Жұма, 15 Қаңтар 2021 14:44

Еліміздің өркендеуіне қажетті реформалар

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің өркендеуіне қажетті көптеген міндеттер мен реформалар жөнінде мәлімдеді. Оның айтуынша, ел мен жердің тұрақты дамуын қалыптастыру үшін ең алдымен саяси реформаларды дұрыс жүргізіп, әлем жұртшылығының назарында тұрған мәселелерді тиімді шешу керек.
Әсіресе, атқарушы органдардың дербестігін арттырудың маңыздылығын, аудандық, облыстық, республикалық маңызы бар күре жолдардың 100 пайыз жөнделетінін, жастардың даму индексін енгізудің және сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етудің қажеттігін ерекше атап өткен Мемлекет басшысы:
– Алтыншы – азаматтық қоғам өкілдерінің белсенділігін арттыру, жастар саясатын жетілдіру және қайырымдылық қызметін қолдау, – деп азаматтық белсенділікті арттыру жолында тағы бір маңызды қадам жасалатындығына тоқталды. – Өздеріңіз білесіздер, жыл басында мен кейбір заңнамалық актілерге қоғамдық кеңестер қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы тиісті Заңға қол қойдым. Сол арқылы қоғамдық кеңестердің өкілеттігін едәуір күшейттік. Бұл - талқыланып жатқан қоғамдық бақылау туралы заң. Біз онлайн петиция институтын да заң жүзінде рәсімдеуіміз керек. Бұл бастамалардың мақсаты – мемлекет қызметінің тиімділігін арттыру, шешім қабылдауға азаматтық қоғамды тарту.
Одан бөлек Саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5% төмендетуді ұсынған Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздегі саяси реформаның бастауында заң жүзінде тіркелген партияларды алдағы сайлауларға қатысуға ынталандырудың жатқандығын ұғындырды. Шынында ел ішінде әртүрлі пікір мен қисынсыз болжам айтылып, саяси көзқарастардың дұрыс қалыптасуы барлық партияларға теңдей мүмкіндік берілуде жатыр. Осыны жақсы білген Президент Парламент мінберінде өзекті мәселелердің дер кезінде әрі орынды көтерілуі керектігін алға тартты. Әлемнің озық дамыған елдерінің қатарына қосылуды көздеген Қазақстан Республикасы үшін саяси тұрғыдан жаңару керек-ақ.
Жаңа құраммен жұмысқа кіріскен Парламент Мәжілісінің кезекті сессиясында сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі мені осындай ойға жетеледі. Өйткені, оның айтқан әрбір сөзі өзектілігімен, маңыздылығымен ерекшеленіп тұрды.

Жанар Нұрмұханова,
Алматы облысының Азаматтық альянс президенті

Оқылды 817 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Малыбай ауылдық округінің сайлаушылары! Мен, Бектасов Мәди Мәдиярұлы 1982 жылдың…
Сәу 17, 2024

Горнодобывающий сектор – стимул для…

Вольфрам входит в первую десятку редких металлов, незаменимых в современном промышленном…
Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет