Бейсенбі, 22 Қазан 2020 11:22

Су тапшылығымен күрес қазірден басталды

Су тапшылығымен күрес қазірден басталды mezet.kz

Жақында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан басшысы Қуанышбек Қашқымбаев ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерімен кездесіп, егін науқанында шаруалардың мазасын қашыратын су тапшылығы мәселесін талқылады.  Жиынды аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Бименов жүргізді.

– Бүгінде ауданымыз ауыл шаруашылығы өнімін өндіруден көш бастап отыр. Биылғы жылы 124 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру жоспарланған. 9 айдың қорытындысы бойынша 86 млрд теңгенің өнімі жиналды. Аудан табиғатының қолайлылығы мен құнарлы жеріміздің арқасында біз сіздермен бірге одан да мол нәтижеге қол жеткіземіз. Бірақ осы жылы суармалы су тапшылығының салдарынан, біраз өнімді жоғалтып алдық. Осы жағдай келер жылы қайталанбас үшін, келер жылға дайындықты қазірден бастауымыз керек – деді Қуанышбек Қалиұлы.

Баяндама жасаған ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ермек Жакеевтің мәліметінше, аудандағы ауылшаруашылығы жерлерін 4 мекеме: Д.Қонаев атындағы ҮАК, «Гидросервис» ЖШС, «Талгар Элегация», «Қараш» ЖШС суармалы сумен қамтамасыз етеді. Биыл шаруалар 690 млн текше метр су тұтынған. Сондай-ақ су жүретін арықтардың жалпы ұзындығы 1421 шақырым болса, оның 774 шақырымы ғана бетондалған. 623 шақырымды су қара жер арқылы өтеді. Осы тұста егінге бағытталған судың басым бөлігі жерге сіңіп кетеді. Ермек Ильянұлы осы арналарды күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу керектігін айтты.

Кезекпен сөз алған жоғарыда аталған су беретін мекемелердің басшылары биылғы су тапшылығын таудан келетін судың азаюымен байланыстырды. Табиғи құбылысқа қарсы шара қолдану мүмкін емес. Күз мезгілінен бастап көктемге дейін су жиналған. Алайда мөлшері жылдағыдан аз болған.  Алдағы уақытта да табиғаттың қандай мінез көрсететіндігін болжау қиын. Сондықтан суды үнемдеудің барлық жолдарын жасау керек. Алдымен, су арналарын ретке келтіріп, мүмкіндігінше тамшылатып суару әдісін пайдаланатын алқаптардың санын арттыру қажет. Сонымен қатар жеке меншікке өтіп кеткен аудан аумағындағы тоғандарды су беретін мекеменің теңгеріміне беру керек. Осындай ұсыныстарын жеткізген су жеткізу мекемелерінің басшылары тіршілік нәрінің тапшылығымен шаруалармен бірлесе күресетіндігін айтты.

Өз кезегінде тұтынушылар кооперативінің өкілдері де өздерінің ұсыныстарын ортаға салып, мемлекеттің көмегіне мұқтаж екендіктерін де жасырмады.

Жиын соңында аудан басшысы бюджеттен қаржы бөліп, су арналарын ретке келтіруге ауыр техникалар алу керектігін айтты. Бұл техникасы жоқ кооперативтер мен су беретін мекемелер үшін де тиімді болмақ. Сондай-ақ аудан әкімдігі жанынан жұмыс тобы құрылып, арналарға мониторинг жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Және де, су тапшылығы мәселесімен қазірден бастап күресіп, көктемге дайындық жұмыстарын жүргізу керектігін қадап айтты. Шаруа-ларға да, су жеткізушілерге де әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетін болады.

С.НҰРАДИН

Оқылды 929 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет