Сенбі, 24 Қазан 2020 12:07

«Жанұя» әлеуметтік орталығының елге берері не?

Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға арналған "Жанұя" әлеуметтік орталығының жұмыс жасағанына 1 жылға жуық уақыт болды. Әлеуеттің әлеуметін арт тыруға қолдау көрсететін ұйым Талдықорған қаласында орналасқан.

Орталықтың жұмысы бір терезе қағидаты бойынша жүзеге асырылады. "Жанұя" мамандары әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды әлеуметтік бағдарламалар туралы ақпараттандырады, қажетті құжаттарды дайындауға көмек көрсетеді. Орталық сондай-ақ заңгерлік және психологиялық кеңес, оңалту көмегін және басқа да қызмет түрлерін ұсынады.

"Жанұя" аз қамтылған және көп балалы отбасыларға арналған әлеуметтік орталық Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бастамасымен құрылды. Орталықты құрудың мақсаты Талдықорған қаласында тұратын әлеуметтік осал отбасылардың өмір сүру сапасын арттыру, экономикалық дербестікті нығайту және азаматтардың өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін жеке уәждемесін нығайту болып табылады", - дейді Алматы облыстық әйелдерді қолдау орталығының президенті Жанар Нұрмұханова.

Бүгінгі таңда "Жанұя" орталығы балалы отбасыларды жеке-бағдарлы сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Бұған психологиялық-білім беру, құқықтық, әлеуметтік-медициналық, еңбек - мәдени сипаттағы іс-шаралар кіреді.

"Жанұя" аз қамтылған және көп балалы отбасыларға арналған әлеуметтік орталықтың өкілі Мадина Белгібаеваның айтуынша, көп балалы аналар мұнда тігін ісі, бет әрлеу, компьютерлік сауаттылық және аспаздық бойынша оқыту курстарынан өтеді.

Осы кезеңде орталыққа 2000-нан астам отбасы көмек сұрады. Оның 175-іне психологиялық көмек көрсетілсе, 190 отбасыға "Жанұя"орталығының заңгерлік қызметі көрсетілді.

Оқылды 890 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет