Дәл осылай қазақ келешегінен зор үміт күтетін, бойында қандай да бір қабілет, тулаған талант барын таныған соң айтқан. «Бұлақ көрсең көзін аш» деген дана сөзге сүйеніп, ондай өренді жастайынан баптап, келешегіне жол сілтеп отырған. Шынашақтай ауылдың қара домалақ қара баласы Дәурен Сәрсембаев та өзіндік дарынымен ел аузына іліккен жастардың бірі болды. Бақай тауының бөктерінде 1988 жылдың наурызында өмір есігін ашқан Дәурен жас кезінен-ақ «көмейі-не бұлбұл ұялаған», әнші бала атанды. Әкесі Әуесханның «күміс көмейі» домбыраны қолына алып, өз бетінше талпынып, кейін…