Жұма, 27 Қараша 2020 11:17

Қайта жаңғырған ескерткіш

Өткенге тағзым жасау – өресі биік өсер елдің қарекеті. Осындай көргенді елдің ардақтылары бас қосып, Ақшидегі ұлы Отан соғысында қаза болған майдангерлерге арналған ескерткішті абаттандырды. Бұл қадамды биылғы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына қосқан үлесіміз деп біледі ақшиліктер. Жуырда салтанатты ашылуы өтті.

Карантин жағдайына байланысты шағын форматта ұйымдастырылған салтанаттың ашылуына округ әкімі С.Айтбаев қатысып құттықтау сөзін жеткізді. – Сұрапыл соғысқа ауылымыздан 130-ға жуық жауынгер қатысып, 63-і елге аман оралған еді. округіміздің гүлденуіне өз үлестерін қосып, бейбіт заманды көріп өмірден озды. Міне, мемориалдың жаңартылуы да ерлікке тағзымның көрінісі. Бұл ескерткішке 132 майдангердің есімі қашалып жазылды, – дей келе игі іске ұйытқы болған округ ақсақалдар алқасының төрағасы Тұрғанбек Жұмағұловқа алғыс білдірді. Әлбетте, жақсының жақсылығын айту парыз.Себебі, жомарт жандар жиылып, жалпы саны 4 млн 880 мың теңгеге абаттандыру жүргізген. Осы ретте сөз сөйлеген Тұрғанбек Жұмағұлов:

– Ескерткіштің басталуына қолдау білдірген кәсіпкерлер Жақыпжан Мұсақұлұлына, Мұрат Омаровқа, Евгений Еременкоға, Бөкен Тікелдиевке, ауыл азаматтары Серік Карибаевқа, Ерлік Тамашаевқа, Серік Мұхамеджановқа, ақсақалдар алқасының мүшелері Мәулен Құдабаевқа, Тілеуғазы Жақыповқа тұрғындар атынан алғыс білдіремін, – деді.

1974 жылы салынған бұл ескерткіштің еңсесі тұралап қалғантын. Бүгінде айналасы абаттандырылып, мемориал тасы жаңаланды. Тіпті, мәңгілік алау да қойылған.

Салтанатты лента қию рәсімін ауыл ақсақалдары кесіп, гүл шоқтары қойылды. Кейіннен батыр бабалар рухына құран оқылды.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА

Оқылды 739 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Малыбай ауылдық округінің сайлаушылары! Мен, Бектасов Мәди Мәдиярұлы 1982 жылдың…
Сәу 17, 2024

Горнодобывающий сектор – стимул для…

Вольфрам входит в первую десятку редких металлов, незаменимых в современном промышленном…
Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет