Дүйсенбі, 19 Қазан 2020 09:49

Алматы облысының аумағында карантин режимі және кейбір шектеу шараларын енгізу туралы

Алматы облысының аумағында карантин режимі және кейбір шектеу шараларын енгізу туралы Сурет интернеттен алынды

«Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығына және «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы»,  2020 жылғы 15 тамыздағы №48 «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы», 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №53 «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулыларымен, Алматы облысының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен, Қазақстан Республикасы, оның ішінде Алматы облысының аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциямен сырқаттану жөніндегі эпидемиологиялық жағдай туралы материалдарды қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Алматы облысында карантинді жалғастыру және кейбір шектеу шараларын енгізу.

Карантин режимі мен мерзімдері «COVID-19» коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.

  1. Облыс аудандары мен қалаларының әкімдері, облыстық полиция Департаменті, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы және «Атамекен» ҰКП келесі қызметтердің тоқтатылуын қамтамасыз етсін:
    • 50 орыннан жоғары қоғамдық тамақтану объектілері (мейрамханалар, кофеханалар, дәмханалар, банкет залдары, асханалар, донер, барлар);
    • барлық меншік нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдар, 15 адамнан жоғары емес кезекші топтарды қоспағанда;
    • ойын-сауық нысандары (түнгі клубтар, кальян барлары, көрмелер, букмекерлік, бильярд, караоке, PS-клубтар, квестдар, антикафе, боулинг-орталықтар, лото-клубтар, компьютерлік клубтар, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар және басқалары), кинотеатрлардың (ашық ауадағы кинотеатрларды қоспағанда).
  2. Облыс қалалары мен аудандарының әкімдері, Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық және бетперде режимін сақтай отырып, қызметке рұқсат беруді, сондай-ақ отыратын орындар санынан артық емес толтырылуын қамтамасыз етсін:
    • адамдарды қоғамдық көлікпен тасымалдау қызметі бойынша сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін кестеге сәйкес, сағат 06.00-ден 10.00-ге дейін және сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін 5 минуттан аспайтын рейсаралық интервалмен, қарбалас уақытта маршруттардағы көлік санының арттыруды;
    • облыс аудандары мен қалалары арасында, сондай-ақ облыс шегінен тыс жерлерде жолаушыларды қоғамдық көліктін қозғалысына рұқсат беруді;
    • әр рейс алдында қоғамдық көлікті, қоғамдық көлік аялдамаларын (күніне кемінде екі рет), жуу және дезинфекциялау құралдарын, қолдана отырып өңдеу жүргізуді;
  3. Аудандар мен қалалар, ауылдық округтер әкімдері, полиция департаменті және Алматы облысының

басқа да тартылған органдар (ұйымдар) қамтамасыз етсін

:

  • Қазақстан Республикасы мен Алматы облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қолданыстағы қаулыларын сақтау бойынша рейдтік тексерулер жүргізу жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді;
  • бір отбасы мүшелерінен басқа, 3 адамнан астам топтың орын ауыстыруына тыйым салуды;
  • 65 жастан асқан азаматтардың көшеге шығуын шектеуді;
  • Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 48 қаулысының 4-қосымшаға сәйкес алгоритмді сақтай отырып, кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз өткізуге рұқсат беруді (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде)

;

  • ашық азық-түлік базарларда, жәрмеңкелерде кіру және шығу бөлек, кіре берісте дезинфекциялық кедергілер мен тоннельдер орнатылуын;
  • ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, семинарларды, тренингтерді, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салуды.
  1. Алматы облысының «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мен «Қазпочта» АҚ бойынша филиалы қамтамасыз етсін:
    • Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (оның ішінде арнайы ХҚКО, CaII орталықтар, Ореп Талдықорған сервис) кезегін алдын ала брондау бойынша жұмысы (сайтта Egov.kz, телеграмм-бот EgovKZBot2.0 коллцентр 1414) жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс күндері сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді (бетперде, қашықтықты сақтай отырып), онлайн форматта максималды қызмет көрсету;
    • «Қазпочта» АҚ Алматы облыстық филиалы бөлімшелердің онлайн

көрсетілмейтін қызметтер үшін жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат  9.00-ден 18.00-ге дейін белгілей отырып, үй-жайларындағы әлеуметтік қашықтық белгілері 2 метрден кем емес және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қызметкерлердің халыққа бір реттік қолғаптар мен медициналық бетпердеде қызмет көрсетуін, пошта хат-хабарларымен (хаттар, сәлемдемелер және т.б.) байланысты жұмыстарды жеке қорғану құралдарымен (халат, медициналық бетперде, қолғаптар) жүргізуін қамтамасыз етсін.

  1. Аудандар мен қалалардың, ауылдық округтердің әкімдеріне туризм

субъектілеріне (объектілеріне), оның ішінде демалыс үйлеріне (базаларға, аймақтарға), туристік базаларға, санаториялық-курорттық ұйымдарға, ұлттық табиғи парктерге, ыстық бұлақтардағы демалыс аймақтарына күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық және бетперде режимін сақтай отырып, сондай-ақ  50%-дан аспайтын толымдылықпен қызмет етуге рұқсат беру:

            6.1 ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар, резерваттар және басқалар (жеке және ұйымдасқан топтар үшін 15 адамнан аспайтын, кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бетпердемен жүру ұсыналады);

           6.2 объектілер аумағына кіру кезінде дезинфекциялық тосқауылдар мен тоннельдер орнатуды;

           6.3  демалушылардың барлық болу және демалу уақытында объектілердің аумағынан тыс жерлерге шығуына тыйым салуды;

           6.4  әр рейстен кейін автокөлікті дезинфекциялауды ұйымдастыру және жүргізушілердің гигиенасына жағдай жасауды;

           6.5  COVID-19-ды жоққа шығармайтын белгілері бар тұлғаларды ерте анықтау мақсатында, қызметкерлер мен демалушыларды күнделікті бақылауды.

           6.6  100 орыннан астам объектіде медицина қызметкерінің штатын (немесе келісім-шарт бойынша), изоляторы бар медициналық пункттерді қарастыру.

  1. Облыс аудандары мен қалаларының әкімдері, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы және «Атамекен» ҰКП күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық және маскалық режимді, сондай-ақ әлеуметтік ара-қашықтықты сақтай отырып, қызметке рұқсат беруді қамтамасыз етсін:
    • көпшілік іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралар және т. б.) өткізуге тыйым сала отырып, діни бірлестіктер объектілерінің  жұмысын жұмыс күндері және демалыс күндері (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) бір келушіге 30% - дан аспайтын және 5 м2-ден кем емес толтырылуын қамтамасыз етумен;
    • қоғамдық тамақтану объектілері (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) орналасқан жеріне қарамастан, үй-жай ішінде және жазғы алаңда 50-ден аспайтын отыратын орын, көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтаумен және бір үстелге 4-6 адамнан аспайтындай отырғыза отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін белгілей отырып, сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін, осы қаулыда белгіленген жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін келушілердің тамақтану залында болуына тыйым салынады. Бұл ретте ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады;
    • өнеркәсіптік, өндірістік кәсіпорындар, құрылыс компаниялары (құрылыс салушылар), ашық ауадағы құрылыс жұмыстары;
    • халыққа байланыссыз қызмет көрсету жөніндегі объектілердің қызметі (техникалық қызмет көрсету станциялары, автожуу, автомобильдерді жөндеу, шиномонтаж, автосалондар, тұрмыстық техника, химиялық тазалау және басқалар);
    • жұмыс және демалыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, бизнес-орталықтардың (кредиттік серіктестіктердің, микроқаржы ұйымдарының, сақтандыру компанияларының, нотариустың, бухгалтердің және консалтингтің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының және т. б.), екінші деңгейдегі банктердің, айырбастау пункттерінің, ломбардтардың жұмысын ұйымдастыру;
    • меншік нысанына қарамастан, аймақтарға бөлу талаптарын сақтай отырып, медициналық орталықтардың қызметі (жазу бойынша);
    • дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің қызметі (шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер);
    • сауда-логистикалық орталықтар, қоймалар, олардың жұмысын қамтамасыз ететін тұлғалар мен ұйымдар;
    • құрылыс дүкендері, көлік құралдары мен саяжай мүкәммалының қосалқы бөлшектерін сататын дүкендер, оптика (дүкендер), фотосалондар, гүл дүкендері, зоомагазиндер;
    • толымдылығы 30%-дан аспайтын 1 келушіге 4 месебімен үй-жай алаңы, кіре берісте термометрия, жұмыс кестесі сағат 10:00-ден 17:00-ге дейінгі азық-түлік және азық-түлік емес базарлар;
    • халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы объектілер (қонақ үйлер, отелдер);
    • мектепке дейінгі балалар ұйымдарындағы кезекші топтар (топта 15 адамнан артық емес);
    • ойын-сауық орталықтарын, балалар ойын алаңдарын, фудкорттарды, кинотеатрларды қоспағанда, сауда үйлері (орталықтары), сауда желілері, сауда-ойын-сауық орталықтары (бутиктер), жұмыс кестесі сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін;
    • Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 43 қаулысына 19 – қосымшаға сәйкес алдын ала жазылу бойынша 15 адамнан аспайтын топты толтырған кезде балалар кабинеттері/түзету орталықтары, балалар және ересектер білім беру орталықтары;
    • келушілерді тек медициналық бетперде киюге рұқсат беруді қамтамасыз ете отырып косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін сұлулық салондары, шаштараздар (алдын ала жазылу бойынша, 1 келушіге 4 ш. м. есебінен, ауысым бойынша жұмыс);
    • моншалар, сауналар, СПА орталықтары толымдылығы 50% - дан аспайтын, сондай-ақ 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес жағдайда, жұмыс кестесі сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін;

 

  • спорт объектілері (жеке және топтық жаттығулар үшін 5 адамнан артық емес), фитнес орталықтары, жаттығу залдары (орталықтары), 1 келушіге 5 м2кем емес алаң ұйымдастырылған жағдайда, жалпы сыйымдылықтың 50% артық емес (объектінің жобалық қуаты бойынша келушілердің жалпы саны), жұмыстар келушілерді алдын ала жазу бойынша;
  • жеке форматтағы бассейндер, 1 келушіге 5 ш. м. су айнасы есебінен, алдын ала жазылу;
  • мәдениет объектілері, оның ішінде мұражайлар, театрлар, мәдениет үйлері және т. б. (1 келушіге 5 шаршы метрге дейін, толымдылығы 50%-дан аспайды, оның ішінде кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 30 адамға дейін ұжымдық дайындықтар, үзілістерде үй-жайларды желдету, маскаларды пайдалану);
  • ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған) арнайы, мамандандырылған ұйымдар, арнайы мектеп-интернаттар, жалпы типтегі мектеп-интернаттар, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар;
  • аумақты белгілей отырып, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауада аттракциондар, келушілер ағынын реттеу және әр қолданғаннан кейін аттракциондарда ашық тұтқаларды, отыратын орындарды және басқа да беттерді (адамдар барған кезде жанасатын) дезинфекциялық құралдармен өңдей отырып, санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау;
  • «Балдәурен Республикалық оқу-сауықтыру орталығы» РМҚК;
  • контингенті 5-тен 180 адамға дейінгі, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейінгі мектептердің; мектепалды, 1-4 сыныптардың білім алушылары үшін ата-аналарының өтініші бойынша сыныптардың жиынтығы 15 баладан аспаған жағдайда білім беру ұйымдарындағы кезекші сыныптар;
  • маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауадағы кинотеатрлардың қызметіне рұқсат беруді;
  • театрлардың қызметіне рұқсат беруді (толтырылуы 50%-дан артық емес, бірақ 50 адамнан артық емес, kz порталында тіркеле отырып, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты және ҚР БМСД-нің № 43 қаулысының талаптарын сақтай отырып) қамтамасыз етсін;
  1. Аудандар мен қалалардың әкімдері, мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындар, кәсіпкерлік субъектілері және өзге де заңды және жеке тұлғалар келесі объектілердің демалыс және мереке күндері қызметінің тоқтатылуы қамтамасыз етсін:

          8.1 сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері (орталықтары), сауда желілері,  оларда орналасқан азық-түлік дүкендері мен дәріханаларды қоспағанда;

8.2  азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлары;

  1. Карантиндік шаралар кезінде жұмыс істейтін мемлекеттік органдар (ұйымдар, кәсіпорындар), сондай-ақ меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілері мынадай санитариялық және дезинфекциялық режимдерді сақтауы қажет:

          9.1  қызметкерлердің кемінде 50%-ы қашықтықтан жұмыс істеу нысанында қалдырылады (штаттық кестеде 30-дан астам қызметкер болған жағдайда);

9.2  маскаларды, қолғаптарды кию және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау. Халыққа қызмет көрсететін объектілерді уақтылы ауыстыру үшін бір рет қолданылатын маскалармен және қолғаптармен және температураны өлшеуге арналған бұйымдармен қамтамасыз ету;

          9.3  барлық объектілерде күшейтілген дезинфекциялық режимді қамтамасыз ету (қолды өңдеуге арналған санитайзерлер, дезковриктер орнату, бетін күніне кемінде екі рет өңдеу, дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып үй-жайларды ылғалды жинау, желдету);

9.4  үй-жайларда келушілердің әлеуметтік қашықтығын 2 метрден кем емес таңбамен белгілеу;

9.5 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 43 қаулысының 1-қосымшасының талаптарына сәйкес қызметкерлер мен келушілердің санитарлық-карантиндік және шектеу шаралары талаптарының сақталуын қамтамасыз етсін.

  1. Алматы облысының тұрғындары мен қонақтарына:

10.1 жұмыс орындарында және қоғамдық орындарда (дәріхана, дүкен, кеңсе, медициналық ұйым, сауда объектілері, көшелер, саябақтар, әуежай және т. б.), қоғамдық көлікте маска режимін және кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтау;

10.2 адамдарды шақыруға және топтастыруға байланысты кез келген іс-шараларды (туған күндері, мерейтойлар, тойлар, еске алу және т. б.) өткізуге тыйым салу);

10.3 бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 3 адамнан аспайтын топтармен саябақтарға, скверге және жағалауларға баруға рұқсат етіледі;

10.4 ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға рұқсат етіледі (5 адамнан артық емес).

10.5 респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (мұрынның ағуы, түшкіру, температура) жедел медициналық көмекті 103 нөмірі бойынша шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай-ақ, үйде дереу медициналық көмекке жүгіну.

  1. Алматы облысының полиция департаменті қамтамасыз етсін:

11.1  карантиндік және шектеу шараларын бұзушылықтар анықталған кезде өз құзыреті және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде дереу шаралар қабылдауды, сондай-ақ осы фактілерді алдын алу мақсатында БАҚ-та кеңінен жария етуді қамтамасыз ету;

11.2 қоғамдық орындарды патрульдеу бойынша шараларды күшейту, бұқаралық іс-шараларды (үйлену тойлары, еске алу және т.б.) өткізуді болдырмау үшін қоғамдық тамақтану объектілеріне ерекше назар аудару, жоғарыда көрсетілген талаптарды бұзу немесе орындамау анықталған жағдайда дереу тиісті әкімшілік шараларды қабылдауды.

  1. Әуежайлардың, теміржол және автовокзалдардың басшылары қамтамасыз етсін:

12.1 үй-жайларда, сондай-ақ қоғамдық орындарда медициналық маскаларды міндетті түрде кию;

12.2 кемінде 2 метр қашықтықты сақтау;

12.3 ғимаратқа кіре берісте, сондай-ақ дәретханаға барғаннан кейін санитайзерлерді пайдалану;

12.4 келетін және кететін жолаушылар үшін жеке дәліздерді пайдалану;

12.5 ғимараттарға шығарып салушыларды және қарсы алушыларды жібермеу, шығарып салушыларды және қарсы алушыларды кемінде 2 метр қашықтықты сақтау;

12.6 әрбір рейстен кейін көлік құралдарының, оның ішінде әуе кемелері мен ТЖ құрамдарының салонын дезинфекциялау;

12.7 жолаушыларды түсіруге және отырғызуға тартылған әуежайдың және теміржол вокзалдарының барлық үй-жайларын, терминалдарын ылғалды жинау және дезинфекциялау.

  1. Облыстың ішкі саясат басқармасы және бұқаралық ақпарат құралдары:

13.1 қызметі тоқтатылған және рұқсат етілген объектілерді ақпараттық арналар, бейінді қауымдастықтардың қатысуымен бейнеконференциялар өткізу, қажетті ақпаратты ресми веб-ресурстарда орналастыру арқылы хабардар ету;

13.2 үй жағдайында халық арасында COVID-19 таралуының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, жеке профилактика шараларын және ауру болған жағдайда мінез-құлық тактикасын күшейтуді жалғастыру;

13.3 ресми көздерден халық үшін шынайы ақпаратты орналастыру  (coronavirus2020.kz. anti-corona.kz, Үкіметтің, Денсаулық сақтау министрлігінің және әкімдіктердің ресми сайттары).

  1. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің (объектілердің) басшылары, барлық жеке және заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері, жеке кәсіпкерлер, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер, барлық меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан осы қаулының талаптарын қатаң орындасын.
  2. Алматы облысының аудандары мен қалаларының ведомствоаралық комиссиялары, облыстың аудандары мен қалаларының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлеріведомстволық бағынысты аумақтардағы эпидемиологиялық жағдайға және COVID-19 ауруының өсуіне байланысты карантиндік шараларды күшейту бойынша өзге де іс-шараларды қабылдауға құқылы.
  3. Осы қаулыны барлық мүдделі органдардың, ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  5. Осы қаулы күшіне енген сәттен бастап «Алматы облысының аумағында карантин режимі және карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 18 қыркүйектегі №28 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  6. Осы қаулы 19 қазан 2020 жылы 07 сағат 00 минуттан бастап күшіне енеді.

Алматы облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері  Е.Сыдыманов    

 

Оқылды 130 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 25, 2020

В АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛАГОДАРЯ…

Завершился общенациональный проект «Birgemiz: Bilim» по оказанию волонтерской помощи по…
Қар 24, 2020

Ауыл мәселелері көтерілді

Бүгін аудандық мәслихат депутаты Жұлдыз Әбдіқадырова Сөгеті ауылдық округіне қарасты Нұра…
Қар 24, 2020

Эпидемиологическая ситуация по…

По состоянию на 24.11.2020 года в районе зарегистрировано 564 лабораторно подтвержденных…
Қар 24, 2020

Патриотический конкурс. Слово о…

Отдел по делам обороны Енбекшиказахского района выступил организатором…
Қар 24, 2020

Карантин в Алматинской области…

Согласно новому постановлению санитарного врача Алматинской области, в регионе не…
Қар 24, 2020

Массовый спорт продвигают в…

В Алматинской области ведутся масштабные работы по реализации поручения Елбасы и…
Қар 24, 2020

«Абай – дана, Абай – дара қазақта»…

Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты…
Қар 23, 2020

Үй сатылады

Қар 23, 2020

Әкем салған сара жол

Әкем салған сара жол Алпыстан жасым асса да, Әкешім естен кетпейді. Бақилық болып кетсе…

Күнтiзбе

« Қараша 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет