Сейсенбі, 06 Қазан 2020 16:20

Қарттарым, аман жүрші

Билік пен халық арасы алшақтар болса, қоғамның құрдымға кеткені. Өйткені халықсыз билік болмайды, оның маңызы жойылады. Сол сияқты елдің басын біріктіріп, ұйымдастыратын биліксіз халықтың да алысқа бармасы анық. Бұл – дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. «Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген де осыдан қалса керек. Аталы сөзді негізге алған аудан әкімі халықпен кездесер мүмкіндікті мүлт жібермейді.

Өткен аптада «Халықаралық қарттар күніне» орай аудан әкімі Қ.Қашқымбаев соғыс ардагерлерінің үйіне арнайы барып, ақсақалдарды мерекемен құттықтап қайтты. Ұлы Отан соғысына қатысып, от пен оқтың ортасынан оралған батырларымыз барлық құрметке лайық. Кезінде елі мен жерін жау қолынан қорғап қалған қарттарға қазір ұрпағы – қорған. Оның бір көрінісін атқамінер азаматтардың жылы лебізінен байқадық. Шағын сый-сияпатын жасап, ақсақалдарға шапан жапты. Өз кезегінде қарттар да қолын жайып, ақ батасын берді. «Баталы ел арымас, батасыз ел жарымас» дейді халқымыз.

Аудан әкімінің жұмыс сапары ары қарай Әймен ауылында жалғасты. Мұнда «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша Әймен орта мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік сатып алу қорытындылары негізінде тендерді ұтып алған «Энергохолдинг LTD» ЖШС шартқа сәйкес жөндеу жұмысын қараша айының аяғына дейін аяқтауы керек. Жұмыс қарқыны жоғары. Ауданның атқамінерлері ғимаратты түгел аралап көріп, оң бағасын берді. Бүгінде мұнда 70 адам еңбектенуде. Мектептің алдына жиналған тұрғындар ауылда жасалып жатқан жұмыстардың жайын айтып, халықтың ризашылығын жеткізді.

 

Іссапар жалғасқан Бөлек ауылының тұрғындары да әкіммен кездесуге бір топ болып жиналған екен. Шағын ауылдағы өзекті мәселенің бірі – ауызсу қашан да күн тәртібінен түскен емес. Дегенмен, бұл кездесуде жергілікті халық ауызсудың қысымы әлдеқайда күшейіп, қазіргі уақытта су тапшылығының жоқтығын жеткізді. Бұл мәселе Есік қаласы мен Бөлек ауылы арасындағы ескі су құбырларының жанынан уақытша жаңа құбыр тартумен шешілген екен. Ауызсуымен қатар суармалы судың да мәселесі ауылдық жерлерде маңызды. Осы орайда тұрғындар жазғы маусымда судан таршылық көрмеу үшін қысқы қар суын жинайтын бөген, тоспа жасайтын болса, бау-бақшамен айналысатындар үшін үлкен көмек болар еді деген ұсыныстарын айтты.

Ауыл адамдарының негізгі кәсібі бау-бақша мен мал шаруашылығы болғандықтан, әрине, шаруаға жер керек. Әсіресе, мал бағатындар үшін жайылым жердің маңызы зор. Бұл мәселе де кездесуде көтерілді. Сондай-ақ халық соңғы жылдары ауылда орын алған өзгерістерді мақтанышпен айтып, атқамінерлерге алғысын жеткізді. «Жолдар жасалып, жарық орнатылғалы ауыл адамдарының біразы «скандинавиялық жүрісті» әдетке айналдырды. Жол тегіс, төбеде жарық болған соң қазір қарттар да қолына таяғын алып, таңсәріден жаттығу жасайды», – дейді тұрғындар.

Иә, салауатты өмір салтын ұстанған қарттардың бұл әдеті бәрімізге үлгі боларлық. Ал мәселенің шешу жолдарын табу үшін ел мен жердің жайымен етене танысып жүрген әкімнің ісі билікте отырған көпке үлгі болса игі.

 

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

 

 

 

 

Оқылды 1271 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Келелі кездесулер Жалған ақпаратқа алданбаңыз »

Соңғы жаңалықтар

Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Тустукбаев Бағлан Ахихатұлы, 1989 жылы 7 сәуірде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Әділхан Азамат Әділханұлы, 1993 жылы 11 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келдім.…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен Тойғанбеков Бақберген Бауыржанұлы 1988 жылы 21 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет