Бейсенбі, 26 Қараша 2020 16:16

Қаражотадағы қордаланған түйткілдер

Қаражотадағы қордаланған түйткілдер mezet.kz

23 қарашада  аудан  басшысы   Қуанышбек Қашқымбаев  іс-сапармен Қаражота ауылдық округіне барып, өңірдің  әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысып қайтты.

Бұл аудан әкімінің аталған округке тұңғыш сапарлауы. Округ тұрғындарының айтуынша, тәуелсіздіктен бері ешбір аудан басшысы бұл аймақты көзден кешіріп көрмепті. Сондықтан да тарихи сапарда талай  түйткілді мәселе талқыға салынды. Аталған ауылдағы емхана, мәдениет үйі, мектеп сынды әлеуметтік нысандарды көріп, ондағы кей жұмыстардың жүйесіне көңілі толмаған Қуанышбек Қалиұлы округ әкімі Ерік Рахымбевқа  сын айтты.

Әлеуметтік нысандарды аралағаннан кейін аудан әкімі Қаражота ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектепте округ тұрғындарымен жүздесті. Онда Қуанышбек Қашқымбаев  округ әкімінің осы күнге дейін атқарған жұмыстарымен танысып, шалағай жасалған істердің  пысықталуын ескертті. Ал аудан әкімімен жүздескен ауылдық округтің ақсақалдар алқасы мен қоғамдық кеңес мүшелері өңірдегі ең өзекті мәселелерді ортаға салды. Олардың айтуынша, тұрғындар әлі күнге дейін сапалы ауыз сумен қамтылмаған. Тозығы жеткен инфрақұрылымдар қайта жаңартылмаған. Ақтоған мен Сарыбұлақ ауылдарындағы апатты жағдайдағы мектептер күрделі жөндеуден өтпеген. Ауылдардың жарықтандырылуы да мәз емес. Ауыл тұрғындарының мал өсіруіне қажетті жайылым жер жетіспейді. Сонымен қоса, ауыл ақсақалдары күнделікті өмірдегі өзге де өзекті мәселерді аудан басшысының назарына ұсынды. Көптің көкейіндегі көп түйінді тыңдаған аудан әкімі округ әкімі  Ерік Рахымбевқа осы мәселерді жедел шешу жөнінде тапсырма берді. Бұл ретте, Қуанышбек Қашқымбаев: «Қазір заман өзгерді. Ауыл әкімдерінің жұртпен етене жұмыс жасайтын кезі жетті. Ауыл – алтын бесік. Оны әсте қараусыз қалдыруға болмайды. Мұнда  сіздермен жолығып көп мәселеге көз жеткіздік. Оның бәрін назардан тыс қалдырмаймыз. Әйткенмен, бәрін шешуге уақыт қажет. Мен  сапалы ауыз сумен қамдау, медициналық қыз-ет көрсету, жарықтандыру, полиция қызметі, жайылымдық жер беру сынды мәселелерді шешу үшін аудандық жауапты мекемелерге тиісті тапсырма беремін. Сіздердің өтініштеріңізге сай әлеуметтік нысандарды салу мен жөндеуге бюджеттен қаржы қарастырылады. Амандық болса, көктемде түрлі мекеме басшыларын ертіп осында тағы келемін. Біз елдімекендерді көркейту жолындағы тың бастамаларды қолдауға дайынбыз. Қазіргі індет жағдайында халықтың өмірі бәрінен маңызды. Сондықтан түрлі санитарлық талаптарды естен шығармаңыздар. Біз бүгінгі қиын-қыстау кезеңнен аман өтіп, сіздермен жақсы күндерде жолығатын боламыз»,  – деді.

 

Ерзат АСЫЛ

Оқылды 855 рет

Соңғы жаңалықтар

Нау 29, 2024

Көктерек қашан «ауыл» болады?

Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…
Нау 29, 2024

Аудан әкімі тағайындалды

Кеше аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХІХ сессиясында аудан әкімі лауазымынаТалғат…
Нау 29, 2024

Межелер пысықталып, жоспарлар…

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы…
Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет