Сейсенбі, 23 Ақпан 2021 09:37

Ата кәсібі – балаға мұра

Ата кәсібі – балаға мұра mezet.kz

Мал шаруашылығы – қазақ халқының ежелден келе жатқан ата кәсібі. Ішсе сусын, жеуге ас, мінсе көлік болған төрт түлік халқымыздың берекелі тіршілігімен біте қайнасқан. Қазіргі уақытта да бұл сала дамудың даңғыл жолында. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауларында агроөнеркәсіптік кешенге ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Жеңілдетілген несие, өнімдерге субсидия беріліп, түрлі бағдарламалар еліміздегі мал шаруашылығының дамуына жаңа серпін беруде. Осы орайда, ауданымызда да ата кәсіптен несібесін айырып отырғандар жетерлік. Жақында солардың біріне барып, шаруашылықпен жақынырақ танысқан болатынбыз.

Бүгінде ағайынды Нұрқанат, Бауыржан, Бектұрсын, Ержан есімді жігіттер әкеден қалған кәсіпті дөңгелетіп отыр. 1980  жылы Нұрлы ауылының жанындағы Сарыбұлақ мекенінде орналасқан «Алматы автобус паркінің» қосалқы шаруашылығынан қалған ғимаратты сатып алған ағайындылар осы күнге дейін төрт түлікті өсірумен айналысады. Жалпы көлемі 100 гектар жерде жылқы, қой, сиыр ұстайды. Күтіп, бағып, уақыты келгенде базарға апарып саудалайды. 

Мал шаруашылығының жай-күйімен таныстырған Нұрқанат Жәнібеков қанатты кеңге жаюға кедергі келтіріп тұрған мәселені де айтып қалды.

– малдарды жазда жайлауға шығарамыз. Алайда, жер мәселесі алдымыздан шығады да тұрады. Мемлекет басшысы игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарып, іскер азаматтарға беруді тапсырған еді. Осы тұста Президент сөзімен толықтай келісемін. Себебі, біз секілді көптеген шаруаларға жүгірген тұлпардың тұяғы тозып, ұшқан құстың қанаты талатын кең даламыздан жер бұйырмай тұр. Әлем бойынша аумағы жағынан тоғызыншы орынды иемденетін Қазақстанда өмір сүріп, мынадай жайтпен бетпе-бет келудің өзі ұят. «Екі қоражай біріне бірі жанасса, нәсібі жұғады» деген ырым бар. Сондықтан біз секілді ниеті, ынтасы бар жандарға қолдау болса екен», − дейді Н.Жәнібеков. 

Сөз арасында  қожалық иесі: «Қанымызда болғандықтан, қазақтың кез келген баласы бұл кәсіпті тез-ақ меңгеріп кетері сөзсіз. Көшпенді халықтың ұрпағы болғандықтан мал шаруашылығына  болмысымыз бейім» – дейді.

Әрине, еңбек бейнетсіз болмайды. Қиындыққа тап келетін кездері де аз емес ағайындылардың. Соның бірі – мал ұрлығы. Жергілікті атқарушы орган, полиция қызметкерлері мен шаруалар болып үш жақтап күресіп жатқан бұл қылмыс әлі күнге тыйылмай тұр. Алайда, Нұрқанат Жәнібековтың сөзінше,  коронавирус дендегелі ұрылардың қарасы азайған.

Мақаламызға арқау болған ағайындылар малға берілетін жем-шөбін сатып алады екен. Айтуларынша, асыл тұқымды малдар ұстамағандықтан, күтімі де қарапайым. Мамырдың 20-сы жайлауда болып, тамыздың  15-і қайта келеді.

Жәнібековтердің тынымды тірліктерін көріп, ата кәсіпті жандандырған ағайындыларға дән риза болдық. Бала-шағасының несібесін төрт түліктен айырып, қанатын кеңге жаюды көздеген олар пайдасы мол іске жастар көптеп араласса екен дейді. Расында, мал шаруашылығына қазіргі жастардың аса қызығушылық таныта бермейтіндігі жасырын емес. Төрт түлікте береке барын көнекөздер бекер айтпаса керек. Алысқа бамай-ақ, кейіпкерлерімізді мысалға алайық. Тұрып жатқан үйлері зәулім сарайдан кем емес. Автокөлікке де зәру емес. Балаларына алып қойған қаладағы үйін және есепке алыңыз. Одан бөлек, дастархандағы берекені айтпасақ та түсінікті шығар.

Әкелері Бұтақбай ұлдарын еңбекке ерте араластырған. 7-8 жастарынан әкесіне қолғабыс ете жүріп, кәсіп меңгерген ағайындылар мал шаруашылығының қыр-сырын жетік меңгерген. Осы тұста жібі үзілмеген сабақтастықты байқадық. Қораны төңіректеп ойын балалары жүр. Ол – Бұтақбайдың немерелері. Осыған қарап, игі, пайдасы мол істің ғұмыры өміршең болар деп топшыладық.

Ілия СҰЛТАН

Оқылды 4207 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет