Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2020 11:58

«e-Salyq» мобильді қосымшасындағы жаңа сервистің қызметі қандай?

«Салық әмияны» арқылы жергілікті салықтар бойынша және көлік құралдар салығы бойынша мәліметтерді түзетудің жаңа сервисі 2020 жылдың 7 қыркүйегінен бастап жүзеге асуда.

Комитет «Интеграцияланған деректер базасы» ақпараттық жүйесі арқылы 2019 жылғы салық кезеңі үшін жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтың орталықтандырылған есебін жүргізді.

Көлік құралдары салығын есептеуді іске асыру мақсатында «ИДБ» АЖ және «Сервис орталығы» АЖ ақпараттық өзара іс – қимыл шеңберінде алынған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің көлік құралдары дерекқорының мәліметтері пайдаланылды.

«Аталған сервис көлік құралының сипаттамаларын өзгертуді қоса алғанда, түзету үшін онлайн режимінде өтініш беруге, көлік құралын иеліктен шығуына байланысты мәліметтер базасынан шығаруға мүмкіндік береді»,- дейді Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асхат Әбілмәжінов.

Сервисте көрсетілетін қызметті «e-Salyq» мобильді қосымшасының «Салық әмияны» арқылы пайдалана аласыз, оны «App Store» мен «Play Market» - тен жүктеуге болады.

Өтінішті 4 негізгі санат бойынша беруге болады:

1. «Көлік маған тиесілі емес» - егер мәліметтер базасында иесіне тиесілі емес көлік құралы болса;

2. «Көлік құралы туралы ақпаратты түзету» - көлік құралының дұрыс емес сипаттамалары, оның ішінде көлік құралының санаты, қозғалтқыш мөлшері, мемлекеттік нөмір, тіркеу күні және т.б.;

3. «Көлік құралы базада жоқ» - базада меншік иесіне тиесілі көлік құралы болмаған жағдайда

4. «Көлік ұрланып кеткен» - егер мәліметтер базасында іздеуде тұрған көлік құралы болса.

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2020 жылдың 1-ші қазанында 2019 жылға жеке тұлғалардың мүлік салығы мен жер салығының төлеу мерзімі екенін ескертеді. Сұрақтар бойынша телефон 8/7282/601197, Call –центр 1414.

Алматы облысы бойынша МКД мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша негізгі қарызды сомасын төлеген жағдайда жеке тұлғалар үшін өсімпұлды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық жүргізілетіні туралы хабарлайды.

Салықтық берешектің, оның ішінде көлік құралына салығы бойынша берешектің бар жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің (www.kgd.gov.kz)

сайтында «Электронды қызмет» - «Салықтық берешектің жоқ (бар) екені туралы мәлімет» бөлімінде ЖСН енгізу арқылы, сондай-ақ «Электронды үкімет» порталында не жергілікті жері бойынша МКБ тексеруге болады.

Оқылды 222 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 28, 2020

Алматы облысында СOVID-19 екінші…

Алматы облысында коронавирус инфекциясының мүмкін ықтимал 2-толқынына дайындық қарқынды…
Қаз 28, 2020

Кедергісіз келешек

Мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық орындарда кедергісіз жүріп-тұруына жағдай жасап,…
Қаз 28, 2020

Тегін медициналық көмекке қол…

Медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде әрбір азамат тегін медициналық…
Қаз 28, 2020

Гүлмира Отынбекова: Ауруханада…

Тұтқиылдан шапқан жау секілді коронавирустың бірінші толқыны көпшілікті абдыратып…
Қаз 28, 2020

Ауылға барып келіңіз – Нығматулин…

Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Экология, геология және табиғи ресурстар…
Қаз 27, 2020

COVID-19: Өткен аптада 29 адам…

19-25 қазан аралығында елімізде коронавирустан 29 адам көз жұмды. Шығыс Қазақстан…
Қаз 27, 2020

Жас шыбықтар бой түзеп, аудан сәнін…

Бүгінде ауданымызда экономикалық өсім басты назарда болғанымен, тұрақты дамудың маңызды…
Қаз 27, 2020

Мемлекеттік туды кеңінен қолдану…

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздерге қатысты тыйымды қайта…
Қаз 27, 2020

Елімізде жиын мен отырысқа…

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы "Шектеу карантиндік…

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет