Сәрсенбі, 11 Қараша 2020 15:05

Заңсыздықтың алдын алу үшін чек талап ет!

Талдықорған қаласында фискалдық чектің берілмегенін растайтын 700-ге жуық заң бұзушылық тіркелген. Бұл туралы «JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңында облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ляззат Айтахунова мәлімдеді.

Оның сөзінше, салық органына тіркеусіз қызметті жүзеге асыру мәселесі бойынша жұмыс құқық қорғау органдарымен және басқа да уәкілетті органдармен бекітілген, бірлескен іс-шаралар жоспарлары негізінде тұрақты негізде жүргізіледі. Рейдтік іс-шараларға шығу алдында салық органдары алдын ала салық төлеушіге және оның қызметін жүзеге асыру орнына визуалды бақылау және салықтық ақпараттық жүйелер арқылы талдау жүргізетін.

Алайда, осы жылдың басынан бастап шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайларды жақсарту мақсатында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне бару арқылы тексерулер мен профилактикалық бақылау және қадағалау тоқтатылған болатын.

Бірақ, 12 мамырдан жыл соңына дейін касса машиналарының фискалдық чектерін бермеу фактілерін анықтау бойынша "Қоғамдық бақылау-Чекті талап ет" пилоттық жобасы жүргізілуде. Яғни, чек бермеген кез-келген жағдайды ұялы телефонға жүкелетін "Wipon" мобильді қосымшасы арқылы хабарлауға болады.

«Бүгінгі күні осы "Wipon" қосымшасы бойынша салық органдарына 1 145 өтініш келіп түсті, оның ішінде 683 бұзушылық расталды және бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Еске сала кетсем, фискалдық чектің берілмегені расталған жағдайда ҚР ӘҚБтК сәйкес әкімшілік хаттама жасалады», – дейді Ляззат Айтахунова.

Оқылды 108 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 26, 2021

Алматы облысында 1430 адам індет…

Алматы облысында коронавирустық инфекцияның 8861 зертханалық расталған жағдайы тіркелді.…
Қаң 25, 2021

Ұлы даланың данышпаны – әл-Фараби

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,Үлкен болып қалу үшін…
Қаң 22, 2021

Қуатты істер – шуақты келешек кепілі

«Елің қуатты болса, бағың тұрақты болады» деген халық даналығы бекер айтылмаса керек.…
Қаң 22, 2021

Емдік қасиеті бар ғажайып сусын

Ағзаға өте пайдалы шырын дайындайық.3 ай қабылдау қажет. Денсаулық көп ұзамай қалпына…
Қаң 21, 2021

Қазақы ауылдың жаңа келбеті

Ауыл – ел бесігі. Осынау алтын бесіктің құшағында тербелген тұрғындардың тұрмысы жайлы,…
Қаң 21, 2021

VII шақырылған Еңбекшіқазақ аудандық…

«Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы»…
Қаң 21, 2021

Тәні саудың жаны сау

Спорттың адам өміріндегі орны ерекше екендігі баршамызға мәлім. Спортпен айналысқан…
Қаң 21, 2021

Қызыл аймақта 6 облыс, 1 қала тұр

Денсаулық сақтау министрлігі 21 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын…
Қаң 21, 2021

На 1,2 млрд тенге защищены права…

Палата предпринимателей Алматинской области в прошлом году защитила права…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2021 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет