Сейсенбі, 17 Қараша 2020 10:46

Қағаз анықтамаларды жоюымыз керек – А.Мамин

Қағаз анықтамаларды жоюымыз керек – А.Мамин inform.kz

"2021 жылы «қағаз» анықтамалар толығымен жойылуы керек".  Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин осылай деді.

«Смартфон қолданушылар саны өсуде, осы ретте мемлекеттік қызметтер мен сервистерді мобильді платформада көрсету қажеттілігі артып отыр. Ең қажетті әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді мобильді форматқа көшіру жұмысын жандандыру қажет. Цифрлық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, барлық әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді eGov мобайлға ауыстыру бойынша жоспарды бекітуді тапсырамын. Жалпы 2021 жылы «қағаз» анықтамалардың қажеттілігін толығымен жоюымыз керек. «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясынан қызметтерді жеткізуді және барлық онлайн қызметтер мен сервистердің 100 пайыз қолжетімділігін қамтамасыз етуіміз қажет», - деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар Асқар Мамин Мемлекет басшысы зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау және төлеуге қатысты процестерді толығымен цифрландыруды тапсырғанын атап өтті.

«Осы жылдың соңына дейін әлеуметтік және еңбек саласында электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсеткіші 90 пайызға жеткізіледі. Денсаулық сақтау министрлігіне азаматтарға қажетті электрондық медициналық мәліметтерді беруді қамтамасыз етуді тапсырамын. Еңбек министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау және төлеу процестерін цифрландыру үшін қажетті деректерді толық цифрландыру мен жаңартуды қамтамасыз етуді жүктеймін», - деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы әкімдер мен мүдделі мемлекеттік органдар әлеуметтік сипаттағы қызметтер бойынша жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыруға назар аударуы қажеттігін баса айтты.

«Сервис пен кері байланыс деңгейін арттыру қажет. Халық қажетті мемлекеттік қызметті кезексіз, артық ешқайда бармай алуы керек. Мысалы, қазір үйлер пайдалануға көптеп тапсырылып жатыр, әртүрлі тұрғын үй бағдарламалары бар. Ипотека алу және кепілге қою механизмін барынша жеңілдету қажет», - деді ол.

Мұнан бөлек, Премьер-Министр орталық және жергілікті атқарушы органдарға барлық ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмысы мен тиімді интеграциясын қамтамасыз етуді, олардың сапасын арттыру шараларын қабылдауды тапсырды.

«Олар халықтың пайдалануы үшін жеңіл болуы тиіс. Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру саласындағы жаңалықтарды түсіндіру жұмысына ерекше көңіл бөлу қажет»,- деді Асқар Мамин.

Дереккөз

Оқылды 835 рет

Соңғы жаңалықтар

Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Тустукбаев Бағлан Ахихатұлы, 1989 жылы 7 сәуірде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Әділхан Азамат Әділханұлы, 1993 жылы 11 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келдім.…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен Тойғанбеков Бақберген Бауыржанұлы 1988 жылы 21 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет