Дүйсенбі, 15 Ақпан 2021 14:44

«Спутник V» вакцинасы туралы Жақсылық Досқалиевтің пікірі қандай?

«Спутник V» вакцинасы туралы Жақсылық Досқалиевтің пікірі қандай? Сурет интернеттен алынды

Медицина ғылымдарының докторы Жақсылық Досқалиев коронавирусқа қарсы вакцина жайында айтты. Sputnik Қазақстан-ға берген сұқбатында бұрынғы денсаулық сақтау министрі бірнеше пайдалы кеңеспен бөлісті.

Коронавирусқа қарсы вакцина адамды инфекциядан 97%-ке дейін қорғайтынын, ал қазақстандықтардың басым бөлігі вакцина салдырғаннан кейін медициналық бетперде мен шектеу шаралары қажет болмайтынын айтқан Досқалиев: «Қазір бүкіл әлемде коронавирус пандемиясы өршіп тұр. Оның ішінде Қазақстан да бар. Кейінгі кезде науқастардың саны азайып жатқаны қуантады. Мемлекет қабылдап жатқан шаралар нәтиже беруде. Ал жекелеген адамдарға келер болсақ, коронавирустан ғана емес, басқа да аурудан ада болу үшін бірнеше қарапайым шара қабылдаған жөн»,  – дейді.

Бірінші – жеке гигиенаны сақтау

Әрбір адам жеке гигиенаны сақтауы қажет. Ал жеке гигиена деген – тазалықты сақтау, ағзаны таза ұстау.

Екінші – дұрыс тамақтану

Біреу күніне үш рет, біреу төрт рет тамақтануы мүмкін. Маманның айтуынша, қанша рет тамақтанса да, астың құрамында пайдалы заттар болғаны жөн.

"Адам ең бірінші ақуызды керекті мөлшерде жеу керек. Ол – ет, сүт, балық, еттен жасалған тағам. Сонымен қатар қыста көкөніс пен жемістер жеген жөн", - деді ол.

Үшіншісі – дұрыс ұйықтау

Досқалиевтің сөзінше, ұйқының ұзақтығы тәулігіне сегіз сағаттан кем болмауы қажет.

"Қазір сегіз сағаттан кем ұйықтамаймын. Жас кезімізде ұйқы аз болды. Хирург болған соң кезекшілік кезінде ұйқы дұрыс болмайды. Түн ұйқы төрт бөлінеді. Қазір мен зейнеттемін. Уақытым бар", - дейді ол.

Төртіншісі – темекі шекпеу, ішімдікке салынбау

"Темекі тартпау қажет, мұны аса маңызды деп санаймын. Себебі ол адамның денсаулығына зиян. Сонымен қатар адам ішімдікке салынбауы керек. Мүлдем бас тарту қажет деп айтпаймын, себебі ол мүмкін емес", - дейді Досқалиев.

Бесіншісі – мөлшерден тыс қыздырынбау

"Бұл жерде әңгіме жазғы уақыттағы күнге қыздырыну туралы болып отыр. Адамдар тез қыздырынамын деп күннен мөлшерден тыс ультракүлгін сәуле алады. Олай болмауы қажет", - дейді ол.

Айтуынша, сауна, монша секілді жерлерде де шектен тыс қыздырынуға болмайды.

Алтыншы – денеге физикалық салмақ түсіру

Әр адам салауатты өмір салтын ұстануы керек. Ол жаяу жүру болуы да мүмкін, міндетті түрде ауыр жаттығу жасаудың қажеті жоқ. Жастарға не істесе де жарасады, ал 60 жастан асқан кісілерге жаяу жүру де жарайды.

"Астанада қар жиі жауады. Жеке үйде тұрған соң өзім далаға шығып сол қарды күреймін. Қыста сенбі-жексенбі күндері міндетті түрде қарда жүруге арналған көлікпен серуендеймін. Кейінгі кезде скандинав жүрісі сәнге айналды, оның да пайдасы бар", - дейді Досқалиев.

Жетінші – аурудың алдын алу

"Бұл – профилактика. Хирург болғандықтан, жылына екі рет тексеруден өтемін. В, С гепатиті, ВИЧ-ке тексерілемін. Жылына бір рет флюорография, электрокардиографиядан өтемін. Бұл – қалыптасқан нәрсе. Медицина саласына байланысты болған соң мұның бәрі студенттік кезден басталды", - дейді Досқалиев.

Айтуынша, ауру асқынған кезде ғана емес, алдын ала тексеруден өтіп тұрған дұрыс.

Сегізінші – вакцина салу

Досқалиевтің айтуынша, тұмаудың өршитін кезеңінде вакцина салдыру қажет. Бұл COVID-19 инфекциясына да қатысты.

"Қазір коронавирустан қорғанудың басқа амалы жоқ. Басқа жағдайдың бәрінде инфекция жұқтыру қаупі жоғары болады. Өкінішке қарай, бұл ауруға қазір дәрілер жоқ. Коронавирустан 97%-ке жуық қорғайтын – вакцина. Одан басқа жолы жоқ. Ресейдің "Спутник V" вакцинасының сапасы өте жоғары. Қазір өзіміздің де вакцина әзірленіп жатыр", - дейді профессор.

Досқалиев өзінің коронавирусқа қарсы вакцина салдыратынын айтты. Ол 40 жылдан астам уақыттан бері қыркүйекте тұмауға қарсы вакцина салдыратынын, соның арқасында төсек тартып жатпағанын алға тартты.

"Тұмаумен ауырған адам емеспін. Кейде салқындап, түшкіріп, жөтелетін кездер болады. Оның өзі көп болса екі күнге созылады. Тұмау болдым деп төсек тартып жатқан емеспін", - дейді ол.

Айтуынша, егер Қазақстан халқының 70%-і вакцина салдыратын болса, бетперде тағудың да қажеті жоқ. Алайда коронавирус әлі біраз уақыт адаммен бірге өмір сүреді.

"Ондай жағдайда ұжымдық иммунитет қалыптасады. Содан кейін қазір қабылданып жатқан шаралар да қажет болмай қалады. Коронавирус адаммен біраз уақыт өмір сүреді. Табиғи шешек ауруы инфекциясымен әлем 150 жылдай күресті. Қазір Қазақстанда оған қарсы вакцина салынбайды, бұл инфекцияның жойылғанын білдіреді. Ол кезде қазіргідей үздік технологиялар болған жоқ. Осыған байланысты коронавирус 150 жылға созылмайды деп ойлаймын, алайда бізден кетіп қалмайды", - дейді Досқалиев.

Тоғызыншы – оқшаулану және көп адам жиналатын жерге бармау

"Коронавирустан қорғанудың ең жеңіл жолы – әр адамның оқшаулануы. Үлкен той, адам көп жиналған жерге аса қатты қажет болмаса бармаған жөн. Адам болған соң дүкенге, дәріханаға барады. Ал ол кезде бетпердені тағу керек. Содан кейін қолын жуып тұруы керек. Барлығы адамның ағзасына қол арқылы барады. Адам бәрін қол арқылы жасайды. Тамақты да, етікті де қолмен ұстайды. Адамның ең көп жұмыс істейтін мүшесі – қол", - дейді Досқалиев.

Айтуынша, өзі де кей жұмыстарды қашықтан істеп жатыр. Арасында емханаларға кеңес сұрау беру үшін барады. Мұндай кезде де барлық қорғану шараларын сақтайды. Ал басқа уақытта үйінде болады.

Оныншы – аурудың бәрі жүйкеден

"Адамның жасы ұлғайған сайын адам тамырлары тарылады. Денедегі тіндерге қан жеткізу үшін жүрек қарқынды қысқарады. Ал жүректің қарқынды қысқаруы қан қысымының көтерілуіне әкеледі. Егер адам менің бұған дейін айтқан кеңестерімді орындайтын болса, гипертония ауруы кейінірек пайда болады", - дейді Досқалиев.

Менде қан қасымының көтерілуі бар. Ол қызмет бабы бойынша пайда болды. Себебі жұмыста күйзеліс, жүйкеге әсер ететін сәттер жиі болды. Ал аурудың бәрі жүйкеден келеді, дейді ол.

Маманның айтуынша, медицина адамға тек 30% көмек береді. Қалған 70% әр адамның өз қолында. Егер осы аталған кеңестерді сақтаса, ауру біраз уақыт жоламайды.

Оқылды 831 рет

Соңғы жаңалықтар

Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Тустукбаев Бағлан Ахихатұлы, 1989 жылы 7 сәуірде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Әділхан Азамат Әділханұлы, 1993 жылы 11 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келдім.…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен Тойғанбеков Бақберген Бауыржанұлы 1988 жылы 21 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет