Дүйсенбі, 01 Ақпан 2021 15:43

«Өзгерістерді өзіңнен баста» бағдарламасы іске асырылуда

Мемлекеттік қызметтің мәртебесі биік болғанымен жүгі ауыр. Лауазымды тұлғаларға қызметтік этиканы сақтауы, әдеп стандарттарынан аспау, мемлекеттік қызмет көрсету деңгейінің жоғары болуы және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуі заңды тұрғыда міндеттелген. Кіл мықтылар ғана аталған үдеден шығады. Ал, осы тектес жұмыстарды бақылау әдеп жөніндегі уәкілдің тікелей құзіретіне жатады.

Жоғары да аталған талаптарды орныдалуын қадағалау мақсатында өткен кезеңде Алматы облысы бойынша әдеп жөніндегі уәкілдер 659 адамға жеке қабылдау өткізіп, 1135 мемлекеттік қызметшіге кеңес берген.  Жалпы саны 1803 азаматқа  консультативтік көмек көрсетіліп,  түсіңдіру жұмысын жүргізді.  Жазбаша 34 хат қаралып, өтініш иелеріне мерзімінде жауап берілген.

Одан бөлек, 2020 жылы облыс бойынша жергілікті атқарушы органдар мен олардың құрылымдық бөлімдерінде этикалық нормаларды сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы 241 семинар өткізілді. Түсіндіру жұмыстары мен семинарлар өз жемісін берген. Оған айқын дәлел, әдеп жөніндегі уәкілдердің ұсынысымен 60 мемлекеттік қызметші ұжымда позитивті ахуал және мемлекеттік мекеменің оң имиджін қалыптастыруға ықпал еткені үшін марапатталуы.

Сонымен қатар, есепті мерзімде 2176 мемлекеттік қызметші ҚазақстанРеспубликасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының  Алматы облыстық филиалының қысқа мерзімді оқыту курстарында біліктілігін арттырғандығын атап өткен жөн.

«Жергілікті мемлекеттік атқарушы органдардың ұжым мүшелері арасындағы моральдық - психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында анонимдік сауалнамаға жыл көлемінде 6779 азамат қамтылды. Қорытындысы бойынша қызметкерлердің және қызметкер мен басшылардың арасындағы қарым-қатынас, сенімділік, әдеп нормаларын сақтау жағдайлары талқыланып, мекеме басшыларына қандай мәселеге көбірек көңіл аудару қажеттігіне нақты кеңестер берілді. Осы арқылы мемлекеттік қызметшілердің жоғары мәдениетін қалыптастыруға және ұжымды ортақ мақсаттарға жетуге біріктіру үшін жұмыс жалғасуда»,- деді Алматы облысы әкіміаппаратының  әдеп жөніндегі уәкілі Ғабит  Тұрсынбай.

Айта кету керек, Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдіру бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының  «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде» 2021 жылға арналған 23 тармақтан тұратын жұмыс жоспары жүзеге асырылуда.

Онда, Абай Құнанбайұлының тағылымына байланысты, «Пайда ойлама, ар ойла» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу, Мемлекеттік қызметшінің туған өлке тарихын білуге ықпал ете отырып, рухани және мәдени тұрғыда кемелдендіру көзделген.

Аталған іс-шаралар, мемлекеттік қызметкердің елінің алдында адал болуға үгіттейді. Алматы облысы әкімі аппаратының  әдеп жөніндегі уәкілі Ғабит  Тұрсынбай, «мемлекеттік қызметші ата-анасына қалай қызмет етсе, халқына дәл солай қызмет көрсетуі тиіс»,-деп сөзін түйіндеді.

Оқылды 1482 рет

Соңғы жаңалықтар

Нау 29, 2024

Көктерек қашан «ауыл» болады?

Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…
Нау 29, 2024

Аудан әкімі тағайындалды

Кеше аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХІХ сессиясында аудан әкімі лауазымынаТалғат…
Нау 29, 2024

Межелер пысықталып, жоспарлар…

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы…
Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет