Бейсенбі, 12 Қараша 2020 12:19

Білім беру ұйымдары "Цифрлы бухгалтерия мен қаржы" жүйесіне көшеді

2021 жылдан бастап білім саласына бағытталған қаржыны қоғам болып қадағалауға мүмкіндік туады. Тиісінше, бөлінген қаржының тиімді жұмсалуы да бақылауға алынбақ. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов: "...білім беру ұйымдарының барлығы "Цифрлы бухгалтерия мен қаржы" жүйесіне көшуді бастайды" деп әлеуметтік желідегі парақшасында пост жариялады.

2021 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстандағы білім беру ұйымдарының барлығы "Цифрлы бухгалтерия мен қаржы" жүйесіне көшуді бастайды.

Бұл бастаманың қандай қажеті бар?

Жаңа жүйені енгізудегі мақсат – көпшілік үшін білім саласындағы қаржыландырудың ашықтығын және тиімділігін бақылауды қамтамасыз ету. Бухгалтерияны, кадрларды, есепке алу мен бюджетті жоспарлауды автоматтандыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алуға және қаржыны тиімді пайдалануды арттыруға жағдай жасайды.

Яғни мектептің бюджетіне, оның әрбір жұмсаған теңгесіне қатысты ақпаратқа біздің министрлік, басқа құзырлы мемлекеттік органдар, және азаматтық қоғам өкілдері қол жеткізе алады.
Бұл – маңызды бастама.

Білім беру саласын қаржыландыру жылдан жылға артып келеді.
Әрине, оның қаншалықты жеткілікті немесе жеткіліксіз екендігі туралы көп айтуға болады. Алайда, сол бөлінген қаражатты тиімді пайдалану маңыздырақ.

Тағы бір мәселеге тоқталайын.
Көпшілік мектептерді, балабақшалар мен колледждерді Білім және ғылым министрлігі республикалық бюджет есебінен қаржыландырады деп есептейді. Одан бөлек жалақының уақытылы және дұрыс есептелуі, оқулықтарды сатып алу немесе білім беру ұйымдарындағы жөндеу жұмыстарын да министрліктің өзі тікелей жүргізеді деп ойлайды.
Бірақ іс жүзінде олай емес.

Заңға сәйкес бұл жұмыс әкімдіктердің құзырында.
Елімізде білім беруді басқару органдарының саны 200-ден асады, яғни, қаржыландыру да сол қалалар, аудандар мен облыстардың бюджетінен өтеді. Әкімшілендіру деңгейі әртүрлі әрі көп болған соң оларды қадағалап отыру өте қиын.

Сондықтан тіпті облыстық білім басқармаларының өзі көп жағдайда жалақыны уақытылы төлеуге, оқулықтарды сатып алуға немесе мектеп, колледждерді жөндеу жұмыстарына қатысты проблемаларды бұқаралық ақпарат құралдарына шыққанда немесе шағымдар келіп түскенде біліп отырады.
Бұл мүлдем дұрыс емес.

Ата-аналар мен мұғалімдерге орын алған проблемаларға «кім жауап беретіні, неге бұлай болғаны» емес, олқылықтардың орын алмауы маңызды ғой.

Сондықтан біз жан басына қаржыландыру механизмдерін енгізу және барлық қаржыландыру жүйесін цифрландыру бойынша бастаманы қолға алдық.

Бұл жүйе Нұр-Сұлтан қаласы мен Павлодар облысындағы білім беру ұйымдарында пилоттық жоба ретінде апробациядан өтті.
Білім басқармаларының басшылары мен мектеп директорлары аталған жобаға оң баға берді.

Жүргізілген пилоттық жобаның нәтижесінде тек елордада бюджет қаражатынан бірнеше млрд. теңге үнемделіп, білім беру ұйымдарының қаржылық қызметі реттелді.
Бухгалтерлік және салық есебіне алу барысында бұзушылықтар саны едәуір қысқарып, шығындар бойынша тәуекелдер азайды.

Аталған жоба жалақыны дұрыс есептемеу, қаржылық бұзушылықтар, жоспарлау, қаржыландыру кезіндегі субъективизм сияқты проблемаларды шешуге және білім беру мекемелерінің қаржылық жағдайына жедел мониторинг жүргізуге жақсы мүмкіндік береді.

Бухгалтериямен қоса бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алу, тарификациялау, жұмысқа алу процестері де автоматтандырылады.

Бұл – білім саласына бағытталған қаржыны ашық әрі тиімді пайдалануды қоғам болып қадағалауға бағытталған тағы бір қадам" делінген постта.

Оқылды 841 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Малыбай ауылдық округінің сайлаушылары! Мен, Бектасов Мәди Мәдиярұлы 1982 жылдың…
Сәу 17, 2024

Горнодобывающий сектор – стимул для…

Вольфрам входит в первую десятку редких металлов, незаменимых в современном промышленном…
Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет