Жұма, 27 Қараша 2020 15:15

Сақтансаң, сақтайды

Сақтансаң, сақтайды Сурет интернеттен алынды

Биылғы жылыту маусымында аудан аумағында 26 өрт оқиғасы тіркелген. Осылай деген төтеншеліктер үйді жылыту кезінде қауіпсіздік техникаларын қатаң сақтауды ескертеді.

Өрт – тілсіз жау. Әсіресе, қыс мезгілінде тұрғын үйлерде болатын төтенше жағдай бүгінгі күнде тыйылмай тұр. Негізгі себеп – пештің дұрыс тазаланбауы және қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы. Тұрғындардың немқұрайлығы кейде қайғылы оқиғамен аяқталып жатады. Осының алдын алу мақсатында 15 қазаннан бастап аудандық төтенше жағдайлар бөлімі Есік қаласындағы №6 өрт сөндіру бөлімінің және Шелек ауылындағы №25 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлерімен бірлесе бекітілген кесте бойынша аптаның әр күні ауданымызда орналасқан тұрғын үйлерді аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратуда. Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы азаматтық қорғау майоры Рахман Кәрімжанның сөзінше, бөлім қызметкерлері 12 мың 600 үйге барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Сонымен қатар, адамдар көп шоғырланатын сауда орындарында, базарларда, мектеп оқушылары арасында өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтау бойынша түрлі акциялар ұйымдастырылуда.

Биыл облыс аумағында 1220 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 5,6 пайызға төмен. Оқыс оқиғадан келген шығын көлемі 73 миллион теңгені құрайды. Өкінішке қарай, 26 адам қайтыс болған. Жоғарыда тіркелген фактінің 20 пайыздан астамы пеш жағу кезінде өрт қауіпсіздігінің сақталмауынан орын алған. Айта кетейік, облыс аумағында 386 мың 870 тұрғын үй тіркелсе, оның 65 пайызы қатты отынмен жылынады. Тексеру кезінде 11 мың 203 қауіпсіздік ережелерін бұзған тұрын үй анықталған. Осыған орай, облыс бойынша түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бүгінгі күні аудан орталығымен қатар бірнеше ауыл көгілдір отынға қосылып, тұрғындардың тұрмысы жеңілдей түсуде. Бұл орайда, пештен келетін қауіп пен иіс тиіп улану фактілері де айтарлықтай азаюы мүмкін. Бұл сұраққа Рахман Кәрімжанұлы өз ойын білдірді:

– Негізінен, сұйық отынмен де, қатты отынмен де жанатын пештер адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. «Өрт – тілсіз жау» – деген мақал бекер айтылмаса керек. Алайда, салыстырмалы түрде сұйық отынмен жанатын пеш қауіпсіз болып саналады. Өйткені, аталған пештерді арнайы мамандандырылған қызметкелер орналастырып береді әрбір тұрғынға. Қауіпсіздік техникалары қатаң сақталып, ережелері түсіндіріледі. Сонымен қатар, ол пештерді іс қосу мен қызмет көрсету арнайы маман тарапынан жүзеге асады. Ал көмірмен жылынатын пештерді тұрғындар өздері қойып, тіпті, стандартқа сай келмесе де пайдаланып жатады. Сондықтан, мұндай тұрғын үйлерден келетін қауіп жоғары. Дей тұрғанмен де, барлығы өзіміздің қолымызда. Қауіпсіздік техникаларын қатаң сақтап, пешті үнемі тазалап тұруымыз керек – дейді Рахман Кәрімжан.

Рас, қазіргі таңда азаматтардың немқұрайдылығынан оқыс оқиғалар орын алып жатыр. Үйде от жағу кезінде жеке сектордың тұрғындары пеш жабдықтарын пайдалануда ерекше мұқият және тиянақты болуы керек. Жылыту маусымының алдында пештердің өртке қарсы жай-күйін тексеру, улы газбен улану жағдайларын болдырмау үшін жарықтарды бітеу және мұржаларды күйеден тазарту қажет. Және де жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмау керек. Осылай деп ескерткен төтеншеліктер «Сақтансаң, сақтайды» – деген халық даналығын естен шығармауды сұрайды.

Сардарбек НҰРАДИН

Оқылды 1347 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Қайта жаңғырған ескерткіш Елбасы және Қазақстан ғылымы »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 17, 2024

Горнодобывающий сектор – стимул для…

Вольфрам входит в первую десятку редких металлов, незаменимых в современном промышленном…
Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…
Сәу 15, 2024

Жанаргуль НИЕТАЛИЕВА,…

Тургенский филиал Иле-Алатауского ГНПП такие акции с участием школ Тургенского сельского…
Сәу 15, 2024

Алматы облыс әкімі Марат…

Облыстағы аталған бағыт аясында Жамбыл ауданындағы «Жамбыл Жабаев» мұражайы, «Таңбалы»…
Сәу 11, 2024

Аманаттықтар көмек қолын созуда

Алматы облысында су тасқыны болған өңірлерге көмек жинау қызу жүріп жатыр. Игі бастамаға…
Сәу 04, 2024

Ұлт саулығына төнген қатер

Денсаулық – бірінші байлық. Сондықтан саламатты өмір салтын ұстанып, деннің сау болуына…
Сәу 04, 2024

Әлеуетті мекеннің өрісі кең

Ауданымыз жер көлемі мен ел көлемі бойынша алдыңғы қатарда екені белгілі. Соған сай…
Сәу 04, 2024

Сатираның сардары

«Адамгершілігі жоқ қоғамның сатиригі хайуандар туралы мысал жазады. Уот тәк!» – деп…
Нау 29, 2024

Көктерек қашан «ауыл» болады?

Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет