Дүйсенбі, 07 Желтоқсан 2020 09:16

Тіл — тұтастықтың тұғыры

Тіл –  татулықтың тірегі, мызғымас елдіктің іргетасы. Өйткені бұл – өмірдің  өзі дәледеген шындық. Қазір еліміз  өз территориясындағы ұлттар мен ұлыстар арасындағы татулығының тамырын тереңдету үшін мемлекеттік тілге басымдық беруге барынша назар аударып отыр. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді»  –  деп, алдағы уақытта қазақ тілінің мәртебесі арта түсуіне  бар мүмкіндік  жасалатындығын айтқан болатын.

Қазір елімізде үкімет  қаулысымен «Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» іске асуда. Аталған бағдарлама шеңберінде, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға күш салынуда. Сонымен қоса,  тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясаты жүргізілуде. Қолда бар ақпаратқа негізделсек, қазіргі уақытта республиканың барлық өңірлерінде мемлекеттік тілді дамытуға арналған 99 орталық жұмыс істейд екені. Ол орталықтарда мемлекеттік тілді үйренуге ынталы топтарды оқыту тегін жүргізіледі. Аталған орталықтарда мемлекеттік қызметткерлер, бюджеттік  ұйымардың қызметкерлері, жұмыссыздар, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер және ҚР-ға тұрақты тұруға көшіп келген азаматтар оқи алады. Бұл бағдарлама мемлекеттік тілдің көсегесін көгертуге серпін беретіні сөзсіз.

Соңғы кездері еліміздегі өзге этнос өкілдері де мемлекеттік тілге мән беріп, өз болашағын осы тілмен байланыстыра бастағаны байқалады. Өйткені қазір түрлі салада  қазақ тілін жеттік меңгерген өзге этнос өкілдерінің көбейіп келе жатқаны көзге оттай басылады. Бұл игі үдеріс ауданымызда да өз жалғасын табуда. Қазақ тілінің еркін меңгерген өзге этнос өкілдері біздің өңірде де аз емес. Солардың  бірі – Джалил Османов. Ол  бүгінде Бөлек ауылдық округі әкімінің орынбасары. Бұл ретте, Джалил Османов: «мен 20 жылдан бері мемлекеттік қызметтемін. Қазір елімізде мемлекеттік тілге көңіл бөлініп, оны дамытуға жақсы жағдайлар жасалуда. Сонымен қоса, өзге этнос өкілдерінеде мемлекеттік тілді үйренуге мол мүмкіндіктер қарастырылған. Ауданымызда өзге этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді үйренуге жағдай жасалған. Сондықтан да біздің аудандағы өзге этностар мемлекетті құрушы ұлттың құндылықтарын насихаттап келеді. Осындай оң өзгерістің әсерінен жыл сайын қазақ мектебіне баратын өзге этнос  балаларының саны артып келеді. Мен әрбір Қазақстан азаматы мемлекеттік тілді білу керек деп ойлаймын. Әрине, бүкіл ел азаматтары  жүз пайыз қазақ тілінде сөйлеу үшін уақыт керек шығар. Қалай десекте, елдің болашағы қазақ тілінде. Меніңше, қазақ тілі біздегі елдік бірлік пен рухани тұтастықтың негізі болып қала береді. Мұны кез келген Қазақстан азаматы естен шығармау керек»,  –  дейді.

Қазақ тілі –  барлық Қазақстандықтардың ортақ тілі, қазақ еліне тағдыр талайымен келіп қоныстанып қалған, өсіп-өрбіген барша этнос өкілдерінің тілі. Сол ұлттар Отаным деп танитын елдің мемлекеттік нышаны да қазақ тілі деуге болады. Қашанда  еліміз үшін тұтастықтың тұғыры болған мемлекеттік тілдің мерейі үстем  бола бергей!

Ерзат АСЫЛ

Оқылды 1027 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 17, 2024

Горнодобывающий сектор – стимул для…

Вольфрам входит в первую десятку редких металлов, незаменимых в современном промышленном…
Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…
Сәу 15, 2024

Жанаргуль НИЕТАЛИЕВА,…

Тургенский филиал Иле-Алатауского ГНПП такие акции с участием школ Тургенского сельского…
Сәу 15, 2024

Алматы облыс әкімі Марат…

Облыстағы аталған бағыт аясында Жамбыл ауданындағы «Жамбыл Жабаев» мұражайы, «Таңбалы»…
Сәу 11, 2024

Аманаттықтар көмек қолын созуда

Алматы облысында су тасқыны болған өңірлерге көмек жинау қызу жүріп жатыр. Игі бастамаға…
Сәу 04, 2024

Ұлт саулығына төнген қатер

Денсаулық – бірінші байлық. Сондықтан саламатты өмір салтын ұстанып, деннің сау болуына…
Сәу 04, 2024

Әлеуетті мекеннің өрісі кең

Ауданымыз жер көлемі мен ел көлемі бойынша алдыңғы қатарда екені белгілі. Соған сай…
Сәу 04, 2024

Сатираның сардары

«Адамгершілігі жоқ қоғамның сатиригі хайуандар туралы мысал жазады. Уот тәк!» – деп…
Нау 29, 2024

Көктерек қашан «ауыл» болады?

Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет