Жұма, 29 Мамыр 2020 10:47

Індетпен күрес жалғасуда

Төтенше  жағдай басталғалы бері көрмеген жақсы танысым кездесе  кеткенде құшағын жая  ұмтылып, төс қағысып қауышып жатыр. Төтенше жағдайды мемлекет басшылығы тоқтады деп жариялағанымен індеттің  тоқтамағанын, карантиннің аяқталмағанын білетін мен танысымның  құшағынан сытылып шығып, шегіншектей беріп едім, ол кеп кейісін патшағар: «Жел сөзге еріп достарыңнан жерінейін дедің бе? Төтеншеден  өтенше болғалы он күн болды ғой. Неменеге бәлсініп қалғансың?!»

Түсіндіруге тырысып жатырмын танысыма: «Індетті жұқтырғандар  саны  көбеюде. Қолымызды кеудеге қойып сәлемдессек те сағынып көріскенімізді білдіре аламыз ғой».

Танысымның аптығы әрең басылды: «Е-е, қайдан білейін – Үкіметтің қаулысы шығысымен  індет басыла қалады ғой десем».

Сол  аты жаман  ауруды  жұқтырғыш  пәлелерің үкіметті   тыңдамайды екен, – деп орынсыздау әзілмен аяқтадым ыңғайсыздықты.

Автокөліктің майын ауыстыруға техникалық жөндеу орталығына бардым. Ешкімде бетперде де жоқ. Залалдандыру сұйықтығы да, сақтық шаралары туралы жарнама, плакаттары да  жоқ.

Төтенше жағдай мемлекеттік деңгейде неге   тоқтатылғанын да түсіне білу керек қой. Кәсіпорындардың, қызмет  көрсету орындарының бір күн болса да тоқтап тұрғаны  қып-қызыл шығын, кәсіпкердің табыс көзінің  жабылуы, бюджетке қаржының  түспей  қалуы.

Қарапайым ғана мысалдың өзі  бүкіл еліміздің экономикасы, қаржылық-шаруашылық жағдайы сол еліміздің, халқымыздың денсаулығына  байланысты. Халық денсаулығы әрқайсымыздың  деніміздің саулығынан құралады. Олай  болса қанша  сағынып көріссең де достарыңмен, туыстарыңмен  жүрек  тұсына  оң қолыңды қойып ыстық сөздермен дәстүрлі сәлеммен  сәлемдескен абзал. Бертпердеңді,  маскаңды көпшілік шоғырланған жерде         тастамай жүр. Қолыңды жиі  жуып  жүр. Сақтықта қорлық жоқ! Ал жиындарға келсек, ресми  жиналыстар онлайн  режимге көшіп алған. Той-томалақ  басқа да  адами тіршіліктерді кейінге қалдыра  тұрсақ, өзіңізге  де, қоғамға да  көп пайдасы бар. Денсаулық сақтау тұрғысынан індетті  жұқтырмау жағынан! Оны таратпау талабынан.

 

Қ.Қасымұлы

Read 87 times

Күнтiзбе

« Тамыз 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет