Бейсенбі, 26 Қараша 2020 15:37

ШЕТЕЛДЕН НӘПАҚА табудың несі айып?

ШЕТЕЛДЕН НӘПАҚА табудың несі айып? Сурет интернеттен алынды

 Адамзат өркениетіне өшпес із қалдырған көшпенділер өмірі тарихтың қойнауында қалды. Алайда бүгін жаһандану үдерісіне сай жаңаша сипаттағы көшпенділер шоғыры қалыптасты. Олай дейтініміз, сатистикалық мәліметтерге жүгінер болсақ, жердегі 7 млрд адамның 1 млрд-қа жуығы шекара асып, көшіп-қонып өмір сүреді екен. Соңғы кездері Қазақстанда да қара бұлтты жарып ұшып,  мұхит асатындар мен қарт құрлыққа ат басын бұратындардың қатары көбейген. Қаракөздеріміздің  көбі оқуға не табысы жақсы жұмыс іздеп, шетелге кететін көрінеді. Қазір де  өзге елге табан тіреген отандастарымыз  туралы ел  пікірі екіұшты. Бірі «Жат жұрт жарылқамайды», – десе, енді біреулері «шетел асудың несі айып», деп кесім айтады. Біз де  шет ел асқан азаматтар адал еңбек арқылы  елдің  экономикалық әлеуетінің артуына үлес қосса, жастарымыз дамыған мемлекеттердің  технологиялық жетістіктесрін үйреніп  жатса, нұр үстіне нұр  емес пе деген ойдамыз.

15 ғасырдың басында, Еуропаның бірқатар теңіз жағалауында алыс жүзуге деген ұмтылыс пайда болды. Сөйтіп, алысты бағындырам деген   арманы асқақ  ер жүрек ерлер асау толқынмен  арпаласып, не бір қиырларға жол тартып жатты. Міне, солай  Ұлы географиялық ашылулар дәуірі басталады. Егер Колумб мен Фернанд Магелланның (жаңа теңіз жолын ашушылар) теңізден керуен жол іздеп келмес сапарға аттанбағанда, бүгінде әр құрлық оқшау  күйде қалар ма еді  деген ойға қаласың. Кім білсін? Әйтеуір батыл да арманы асқақ адамдардың адамзаттың тарихын басқа арнаға бұра алатыны шындық.

Қарт тарихтың қатпарына үңілген сайын не бір құпияның сырына қаныға түсесіз. Қазіргі Жапония  әлемдегі  ең өркениетті, технологиясы тегеурінді ел. Алайда сол Жапония бергі тарихта үш жүз жыл бойы халқын кедей де, бай да емес түлкі құрсақ жағдайда ұстап отырған дүниедегі ең тұрақты феодалдық мемлекет болатын. Жапандағы аралды мекен еткен Жапонияны әлемге алғаш рет голландиялық әскери кеме ашады. Көзі көк, сары шашты адамдарды көргенде жапондықтар таң қалыпты. Жапон императорының бір інісі деп айтылады аңыздарында, голландиялықтардан мылтық атуды үйреніп, сұрмерген атанады. Осы қарапайым оқиға жапон зиялыларына үлкен ой салады. Олар Жапония үлкен кеме мен мылтық жасауы үшін мемлекеттік басқару жүйесін өзгерту керек деген ойға  келеді. Сөйтіп, империяны билеушілер мен реформаторлар арасында азаматтық соғыс басталады. Соңында үш жүз жыл дәурен сүрген Эдо Бакуфудың билік жүйесін реформаторлар тобы жеңеді. Кейін реформаторлар шетелден ғылым-білім үйрену үшін Комакура Сэзыдан деген оқымысты басқарған 300 адамнан тұратын делегацияны Еуропаны көріп қайтуға үш жылға жібереді. Олардың көбі ұзын шашын қиған, ұзын етек шапанын шешкен Эдо Бакуфу дәуіріндегі мемлекет басқарған бюрократтар болатын. Яғни, Жапонияның реформаторлары   бұрынғы биліктегі ақылды, талантты адамдарды бағалап, тиіспеген. Мемлекет басқарудан да шеттетпеген. Үш жылдан кейін Комакура бастаған мемлекет қайраткерлері бүкіл Еуропаны аралап, елге келген соң Жапонияны реформалаудың тәсілін ұсынады. Міне, осы кезден бастап жаңа үкімет мемлекеттің жалпы атауымен Мэйдзи Ишн аталады. Міне, солай Жапонияда өркениет талабына сай ел құрудың жаңа дәуірі басталады. Жарты ғасырға жетпейтін уақытта жапандағы арал  елі батыстың өркениетті елдерімен иық тірестіретін деңгейге жетеді. Кезіндегі Алаш арыстарының күншығыс еліндей гүлденген мемлекет құруды армандағаны тегіннен-тегін болмаса керек.

Батыс ғалымдарының бір парасы «Көшпенділер өмірінің еркін ағысы әлем өркениетін  жаратты. Өйткені олардың жүрегінде алысты бағындырам деген арман тулап жатты», деп уәж айтады. Әрине, көкірегінде көшпенділіктің рухы  тулап жатқан қазақ жастарының әлем кезуі заңдылық. Елдегі  статистика агенттігінің дерегіне жүгінсек 29 жасқа дейінгі қазақ жастарының 32 пайызы, яғни әрбір үшінші қазақ елінің үміті шетел  асуға ниетті. Бұл көрсеткіш жаға ұстатарлық дегендерге олар әлемдік үдерістің ағынымен жүргендерін алға тартады.  Айталық, АҚШ-тағы ең әйгілі Гарвард университетінің түлегі Шыңғыс Мұқанұлы «Қазақ әдебиеті» газетіне берген сұхбатында: «Америкаға барып, ондағы еңбек нарығында бәсекелестікке қабілетті болу, өзін-өзі табу әр адамның қолынан келмейді. Америкада қазақтар ғана емес, дамыған Еуропа елдерінің адамдары да толып жүр. Америкалықтардың өздері бүкіл әлемде жұмыс істеп жүр. Сондықтан, «Ойбай, кетіп жатыр» деген көзқарас түбегейлі дұрыс емес. Керісінше, ол жаққа барған қазақтар бізде жоқ ерекше тәжірибе жинап келеді», – дегенді айтады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында атап көрсеткендей: «Әлеуметтік жаңғырту бүгінде ықтимал сынақтар мен тәуекелдер туралы анық түсінік болуын талап етеді. Және мұны тек барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілер ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік жаңғыртулар бағытталып отырған бүкіл қоғам, барша халық түсінуге тиіс». Қоғамның әлеуметтік жаңғыруына тәуекелге баратын, жалынды жастар өте белсенді күш ретінде әсер ете алады.

Соңғы кездегі әлемдік статистика дамыған елдерге ағылған дамушы ел азаматтарының  санаулы жылдардан кейін өз отандарына қайтатындығын көрсетеді. Мысалы, бүгінгі таңда әлем халқының 38 пайызға жуығы дамушы елдерден дамыған елдерге, 35 пайызы дамыған елдерден дамушы елдерге қоныс аударуда. Бұл дегеніміз дамыған елдерден  түрлі технологиялық мүмкіндіктерді игерген, озық тәжірибе қабылдаған азаматтар  өз еліне оралады    деген сөз.

Шетел асып жатқан қазақ жастарының елге  мол мүмкіндік беретіндігін халықаралық сарапшылар да растайды. Әлемдік сарапшы  Майкл Ньюсон: «Қазақстаннан шетелдерге кетіп жатқандар білім алуға, тәжірибе жинауға барады. Екі түрлі жағдайда олардың елге тигізетін пайдасы зор. Біріншіден, шетелде алған білімін, машығын өз отанында қолдана алады. Екіншіден, шетелдерде тұратын қазақтармен білім, сауда, инвестиция алмасып, жаңа қарым-қатынас желілерін құрады. Демек, Қазақстандағы миграцияға жоғары білікті тұлғалар тартылған»  –  дейді. Шетелде қалған азаматтарынан пайда көретін елдер де бар. Мысалы, Үндістан мен қытайлық Тайвань провинциясын алайық. Осы екі мемлекет АҚШ-та тұратын азаматтарының білімін, білігін, машығын тиімді пайдалануға кірісті. Осылайша, олар Силикон жазығында компания құрып, бизнес ашып, белгілі бір жетістіктерге жеткен азаматтарына үлкен үміт артып отыр. Өйткені, үнділер мен тайваньдықтар құрған бизнес желісі өз елінде жоғары технологиялық индустрияны өркендетуді ынталандырады. Яғни, шетелде тұрып та, өз еліңе пайда тигізуге болады.

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында: «Егер біз бәсекеге қабілетті ұлт болғымыз келетіндігі рас болса, бұл психологиядан арылу қажет! Жаңа біліктілікті меңгеру және зауытқа, өндіріске бару керек. Жас та және ересек те қазақстандық бос отырып, бәрін де сынай бермей жұмыс бар жерге, нәпақа  табатын жерге қарай ұмтылулары керек!», – деген болатын. Демек, шетелден ырыздық іздеген ел азаматтарын замана сұранысына сай жаңа деңгейге талпынғандар деп тануға болады.

Мына бір дерекке жүгінер болсақ, 2019 жылы  шетте жүрген  Өзбекстан азамматтары  елдеріне 5,1 миллиард доллардан астам қаражат аударыпты. Сарапшылар өзбек еңбек мигранттары өткен  20 жылда өз отандарына 90 миллиард долларға жуық ақша құйды, бұл ауқымды қаржы Өзбекстан экономикасына тыңнан серпін берді дегенді айтады. Сонымен бірге өзбек елінде жандана бастаған авто өндірісіне де кезінде еңбек мигранты ретінде  оңтүстік Кореяның көлік жасау  саласында  істеген тәжірибелі жұмысшылар тартылған көрінеді. Демек, бір  кездері  шетелден табыс тапқан өзбек азаматтары қазір елдегі өндіріске өз үлесін қосуда.

Ресми ақпарат бойынша бүгінгі таңда  Кореяда 39 мың қазақстандық жүр. Олардың көбі айына 400-800 мың теңге көлемінде табыс табуға болатындығын, әр айда шамамен 500 мың теңге көлеміндегі қаражаты елге жіберетіндіктерін айтады. Егер 30 мың Қазақстандық әр айда елге 500 мың теңгеден ақша аударса, олар бір айда елімізге 15 миллиард теңге құяды екен. Демек, шетелде жұмыс істеп жатқандарды ең белсенді эконмикалық күш деуге болады. Кореяда еңбек етіп жүрген қазақстандықтар онда заводтардың көптігін, жергілікті халық тек өз өнімдерін ғана тұтынатындығын өздері қажетсініп қана қоймай, экспортқа шығаратындығын айтады. Олар Қазақстанда да өндіріс саласының өркендеуін тілейтіндіктерін, озық мемлекеттен  үйренген  тәжірибелерін елге жеткізуге асығатындықтарын тіліне тиек  етеді.

ТҮЙІН:

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан назарбаев: «қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағадарламасына сай  «Жаңғыртудың табыстылығы үшін әрбір азаматтың өз Отанына пайдалы болуы өте маңызды. Жаңғырту барлық қазақстандықтарға қажет. Осындай түсіністік жағдайында ғана кең көлемді қоғамдық консенсус пен табысқа қол жеткізуге болады», – дейді.   Біздіңше, көркейген елді көрмекке, үздік тәжірибені үйренбеккеасығудың несі мін? Қысқасы, шетелден нәпақа табудың несі айып?

Ерзат АСЫЛ

Оқылды 705 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Малыбай ауылдық округінің сайлаушылары! Мен, Бектасов Мәди Мәдиярұлы 1982 жылдың…
Сәу 17, 2024

Горнодобывающий сектор – стимул для…

Вольфрам входит в первую десятку редких металлов, незаменимых в современном промышленном…
Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…
Сәу 15, 2024

Жанаргуль НИЕТАЛИЕВА,…

Тургенский филиал Иле-Алатауского ГНПП такие акции с участием школ Тургенского сельского…
Сәу 15, 2024

Алматы облыс әкімі Марат…

Облыстағы аталған бағыт аясында Жамбыл ауданындағы «Жамбыл Жабаев» мұражайы, «Таңбалы»…
Сәу 11, 2024

Аманаттықтар көмек қолын созуда

Алматы облысында су тасқыны болған өңірлерге көмек жинау қызу жүріп жатыр. Игі бастамаға…
Сәу 04, 2024

Ұлт саулығына төнген қатер

Денсаулық – бірінші байлық. Сондықтан саламатты өмір салтын ұстанып, деннің сау болуына…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет