Жұма, 27 Желтоқсан 2019 10:07

Әсерлі кештен әдемі әңгіме

Жаңа жыл – өткенді таразылап, тың идеямен болашақты бағамдайтын жауап сәт. «Кешегі күн – бүгінгі тарих» демекші, еліміздің, әрбіріміздің өмір өткелімізде доңыз жылы табысты қолтаңбасын қалдырғаны ақиқат. Өткен күнге өкпе жоқ, келер күннен жақсылыққа үміт мол. Өнер әлеміне алты жасынан қадам басқан Нұртас Қайратұлы үшін де 2019 табысқа толы болды. Оған дәлел жыл аяқталуына небәрі он бір күн қалғанда, яки 20 желтоқсанда көптен күткен жеке шығармашылық концертін берді Т.Молдағалиев атындағы мәдениет үйінде. 400-ден астам көрермен алдында жанын салды, барын салды жас әнші. Сөйтіп, жерлестерінің жүректерін әнмен әлдилеп, ақ батасын алды.

Шоу концерт форматында өткен кеште лэд-экран, түрлі-түсті жарықтар шараны әсерлендіре түсті. Арнайы сценарий бойынша бес блоктан тұрған концерттің «әліппесінде» әнші өзінің ең алғашқы әндерін тыңдармандар таразысына ұсынды. Екіншісінде, қазақтың ұлттық аспабы домбырамен әуелетті. Сөйтіп, қолына алғаш домбыра ұстатқан марқұм әкесінің құрметіне «Әке» әнін тарту етті. «Ана», «Тәтті арман» әндері арқылы көпшіліктің ыстық ықыласын арқалады. Үшінші блокта әр ұлттың тілінде ән шырқаса, төртіншісінде, су жаңа әндерінің тұсауын көрерменмен бірге кесті. Ал концерт соңында халық арасында кеңінен танылған әндері арқылы залды би алаңына айналдырды.

Сол секілді кеш қонақтары Мұхтар Ханзада, Нұрсұлтан Нұрбердиев, Нұрсұлтан Назирбаев та көрермен көңілін көкке өрлетіп тастады.

Бірнеше әріптестеріміздің кештерінде қонақ болдық. Ән салдық. Бірақ, мұндай жайдары тыңдарман табу қиын. Нұртас бауы-рымыздың кешіне келіп таң-тамаша болып отырмыз. Үш сағат тапжылмай концерт тыңдау тек талғамы биік тыңдарманның қолынан келеді. Біз де осындай жайдары жандарды көріп бір емес, үш әннен шырқадық. Әлбетте, өнерді шын бағалап, құрметтеген көрерменнен айналмайсыз ба! – дейді жан сырын жасыра алмаған Мұхтар Ханзада.

Өз ауданымда, өзім еңбек етіп отырған мәдениет ордасында осындай кеш беруді мен қанша армандадым десеңізші. Аллаға шүкір сол арманыма жеттім. Бірақ мұнша көп көрермен келеді дегенге сенбегенім рас. Өйткені, қаншама азулы әншілер келіп, жарты залмен қанағаттанып кетіп жатқанын көзімізбен көріп жүрміз ғой. Қуанышымда шек жоқ. Қанша үлкен сахналарда ән салдық. Бірақ, бүгінгідей қобалжып көрмеппін. Жеке кешім болғандықтан ба, жауапкершілік жүгі ауыр екен. «Көш жүре түзелетіні» секілді тәжірибе де осылай толысады ғой. Кешке арнайы уақыт бөліп келген барша көрерменге мың алғыс – дейді Нұртас Қайратұлы.

Әлбетте, жастар жылында өткен бұл концерт жарқын сәттердің бірі болып тарих парағына енді. Аудан тарихын жаңа қырынан жаңғыртқан өнер кешінің тыңдармандары да дән риза. Үш сағат тапжылмай отырып, көңілді күймен қайтты. Ендеше, өткен жылдың соңғы сағаттарын әнімен әрлеген Нұртас жаңа күннен не күтеді:

Адамда арман таусылмайды ғой. Ендігі мақсатым – жаңа әндерді жарыққа көптеп шығару. Осынау тыңдармандарымның талап-үдесінен шығу үшін аянбай еңбек ету. Әрі үлкен-үлкен ән додаларында өз бағымды сынау. Бұл шығармашылық жолдағы жоспарым болса, жеке өмірде анамның қос қанаты болатын келін түсіруді де ойлап жүргенімді жасырмаймын. Бас-тысы, мақсат қою мен оған жету үшін талаптану, берекеті – Алладан болады.

«Еселі еңбек еленбей қал-майды, еңбек еткен шаттыққа кенелмей қалмайды» дейді дана қазақ. Жаңа жыл, жаңа күнге тың серпінмен қадам басып, тынымсыз төккен маңдай тер – толағай табыс әкелсін дейміз біз де.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА

Оқылды 1507 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ұлы Абайдың еліне тағзым Кітапханашылар марапатталды »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет