Жұма, 27 Қараша 2020 09:51

Қоршаған ортаға құрметпен қарау – адамгершілік белгісі

Соңғы онжылдықта туризм үздіксіз дамып, әлемдік экономиканың ең қарқынды өсіп келе жатқан секторларының біріне айналды. Бүгінде еліміздің туристік саласын дамытудың 2019 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қабылдады. Оның міндеттері ретінде ішкі және сыртқы туризмді, өңірлік мәдени-туристік кластерлерді дамыту басты бағыт іретінде қаралады. Қазір ауданымызда өңірлік туризмді өркендету үшін барлық қажетті мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдайлар жеткілікті. Сонымен қоса қазір аудан көлемінде жергілікті туристік ортаның имиджін қалыптастыру және тартымдылығын арттыру бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

Жақында аудандық балалар мен жасөспірімдердің туристік және экскурсия орталығында «Мектептердегі туристік-өлкетану үйірмелерін ұйымдастырудың ерекшеліктері» атты семинар өтті. Аталған семинарға спорт және туризм академиясы мен аталған орталықтың мамандары, мектеп мұғалімдері қатысты. Семинардың беташар сөзінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бекзат Несипкулова орталықтың өткеніне тоқталып, оның  еліміздегі туристік саланың  дамуына  қосқан зор тарихи үлесін сөз етті. Ол осы жолғы семинардың мектептерде туристік-өлкетану бағытындағы үйірме сағаттарын тиімді ұйымдастыруды үйрету, болашақта өтетін түрлі жарыстарға оқушыларды қызықтыру мақсатында қолға алынып жатқандығын тіліне тиек етті. Жалаң қолмен жауға шаба алмайсыз, сол сияқты туристік жорыққа да жарақ-жабдықсыз шыға алмайсыз. Сондықтан кәсіби мамандар семинарға қатысушыларға ең алдымен туристік жеке және топтық құрал-жабдықтарды таныстырып, оны қалай тиімді пайдаланудың жолдарын  үйретті. Онан кейін қатысушыларға байлам түрлері, оны  жорық үстінде қалай кәдеге жаратудың қыр-сыры көрсетілді. Семинарға қатысушылар да түрлі байлам түрлерін пайдалануды сынап көрді. Сонымен бірге, от жағудың, шатыр тігудің, туристік өткелдердегі түрлі кедергілерден өтудің теориялық мазмұндары түсіндіріліп, практикалық әдістері көрсетілді. Өзен кешіп, тау асқанда қауіпсіздік бәрінен де маңызды. Сол себепті, семинарға  қатысушыларға туристік жорық кезінде түрлі қауіпсіздік ережелерін сақтау жайында жан-жақты мағлұматтар берілді. Қатысушылардың зор ынта танытқаны  соншалық олар мамандардан  үйренген түрлі әдіс-тәсілдерді  іс жүзінде  сынап көрмекке арнайы жарыс ұйымдастырды. Жарыста бақ сынағандар  көкейге тоқығандарын әйгілеуге, бар қарым-қабілетін көрсетуге тырысты. Семинарға қатысқан мұғалімдер өздерінің  туристік жорыққа қатысты көп мағлұмат алғандарын, алда туристік үйірмелерге белсене атсалысатындықтарын айтты.

Шара соңында қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Бұл ретте, Бекзат Несипкулова: «Біздің орталықты жергілікті билік құрлымдары жазғы лагер ретінде қарайды. Бірақ біз мектеп оқушыларын мәдени экскурсия мен туристік жорықтарға ұйымдастыратын кешенді орталықпыз. Сондықтан да ауданымыздың туристік әлеуетін арттыруға, жастарды елін, жерін сүюге насихаттауға барынша үлес қосқымыз келеді. Қазір мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауын іске асыру жөніндегі «Туған өлкем – мақтанышым» тақырыбында аудан мектептерінде туризм, экология және өлкетану жұмыс-тарын жүргізу мақсатында кешенді іс-шаралар жоспарын әзірлеп отырмыз. «Туған жердің қадірін жортқан білер», – демекші, біздің жас ұрпақ туған даланың  көркіне көз салып өскенде ғана, мекенсүйгіш бола түспек. Бүгінгі шара сол игі істің басы ғана. Біз алда балаларды отансүйгіштікке тәрбиелейтін, тарихи, мәдени құндылықтарды насихаттайтын көптеген іс-шараларды ұйымдас-тырмақпыз. Ойға алған іс көп, оның үдесінен шығу үшін өңіріміздегі барлық мектептерді біздің орталықпен бірлесіп ауданымыздың туризм  саласын ортақ өркендетуге шақырамыз»,  –  дейді.

Шараға қатысқан спорт және туризм академиясының мамандары да   Есік қаласында туризмді дамытудың мүмкіндігі зор екендігін, өйткені мұнда көрінісі  көркем жерлердің көптігін, сонымен бірге алып шаһарға жақындығын айтады. Олардың сөзінше, өңірлік туризмді дамыту үшін кәсіби мамандарды даярлау мен базаны нығайтудың маңызы зор. Туризмді дамыту ауданымыздың түлеуіне жол ашпақ.

 

Ерзат АСЫЛ

Оқылды 843 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет