Бейсенбі, 01 Маусым 2017 11:15

Көңілдің гүлі, көздің нұры!

Округ әкімінің орынбасары Мәди Бектасов алаңға жиналған  жұртты ел болашағы балалар күнімен құттықтап, қамқоршысынан айырылған, мүмкіндігі шектеулі, жағдайлары нашар отбасылар-дың балаларына балмұздақ, түрлі тәттілер таратты. Өнерлі бүлдіршіндердің әр ұлт тілінде ән айтып, биленген билері тамашаланды.

Баршамызды бал тілімен баурайтын,

Бала деген бір бақыт қой  жайнайтын.

Ата-ананың арманы мен тілегін,

Бала емес пе бал-бұлақ боп жалғайтын, – демекші, «Бәйтерек» балабақшасы педагогтары мен бүлдіршіндерінің осы мерекеге орай бір жылдық шығармашылық концерті болды.

Адам өміріндегі ең үлкен бақыт – ұрпақ тәрбиелеу десек, сол тәрбие мен білімнің қандай деңгейде екені осы  шарада көрініс тапты. Бүлдіршіндер балабақшада алған тәлімі мен үйренген өнерін тамашалатты. Бал тілімен баршаны баурап, олар «Әдемі-ай», «Егемен ел – Қазақстан», «Ай дидарлы анашым», «Қошақаным», «Катюша», «Привет лето» тағы басқа әндерді орындаса, әскери, түрлі маманның, ұлттық киімдер киіп, «Домбыра», «Танец с колесами», «Көктем шуағы», «Теңізшілер», «Аспазшылар» билерін мың бұрала билеп, Мұқағали, Абайдың өлеңдерін жатқа оқыды. Педагогтар болса Құрманғазының «Балбырауын» күйін күмбірлетіп, хормен «Өз елім» тағы басқа патриоттық әндерді асқақтатты.

Концерт соңында бір жылда аудан облыс, республика бойынша қол жеткізген жетістіктері аталып өтті. Тәрбиеші – педагогтардан Салтанат Қондыбаева «Біз бейбітшілік үшін», Айгерім Анисова «Қыс ғажайыптар мерзімі», Парида Байғожаева «Наурыз – көктем», Мадина Отарбаева «Тәуелсіздік тұғыры биік»,  Күлзия Малжанбаева  М.Мақатаевтың туған күніне орай «Жырлайды жүрек» республикалық байқауларда бүлдіршіндері жеңімпаз, жүлдегер атанғаны үшін диплом, алғыс хаттармен марапатталса, облыстық аудандық байқау, сайыстары өзі өз алдына бір-бір төбе. Қысқасы, Шығармашылық концерт жоғары деңгейде өтті.

Туа аурушаң болып арнайы балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан  мекемеде де бұл мереке ерекше аталып өтілді. «Тұсаукесер» рәсімі жасалып, ән айтылып, би биленді, Округ әкімдігі бүлдіршіндерге арнап, түрлі ойыншықтар сыйлады.  Сөйтіп, бар жақсылық бұл күні балаларға жасалды.  Өйткені:

Тәуелсіздік  ел арманы аңсаған,

Ер бабалар терін төккен, шаршаған.

Бүгін міне, бар әлемге танылған,

Қазақ елі үміт артам мен саған, – деп алдыңғы аталар мен ағалар жолын қуып, өсіп келе жатқан бүлдіршіндер –  еліміздің болашағы.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 1849 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Көңілдің гүлі, көздің нұры! Сарыарқа төсіндегі салтанат »

Соңғы жаңалықтар

Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Тустукбаев Бағлан Ахихатұлы, 1989 жылы 7 сәуірде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Әділхан Азамат Әділханұлы, 1993 жылы 11 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келдім.…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен Тойғанбеков Бақберген Бауыржанұлы 1988 жылы 21 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет