Сәрсенбі, 21 Қазан 2020 09:59

АНТИКОР ЖӘНЕ БҰҰДБ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН НЫҒАЙТАДЫ

2020 жылдың 20 қазанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Беришпен кездесті.

Кездесудің негізгі күн тәртібі – БҰҰДБ-ның 2021-2025 жылдарға арналған Елдік бағдарламасының аясында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл желісі бойынша ынтымақтастықты талқылау болды.

«Қазіргі жағдайда пәрменді қылмыстық-құқықтық құралдармен қатар жүйелі алдын алу жұмысының да маңызы зор. Бұл тұрғыда парасаттылық, ашықтық, есептілік және тұтынушыға бағдарлану арқылы мемлекеттік аппаратты трансформациялау шешуші рөл атқарады», – деп атап өтті Алик Шпекбаев.

Өз кезегінде БҰҰДБ Тұрақты өкілі Якуп Бериш ведомствоның қызметіне жоғары баға беріп: «Былтыр Агенттіктің құрылуы – елдің жемқорлықты жеңуге ұмтылысының тікелей көрсеткіші. Біз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің халықаралық стандарттар мен рейтингтер тұрғысынан жан-жақты, жүйелі жұмысын көріп отырмыз. Орталықта және өңірлерде БҰҰ-ның саясатына сәйкес негізгі басымдықтар байқалады. Агенттіктің пандемия тұсында төзімділік танытып, жұмыс қарқынын бәсеңдетпегенін атап өткен жөн», - деді.

Спикер ведомствоның мемлекеттік институттардың тиімділігі мен есептілігін арттыруға, квазимемлекеттік сектордағы жауапкершілікті күшейтуге, сонымен қоса азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларға қатысуына қосқан үлесіне баса назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ұзақмерзімді серіктесті нығайтуға ниет білдіріп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау саласындағы цифрландыру мен Агенттік пысықтаған заңнамалық реформаларды іске асыру мәселелерін өзара іс-қимылдың негізгі бағыты ретінде белгіледі.

Қазіргі таңда, БҰҰДБ қолдауымен «Transparency International» қоғамдық қорымен бірлесіп жемқорлықты қабылдауды бағалау бойынша мониторингтік әлеуметтік сауалнама жүргізілуде. Оның нәтижелері биылғы жылдың соңында жарияланады. 

Оқылды 609 рет

Соңғы жаңалықтар

Нау 29, 2024

Көктерек қашан «ауыл» болады?

Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…
Нау 29, 2024

Аудан әкімі тағайындалды

Кеше аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХІХ сессиясында аудан әкімі лауазымынаТалғат…
Нау 29, 2024

Межелер пысықталып, жоспарлар…

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы…
Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет