Дүйсенбі, 18 Қаңтар 2021 11:38

Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстарға жаза қатайтылды

Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстарға жаза қатайтылды Сурет интернеттен алынды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстар үшін жазаны қатаңдатуды тапсырған-ды. Осыған байланысты ІІМ тарапынан кейбір заңнамалық актілерге тиісті өзгерістер әзірленіп, Парламенттің қарауына енгізілді.

Биыл 11 қаңтардан бастап бұл өзгерістер заңды күшіне енді. Осылайша, балаларға қарсы жасалатын жыныстық сипаттағы қылмыстың барлық түрлеріне жауапкершілік қатаңдатылды. Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыс жасағаны үшін санкциялар күшейтілді. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 120-бабы зорлау қылмысы бойынша айтар болсақ, қылмыстық топ құрамында әрекет жасағаны үшін жазаның төменгі шегі – 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыруға көбейтілді. Ата-анасының, өгей әкесінің, педагогтің осындай қылмысқа барғаны үшін санкция 17 жылдан 20 жылға дейін ұлғайтылды. Бұрын бұл норма бойынша санкция 12 жылдан 17 жылға дейін болды.

Мұндай  өзгерістер ҚК 121, 122, 123, 124, 134, 144, 312-баптарына да енгізілді. Бұл бастама кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын зорлық-зомбылық әрекеттері мен қылмыстарды ауыздықтайды деген үміт бар.

Оқылды 711 рет

Соңғы жаңалықтар

Нау 29, 2024

Көктерек қашан «ауыл» болады?

Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…
Нау 29, 2024

Аудан әкімі тағайындалды

Кеше аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХІХ сессиясында аудан әкімі лауазымынаТалғат…
Нау 29, 2024

Межелер пысықталып, жоспарлар…

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы…
Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет