Дүйсенбі, 07 Қазан 2019 09:40

Ауыл тарихы – ел тарихы

Ауыл тарихы – ел тарихы mezet.kz

Тескенсу ауылының 90 жылдық мерейтойы аталып өтті. Бұл той тек Тескенсу ауылы тұрғындарының ғана емес, жалпы аудан үшін айтулы мереке болғаны анық. Аудан әкімінің өзі қатысып, алыс-жақындағы талай ағайынның басын қосқан дүбірлі тойдың қызығын елмен бірге көріп қайтқан болатынбыз.

Тескенсу ауылы 90 жылдық тарихы небір сырлар мен сындарға толы шежіре секілді. Осы бір ұзақ тарихында сұрапыл соғыс жылдарын да, қуғын-сүргін мен ашаршылықты да, мұңға толы тауқыметті де, түрлі машақатты да басынан өткерді. Бүгінде соның бірін көрмегендей бар сырын ішіне бүгіп үнсіз ғана мызғып тұрғандай көрінеді кейде. Иә, Тескенсудың тарихы – еліміздің тарихы. Өйткені тарихтың үлкен-кішісі болмайтыны заң-дылық. Сондықтан аталған той бар қазақ баласы үшін де үлкен маңызға ие.

Дүбірлі тойға жиналған халықтың да қарасы қалың. Әйтеуір бәрінің жүзінен қуа-ныш пен таңданыстың белгісі менмұндалап тұрғанынан-ақ бұл тойға үлкен бір дайын-дықпен келгенін байқайсың. Ашық аспан астына бірнеше қазақ үй тігіліп, арнайы сахна да құрылған. Әуелеген ән, күмбірлеген күй ойнап үнсіз далаға жан бітіп, жаңа бір кейіпке енгендей. Осы бір қуанышты тұрғындармен бөліскен аудан әкімі Б.Ысқақ барша тойға жиналғандарды мерекесімен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді.     Тескенсу ауылының 90 жылдық тарихында осындағы еңбек адамдарының көрсеткен қажыр-қайраты мен  еткен еңбектерінің маңызын тілге тиек етіп, ауылдың аудан экономикасының дамуына қосып отырған үлесінің зор екенін атап өтті. Осы тойдың барысында спорттық шаралар мен бәйге, кокпар секілді ұлттық ойындар да өткізіліп, тойдың салтанатын асыра түсті. Жалпы аталған той ауыл тұрғындарының жиі еске алып тұратын әдемі естелігіне айналғаны анық.

Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ.

Read 26 times

Күнтiзбе

« Қазан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет