Дүйсенбі, 09 Қыркүйек 2019 14:42

Акция Түргенде жалғасуда

Акция Түргенде жалғасуда mezet.kz

Түрген ауылдық округінде «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңдарының талаптарына сәйкес сауатты жазылуын тексеру мақсатында «Тіл тазалығын сақтайық!» акциясы жүргізілді. Түрген ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен округіміздегі халыққа қызмет көрсету нысандары тексеріліп,  жеке кәсіп-керлерге әдістемелік көмек көрсету жұмыстары іске асты. Шара барысында Қ.Құлмамбет көшесі бойында орналасқан мейрамханалар мен асханалар, дүкендер, автобөлшек сататын дүкеншелер иелеріне «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының 21-бабы талаптарын түсіндіріліп, барлық ақпарат жазылған парақшалар мен сөздіктер таратылды.

Сондай-ақ, акция барысында нысан иелеріне заң бұзушылықтарды түзетуге тамыз айының соңына дейін уақыт берілгенін және де белгіленген мерзімде түзетілмеген жағдайда Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық-бұзушылық туралы» кодексінің 75-бабына сәйкес әкімшілік шара қолданылатыны туралы ескертілді.

 

Түрген ауылдық округі

әкімі аппараты

Read 112 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет