Сейсенбі, 03 Қараша 2020 11:03

Үкімет басшысы жүктеген тапсырмалар

Үкімет басшысы жүктеген тапсырмалар primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Бұл туралы primeminister.kz сайты жариялады. 

Төтенше жағдайлар министрі Ю. Ильин, Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов баяндама жасады. Биылғы 1 қыркүйектен бастап ҚР тұрғын үй секторында 1 369 өрт орын алды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5%-ға төмен. Өрт жағдайының артуы Шымкент, Алматы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында байқалады. Бұл көп жағдайда электр жабдықтары мен пешпен жылыту жүйелерінің дұрыс пайдаланылмауына байланысты.

«Мемлекет басшысы жаңадан құрылған Төтенше жағдайлар министрлігінің алдына азаматтық қорғау мәселелерін дамыту және жетілдіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою міндеттерін қойды. Алдын алу мен ден қоюдың тиімді жүйесін құруға бағытталған шаралар қабылдау қажет. Азаматтар мен олардың мүлкін авариялар мен апаттардан қорғауды қамтамасыз ету керек», — деді А. Мамин. 

Үкімет басшысы 2018 жылдан бастап 2020 жылға дейін 404 өрт сөндіру автомобилін және 19 мың бірлік жабдық пен жарақ сатып алу арқылы өртке қарсы қызметтің жарақтандырылуы артқанын атап өтті. Бұл жұмыс елордада, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Атырау мен Қарағанды облыстарында жақсы жолға қойылған. Бұл ретте Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарының әкімдіктері осы мақсаттарға жеткілікті қаражат бөлген жоқ.

Премьер-Министр ТЖМ-ге өрттің алдын алу бойынша жұмысты нақты үйлестіруді, күштер мен құралдардың оларды жедел сөндіруге дайындығын қамтамасыз етуді, әсіресе, тұрғын үй секторы мен қоғамдық нысандарда бұзушылықтарды анықтауды және өрт қауіпсіздігінің жай-күйін бақылауды жалғастыруды, ІІМ және әлеуметтік қорғау органдарымен бірлесіп, тиісті рейдтік іс-шараларды жандандыруды тапсырды. Үкімет басшысы ҚР өртке қарсы қызметін материалдық-техникалық жарақтандырудың 2021-2023 жылдарға арналған жол картасын әзірлеп, бекітуді тапсырды. Өңірлердің әкімдіктеріне әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылым объектілерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тапсырылды.

«Әлеуметтік сала объектілерінде орналасқан қазандықтардың жұмысын ерекше бақылауға алып, оларды ғимараттан шығару мәселесін жылдамдатып шешу керек. Өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру жұмыстарын жалғастырған жөн», — деді А. Мамин. Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне бір ай ішінде газ-техникалық инспекция құруды және «Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР заңына сәйкес (Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Ақмола және Қостанай облыстарында жасалған) газ жабдығына тиісті бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. ТЖМ-ге өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, жылыту маусымы кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша халықпен профилактикалық жұмысты күшейту туралы тапсырма берілді.

Дереккөз

Оқылды 661 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет