Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2020 10:50

"Ашық әкімдік" ашылды

"Ашық әкімдік" ашылды mezet.kz

Аудандық әкімдік ғимаратында аудан әкімі Қуанышбек Қашқымбаевтың бастамасымен «Ашық әкімдік» жұмыс істей бастады.

Бірінші қабаттағы кең фойеде аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің: білім, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдері, сондай-ақ аудандық жұмыспен қамту орталығының жауапты мамандары мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.

«Ашық әкімдік» аудан тұрғындарының қажетті құжаттарын жинақтауға ыңғайлы болу үшін құрылды. Яғни барлық бөлімдердің мамандарын бір жерге топтастырып, тұрғындардың арлы-берлі жүгірмеуіне жағдай жасалып отыр.

Сондай-ақ eGov.kz өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы да қарастырылған. Онда кез келген азамат электронды мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алады. Қажет болса, арнайы мамандар да бірден көмекке келеді.

Мүмкіндіктері шектеулі жандар үшін де мұнда барлық жағдай қарастырылған. Пандус, шақыру батырмасы, көру қабілеті төмен адамдарға арналған тактильді жолдар және арнайы белгілер ұйымдастырылды.

«Ашық әкімдік» кішкентай балақайларды да назардан тыс қалдырмады. Ата-аналары құжаттарын толтырып жүргенде балалардың алаңсыз ойнап алуына жағдай жасап, ойын бұрышы жабдықталған.

Б.Керімбеков,

аудандық әкім аппаратының басшысы

 

Read 77 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет