Бейсенбі, 05 Қараша 2020 20:36

Амандық Баталов журналистер сұрақтарына жауап берді

Амандық Баталов журналистер сұрақтарына жауап берді gov.kz

Кеше Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен брифинг өткізілді. Брифингіде спикер Президенттің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауындағы міндеттердің өңірде орындалуы және өткен 9 айдағы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы журналистерге баяндап берді. Карантиндік шараларға байланысты брифинг онлайн-режимде өтті, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Эфир барысында ОКҚ-ға журналистер тарапынан алдын ала жолданған және ZOOM платформасында тікелей эфирге қосылған тілшілерден жалпы саны 22 сұрақ қойылды. Сұрақтардың басым бөлігі індетпен күрес кезеңіндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысты болды. Атап айтқанда, интернет жүйесінің сапасы, қашықтан оқытуды ұйымдастыру, оқушыларды компьютермен қамтамасыз ету, кезекші сыныптардың санитарлық қауіпсіздігі, өңірдегі мониторинг тобының жұмысы, әлеуметтік маңызды азық-түлік қорын қалыптастыру, медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасы, індеттің екінші толқынына дайындық мәселелерін қамтыды. Сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы тақырыбында, яғни газдандыру, көп қабатты үйлерді орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосу, тұрмыстық қалдықтарды өңдеу жайында да бірнеше сауал қойылды. Бұл сұрақтарға берген жауабында облыс әкімі ТҮКШ саласындағы жұмыстармен қатар Талғар, Қарасай, Еңбекшіқазақ аудандарындағы блокты-модульді қазандықтар орнату ісі жайлы айтып берді. Сол сияқты өңірдегі шикізаттық емес экспортқа бағытталған өңдеу өнеркәсіптерін дамыту, Gate City серіктес қалаларының құрылысы, «Қорғасты» республика балансына өткізу, тау кластерін дамыту, Шамалған стансасындағы автокөлік айналма жолының құрылысы, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу, Қапшағай маңындағы егіс алқаптарын суару, Ұйғыр ауданының атауын өзгерту мәселесі, Балқаш ауданында Д.Қонаевқа арналған ескерткіштің жай-күйі туралы сұрақтар қойылды. Сауалдардың барлығына облыс әкімі Амандық Баталов толыққанды жауап берді.  

Онлайн-брифинг «Хабар 24» республикалық телеарнасында, YouTube каналында және ОКҚ-ның әлеуметтік желілердегі парақшаларында тікелей эфир арқылы көрсетілді.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқылды 854 рет

Соңғы жаңалықтар

Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Тустукбаев Бағлан Ахихатұлы, 1989 жылы 7 сәуірде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Әділхан Азамат Әділханұлы, 1993 жылы 11 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келдім.…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен Тойғанбеков Бақберген Бауыржанұлы 1988 жылы 21 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет