Жұма, 06 Қараша 2020 17:22

Алматы облысында COVID-19 өсу қарқыны 0,2% құрады

Алматы облысы COVID-19 вирусының ықтимал екінші толқынына дайындықты күшейтті. Өңірде соңғы аптада вирустың өсу қарқыны 0,2% құрады. Бұл туралы «JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңында облыстың бас дәрігері Өмірзақ Ниязбеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі таңда стационарлық емдеуде барлығы 149 адам бар, оның ішінде 33 адам инфекциялық стационардың 1 деңгейінде, 109 адам инфекциялық стационардың 2 деңгейінде ем қабылдап жатыр.

«Облыс бойынша коронавирустың өсу қарқыны тәулігіне де, соңғы аптада да 0,2% құрады. Жалпы COVID-19 вирусын жұқтырған 5204 науқас тіркелді, оның 4872 - і сауығып шықты, 81 -і емделуде», – деді ол.

Пандемияның ықтимал екінші толқынына 5280 төсек-орын дайындалды. Індетке қарсы тұру мақсатында облыс орталығында 200 төсек орындық модульдік инфекциялық аурухана пайдалануға берілді. Одан бөлек Талдықорған және Алматы қалаларындағы көпсалалы ауруханалардың базасында ауыр науқастарға шұғыл көмек көрсету үшін заманауи жабдықтармен жабдықталған орталықтар құрылды. Сондай–ақ, балалар жұқпалы аурулар ауруханаларының базасында балаларға арналған екі COVID-орталығы қосымша жарақтандырылуда.

Облыстың 13 ауруханасы оттегі станцияларымен қамтамасыз етіледі, оның ішінде 12 оттегі станциясы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Сарқан аудандық ауруханасы станцияға қосылады. Бұдан басқа, 1070 оттегі концентраторы сатып алынды, дайындалған 5280 төсектің 40% оттегімен қамтамасыз етілетін болады.

Оқылды 596 рет

Соңғы жаңалықтар

Нау 29, 2024

Көктерек қашан «ауыл» болады?

Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…
Нау 29, 2024

Аудан әкімі тағайындалды

Кеше аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХІХ сессиясында аудан әкімі лауазымынаТалғат…
Нау 29, 2024

Межелер пысықталып, жоспарлар…

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы…
Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет