5 адамнан тұратын қазақстандық туристер петроглифтерді көріп, бірнеше мақала жазады. Кейін әуесқой-археологтар ретінде олар (2017 жылы) кітап шығарады. Алайда мұның бәрі Қыземшек петроглифтерін соншалықты танымал етіп, ете қоймады. Оның себебі авторлар бұл саланың мамандары болмағандығында жатса керек.

Қорық-музей қызметкері А.Г.Чекин 2015 жылы, теңіз деңгейінен 3100 биіктікте, таудың солтүстік жағында әжептәуір кең алқапты алып жатқан,петроглифтер салынған жартылай шым басқан көне қорым тастарын анықтады. Бұл суреттер жоғарыда туристер анықтаған петроглифтер еді.  Міне осы кезден бастап қана Қыземшек петроглифтері археологтар ортасына таныла бастады деуге болады.Тас бетіне қашалған суреттердің(сурет 1) басым бөлігі қола дәуірі мен ерте темір дәуіріне тиесілі. Әдеттегідей олар, ертеде осы аймақты мекен еткен тұрғындардың өзара комуникациясын қамтамасыз еткен құрал, бейнелеу өнер туындылары, сондай-ақдүниетанымы мен наным-сенімдері,тұрмыс-тіршілігі жөнінде хабар беретін бейнелер (сурет 2). 

Бұл шатқалда тек жартас суреттеріғана емес, сонымен қатар қорғандар, ескі кер жол мен теңіз деңгейінен 2900 м. биіктікте арба жүрген көне сүрлеу анықталған. Бұл жол сорабының көнелігін ондағы қорым тастардың күн астында ұзақ жылдар емес, тіпті, ғасырлар бойы жатқанынан аңғаруға болады. Болжам бойынша бұл жол жотадан асып Көкбұлақ асуына әкеледі, одан ары Шелек өзені арқылы Қырғызстанға жалғасады. Бұған негіз болған Шелек өзенінің ортаңғы ағысы өте қатты және таяз өткелі жоғары ағысында болғандығы (Күңгей Алатау тарапында). Ал екінші болжам, биік тау басындағы кен орнының болғанын меңзейді. Кеннің төменге немесе ағаш көмірін жоғарыға, жергілікті жерде балқыту үшін осы жолмен тасымалдануы да ықтимал.

Есік өңірі адам баласына бағзы замандардан жайлы қоныс, құтты мекен болған. Оған дәлел археологиялық ескерткіштер мен зерттеулер. Болашақта Қыземшек шатқалының ескерткіштері тыңғылықты зерттелсе Есік өңірінің тарихының жаңа қырлары ашылуы әбен мүмкін.

 

Асель Амаргазиева Жақслықбайқызы

 «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі

Бас қор сақтаушыcы

Published in Мақалалар

 C 4 по 6 октября  в физкультурно-оздоровительном комплексе (ФОК)  г.Есика состоялся районный чемпионат по боксу среди юниоров. В составе 12 команд  Есикского и Шелекского регионов 51 боксер оспаривал  право на участие в областном чемпионате, который  с 15 по 20 октября пройдет в новом спорткомплексе «Алмалы» г.Талгара.

Боксеров на открытии чемпионата приветствовал руководитель районного отдела физкультуры и спорта Ерболат Сарабеков, который пожелал рыцарям кожаной перчатки упорства и мужества  на пути к победе.

В весовой категории 44 кг чемпионом стал Айдарбек Тайыров  (с.Тургень), в категории 46 кг – Жуман Диас (ФОК), в категории 48 кг – Кудайберген Бекдаулет (Шелек), в категории 50 кг – Кабылда Рамазан (ФОК), в категории 52 кг – Кызырулы Нурбакыт (ФОК), в категории 54 кг – Ахметжан Газизов (с.Балтабай), в категории 57 кг – Бакытнур Олжас  (с.Шелек),   в категории 60 кг – Мирас Пирманов (Жеты Тарлан), в категории 63 кг – Айтнур Ельмурат (Шелек), в категории 66 кг – Тельман Мамедов (Есик), в категории 80 кг – Рус-тем Азизов (Есик).

Командное первенство и Кубок чемпионата завоевала сборная ФОКа. Звание лучшего тренера было присуждено Аркену Даутову (Шелек). Лучшим боксером турнира назван Кабылда Рамазан, воспитанник тренера  Аманжола Чюлембаева, а приз «За волю к победе» отдан Динмухаммеду Абзатову из с.Ащыбулак.

Звание  лучшего арбитра единодушно было отдано Полю Тузиндэ, судье из Уганды. По словам главного судьи отборочного  чемпионата  Тлека Манапа, этот профессиональный арбитр MTK Global по версиям WBC, WBO подписал контракт с казахстанским промоутером «Азия промоушн» и будет судить боксерские бои в Казахстане.

Стоит добавить, что сам Тлек Манап не только судья международной категории АIВА, но и  талантливый тренер. В Енбекшиказахском районе он фактически положил начало развитию женского бокса. Его ученица Макпал Ерболат в составе сборной Казахстана выступает в чемпионате Азии, который сейчас проходит в г.Эль-Фуджейра Арабских Эмиратов. Другая его ученица  Меруерт Конысбай является мастером спорта РК, чемпионкой Универсиады 2019 года.

Благодарность за предоставление кубков и грамот Тлек Манап выражает Е.Сарабекову.  Спонсорами отборочного чемпионата выступили предприниматель из Есика Нургали Момбеков и председатель общественного фонда  «Qaz sport development» Арман Абильдаев.  Поддержка общественными и бизнес-структурами  юношеского спорта создает благоприятную перспективу.       

 

И.ВИКТОРОВ.

Published in Мақалалар

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тарихи құжатқа айналған «Бола-шаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында да: «...Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды» – деп туған жердің қасиетіне ерекше тоқталады. Яғни туған жерге туыңды тігіп, қызмет ету тек жеке бастың емес, мемлекеттік маңызы бар мәселе. Сондықтан рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Туған жер» бағдарламасы іске асырылған болатын. Мақсаты – ел азаматтарының өз туған жеріне қызмет етіп, көмек қолын созуына, сол арқылы ол жердің дамыған елді мекенге айналуына жол ашу. Әрине, оның бәрі туған жерге деген ыстық махаббаты жүрегіне орын тепкен жомарт азаматардың ғана қолынан келетіні шындық. Ондай ақ жүректі азаматтар арамыздан табылатыны қуантады. Сондай жомарт та ақпейіл азаматтардың бірі – Нұрбеков Болатжан Саймасайұлы.

Б.Нұрбеков 1972 жылы Еңбекшіқазақ ауданы, Қ.Ұлтарақов ауылында дүниеге келген. Жастайынан туған жеріне деген махаббаты мен сүйіспеншілігі терең болған ағамыз бүгінде өз ауылының дамуы мен көркеюіне барынша атсалысып келе жатқан азамат. 2007 жылдан бері «Бақай строй» және «Ескене Н-С» ЖШС-нің директоры қызметін атқаруда. Қазір аталған орын жүзге тарта адамға жұмыс беріп, олардың нәпақасын табуына жағдай жасап келеді. Бұдан бөлек бір жарым гектар болатын жылыжай мен 450 орынға арналған «Шашу» мейрамханасы арқылы да мемлекетке түсім түсіріп, жұмыссыздықтың қысқаруына себеп болуда. Әрине, барлығын атап көрсетіп отырғанымыз байлығын санау емес, керісінше іскерлігі мен қаржылық жағынан ұйымдастырушылық қабілетінің зор екенін әйгілеу. Өйткені осы іскерлігінің арқасында мемлекетке 35 миллион теңге көлемінде салық төлеп отырған жайы бар. Ал салық дегеніміз мемлекет пен халықтың қазынасы екені айтпаса да түсінікті жайт.

Б.Нұрбеков тек капиталды жинап қана қоймай, оны ауылдастарының игілігі үшін жұмсауды да қағыс қалдырмаған. Жыл   сайын бірнеше оқушыны түгелдей қамтамасыз етеді. Яғни, олардың киім-кешегі, оқуына керек құрал-жабдықтары мен басқа да қажетті бұйымдарын алып беріп отырады. Сонымен бірге, жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік, көмір алып беруді де өз мойнына алған. Қ.Ұлтарақов ауылында орналасқан Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған орынның да түгелдей жаңаруы осы кісінің қаржысымен іске асырылған. Аудан көлемінде өтетін спорттық додаларда да тұрақты түрде демеушілік көрсетеді. Бұл аталғандар ағамыздың жасап жүрген қайырымды істерінің тек бір бөлігі ғана. Бүгінде халықаралық жолдардың бойында орналасқан ауданымыздың экономикасына өрлеу әкелетін жол үсті қызметін дамыту үшін Б.Нұрбеков бір миллиард теңге көлемінде инвестиция тарту арқылы еліміздің әл-ауқатын көтеруге де өз үлесін қосуда. Мұның бәрі ел болашағы үшін игілікті іс болатыны анық. 2015 жылдан бері «Ауыл» партиясының Еңбекшіқазақ аудандық филиалының төрағасы болып отырған ағамыз өз ауылын да назарынан тыс қалдырған емес. Сонымен қатар аудандық мәслихаттың депутаты мандатын да абыроймен атқаруда.

«Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын» дегендей елі үшін атқарған адал қызметі үшін алған мақтау мен марапаттан кенде емес. Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай аудан әкімінің мақтау грамотасымен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік медалімен, 2017 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлықпен «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігінің «Ауылшаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған. Ең бастысы, туған жеріне көрсеткен көмегі мен жомарттығы атаусыз қалмай Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «25 сауапты іс» номинациясы бойынша облыс әкімі дипломының да иесі атанды.

Жомарттық екінің бірінің қолынан келмейтін сауапты іс. Әрине, байлық жинау, оны ұстап тұру да ең қиын шаруа. Ол үшін адамның бойынан елгезектік пен пысықтық, еңбекқорлық пен ұйымдастырушылық, қабілет пен қарым табыла білуі тиіс. Бірақ оның бәрі жомарт бола алмайтыны тағы бар. Ал жомарт болу үшін ақ пейіл мен кең жүрек керек. Десе де, аталған нығметтердің кез-келген жанға бұйыра қоймайтыны түсінікті. Сондықтан асыл дінімізде де: «Адам өлген соң оның үш амалынан басқасы тоқтатылады. Олар жүріп тұратын садақасы (жол, мектеп, мешіт, көпір салу) пайдалы білім және өзіне дұға ететін салиқалы ұрпақ», – деген хадиске қарап-ақ жомарттыққа үлкен мән берілетінін байқаймыз. Демек, жомарттықтың жолы жеңіл емес. Осындай ұлы жолда сүрінбей, ел игілігі үшін қызмет етіп жүрген Нұрбеков Болатжан Саймасайұлына тек табыс тілейміз.

 

Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ.

Published in Мақалалар
Жұма, 11 Қазан 2019 10:43

Қарттарым – алтын қазынам

Жаңашар ауылдық округінде жылдағы дәстүр бойынша қарттар күні округіміздегі Мәдениет үйінде аталып өтілді.

Әр жыл сайын өткізіліп келе жатқан бұл мерекеге  округіміздің тыл еңбеккерлері және ауылымыздың дамуына ерекше еңбектері сіңген ата-апаларымыз шақырылды. Мерекелік іс-шараны округ әкімінің орынбасары С.Жакежанов құттықтау сөзімен ашты. Сонымен қатар қарияларымызды «Адал» компаниясының директоры Медетхан Игіліков құттықтады. Қарттарға арналған мерекелік концертте мәдениет үйінің өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті.

         Г.Лавьяева,

Жаңашар ауылдық округінің

 жастар ісі жөніндегі

әдіскер-нұсқаушысы.

***

Ақтоған орта мектебінде  «Қарттарым – алтын қазынам!» атты мағыналы шара өтті. Ауылымыздың қарттары Байсултан ата Бөденбаев пен жан-жары  Гулжамал апа Бөденбаева қонақ ретінде шақырылды.

Оқушылар дайындаған концерттік бағдарламадан кейін тәрбиелік мәні бар видеороликтер көрсетіліп, оқушылардың қарттар жайлы жазған эсселері тыңдалды. Қарияларымыз өмір жолында кездесетін түрлі қиындықтар, оларға төзіп, сынбаған адамның ғана бағы жанатыны жайлы балаларға терең түсіндірді. Соңында Байсұлтан атаның батасы мен тілектерін тыңдап, марқайып тарқасты шараға қатысушылар.

 

Гузель Мансурова, Ақтоған орта мектебі.

«Қарттарым – асыл қазынам» атты кеш ұйымдастырылды Талдыбұлақ орта мектебінде. Оған ауыл ақсақалдары, әжелер, ардагер ұстаздар, ауыл тұрғындары қатысты. Оқушылар  ән салып, өлең оқып, мың бұрала би билеп көрерменнің көңілінен шықты. Қаракемер мәдениет үйінің қызметкерлері  Ұ.Қали мен Ж.Баракбаев қарттар мен ұстаздарды құттықтап, әннен шашу шашты. Ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Әукен ата батасын беріп, ардагер ұстаз, алтын құрсақты ана Жұпаркүл апай оқушыларға шынайы ризашылығын білдіріп, өмірде үлкен табыс тіледі.

 

А.Сабаншиева,

Талдыбұлақ орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Қырбалтабай мәдениет үйінде «Қарты бар үй – қазынасы бар үй» атты ауылымыздың қазыналы, өнегелі қарттарымен кездесу кеші өтті. Қарттардың құрметіне мәдениет үйінің өнерпаздары ән салып, арнауларын айтып, көңілдерін аулады. Ауылымыздың қариялары жастарға өнегелі өсиетін айтып, батасын берді. 

Ұлан Оразбайұлы,

Қырбалтабай мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі.

***

Х.Абдулин атындағы орта мектебінде  де «Қарттарым – асыл қазынам» атты кездесу мерекесі өтті.  Бұл мерекеге Ташкенсаз ауылының 62 қариясы шақырылды. Ташкенсаз селолық округінің әкімі Эльвира Масутова қарияларымызға денсаулық тілеп, арамызда аман жүрулерін тіледі. Сонымен қатар,  мектеп директоры Салтанат Темірбекова келген қонақтарға жылы лебізін білдірді. Қарттар атынан сөз алған Усупжан Таипов атамыз мектеп ұжымына және ауыл әкімшілігіне қарттардың ризашылығын білдіріп, жас жеткіншектерге батасын берді. Мереке соңында қазыналы қарттарымызға ауыл тұрғындары және әкімдікпен қоса мектеп ұжымынан арнайы сый-сияпаттар таратылды.

        С.Кошиева.

 

Published in Мақалалар
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет