Жұма, 12 Ақпан 2021 10:09

Берекелі мекеннің болашағы жарқын

Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының ежелгі мекені – ауыл. Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ауылдарға жағдай жасалып, әлеуеті артуда. Осы орайда, ауыл жұртшылығының әл-ауқатын білуге, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысу мақсатында Малыбай ауылдық округіне арнайы барған болатынбыз. Сапарымыз округ басшысы Бахытжан Аухадиевпен жалғасты.

 

Жайылымдық жер тапшы

Округтің жалпы жер көлемі 9001 гектарды құраса, оның 2592 гектары суармалы жер, жайылымдық жер – 1390 гектар.

1963 жылы В.И.Ленин атындағы ұжымшар «Маяк» темекі кеңшары болып қайта құрылған.  Ол кезде 10 отар қой, сиыр фермасы болған. 1964 жылы «Сөгеті» қой кеңшарына 10 отар қой жайылыммен бірге өтіп кеткен. 2010 жылдан бастап ауыл тұрғындарының ірі қара және ұсақ малдарының көбеюіне байланысты  жайылым мәселесі көтеріле бастады. Қазіргі таңда округ аумағындағы ірі қара 3000-нан асып жығылады. Ұсақ малдың саны 6390 басқа көбейген. 

Бұл мәселені шешу үшін 2017 жылы  аудан әкіміне және аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысына хат жолдағанымен, еш шешімін таппаған. 2019 жылы ғана ауылдық округке тиесілі жайылым жерлерді анықтау туралы тапсырма берілді. Жүргізілген жұмыс нәтижесі бойынша Малыбай ауылдық округінде 3200 га жайылымдық жер бар екені анықталған.

Жайылымдық деп белгіленген жерлер мал жаюға қолайсыз, тастақты, үстірттер болып шықты. Бұл мәселені  шешу үшін «Асы» жайлауынан маусымдық жайылымдық жерлер қарастырылуы керек-ақ.

Жақында өткен аудан әкімінің тұрғындар алдындағы есебінде де жайылымның мәселесі көтерілген болатын. Әкімнің тапсырмасына сәйкес, комиссия құрылып, биыл бұл проблема оң шешімін табуы тиіс.

Айта кетейік, Малыбай округінде  1 ауылшаруашылық  кооперативі, 2 жауапкершілігі   шектеулі серіктестік және  448 шаруа  қожалығы бар. Былтырғы жылы дәндік жүгері, соя, күнбағыс, картоп,  көкөніс, жоңышқа өнімдері бітік шыққан. Ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру үшін агротехникалық және химиялық әдістер толығымен орындалуда. Жеміс-жидектер мен көкөністер алқабының аумағы жыл санап артуда. Округтегі  56 гектар жерге отырғызылған алма бағы осыған дәлел.

 

Жастар саябағы ашылды

Былтыр Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арнап Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлерге қойылған ескерткіштің маңына, сұрапыл соғыстан жеңіспен оралған ардагерлерге ескерткіш тақта қойылды. Ескерткіш ардагерлердің балалары және ауыл тұрғындарының демеушілігімен бой көтерген.

Тағы бір жағымды жаңалық, ауылда жастардың бастамасымен Жастар саябағы ашылған. Бүгінде саябақты абаттандыру, жасылдандыруға көңіл бөлінуде. Былтыр күзде саябаққа 150 түп көктерек отырғызылған.

 

«Көктерекке» ауыл мәртебесі керек

Малыбай ауылынан 3 шақырым қашықтықта орналасқан «Көктерек» бөлімшесінің тұрғындары инфрақұырылымға қол жеткізе алмай отыр. Себебі, елді мекенге ауыл мәртебесі берілмей, бюджеттен қаржы бөлінбейді. Инфрақұрылымнан бөлек, бөлімше тұрғындары тұрғын үйлерінің құжаттарын да заңдастыра алмайды.

Тарихи деректерге сүйенсек, Көктерек ауылы 1874 жылдары құрылған.1929 жылдан тұрғындар ауылшаруашылық бағытындағы техникалық дақылдарды өсірумен айналысқан. Кейіннен 1963 жылы «Маяк» темекі совхозы қайта құрылған. Көктерек ауылында 1980 жылдары сүт фермасы салынып, құрылыс қарқынды жүрді. Тәуелсіздік алғаннан кейін қандастарымыз елге  оралып, Көктерекке қоныстана бастайды. Бұл бөлімшеде бүгінгі күні 46 жанұяда 250 адам тұрады. 5 көшесі бар елді мекеннің жұртшылығы  негізінен мал шаруашылығы және егіншілікпен айналысады.

Округ әкімдігі бұл мәселе бойынша тиісті мекемелерге сұраныс жасаған. 2018 жылы аудан әкіміне «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру» туралы ұсыныс жіберілген. Бірақ,әлі күнге нәтиже жоқ.

 

Кәсіпкерлік саласы жандануда

Малыбай – тынымсыз тіршілігімен, қаймағы бұзылмаған ынтымағымен, қонақжайлығымен ерекшеленетін елді мекен. Ауылда 2 кафе, 18 дүкен, 1 ТЖО, 2 дәріхана, 1 тігін цехы қызмет көрсетеді. Дегенмен, коронавирус індетінің  таралуына орай енген карантиндік шараларға байланысты демалыс орындары мен кафелер өз жұмыстарын уақытша тоқтатқан. Азық-түлік дүкендері мен шаруашылық, автобөлшектер дүкендері карантинде қойылған шектеулер негізінде жұмыс істеді. Айта өтейік, шағын кәсіпкерлердің арасынан 2 дәріхана мен тігін цехы індет кезінде ауыл тұрғындарына дәрі-дәрмекпен, бетпердемен толығымен қамтамасыз еткен.

 

Экстремалды спорт алаңы

Ауданымызда спорт пен туризмді дамытуға барынша қолайлы жағдай жасалуда. Осы екі саланың басын біріктірген экстремалдық спорт кешені жұмыс істейді Малыбайда. Туризм саласын дамыту үшін ауылдың жоғарғы жағындағы өзеннің жағалуында «Рафт-Сервис» демалу орны қызмет көрсетеді.

Рафтинг – таудағы өзен бойымен жүзу. Бұл белсенді адамдарға арналған эмоциялық демалу. Үрлемелі қайық арқылы тау өзендері мен жасанды  каналдарды есіп өтетін спорт түрі.

Шелек өзені арқылы ағып өтетін маршрутта 3-4 күрделілік санатындағы кедергілер орналасқан. Сәтті жүзіп өту экипаждың әр мүшесінің үйлесімді жұмысына байланысты. Адреналинмен шектеліп қана қоймай, айналаңызды таңғажайып ландшафттар қоршап жатыр. Рафтингпен қатар  өзен жағасында демалыс орындары бар.

 

Оқушылар мұңы – сапасыз интернет

Бүгінде Малыбай орта мектебінде 737 бала  білім алуда. Мектепте 1,4,9 және 11-сынып  оқушылары оқыса, қалғаны қашықтан блім алуда. Мұндағы жалғыз мәселе, ауылдың жоғарғы жағында орналасқан «Көктерек» бөлімшесінде интернет байланысы өте төмен. Осыған орай, қашықтан білім алуға көшкен көктеректіктердің білім алуына сапасыз интернет кедергі келтіруде.

Білім ордасы 1976 жылы бой көтерген. 2011 жылы жылу жүйесі толықтай ауыстырылған. 2020 жылы мектептің ішкі дәретханаларын жөндеуге бюджеттен  4,5 млн тенге бөлініп, мердігер «Каz Turk» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізген.

Мектеп қабырғасында қайырымдылық акциялары да жиі ұйымдастырылады. «Мектепке жол» акциясы бойынша әкім аппараты бірлесіп 10 оқушыны мектепке қажетті  құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткен. Жеке кәсіпкер Тұрғынбибі Палтиева 15 оқушыны қыстық киіммен камтыған. Жалғыз басты аналарға және тұрмысы төмен 20 отбасына әлеуметтік көмек көрсетілген.

 

Үрмелі аспаптар оркестрі қайта құрылмақ

Малыбайда алдағы уақытта үрмелі аспап оркестрін қайта құру жоспарлануда. Бұл – ауыл жастарын патриоттыққа тәрбиелеуге өз септігін тигізеді дейді ауыл тұрғындары. Әкім аппараты, ақсақалдар алқасы, жігіт ағалары жастармен бірлесе жиында өткізілген бұл бастама аясында.

Әкім аппаратының бас маманы М.Шыныбековтің сөзіне сүйенсек, Кеңес одағы кезінде ауылда үрмелі аспаптар оркестрі болған. «Рухани  шараларды жандандыру мақсатында үрмелі аспаптар оркестірін құруды қолға алсақ деген ниеттеміз. Қазіргі таңда ауылда аспаптарда ойнайтын музыканттарымыз және жастарды үйретуге атсалысатын дирижерымыз Роши Садваков ағамыз бар», – дейді М.Шыныбеков.

 

Аудан орталығына баруға мәжбүр

Адамның денсаулығы – қоғамның байлығы. Осы ретте ауылдағы дәрігерлік амбулаторияға да арнайы бас сұқтық. 23 қызметкерден құралған медициналық ұжым бүгінде тұрғындандың саулығы үшін тер төгуде. Қазіргі уақытта карантин шектеулерін толық сақтап, ауылдықтардың денсаулығын қадағалау жұмыстарын жүргізуде. Десек те, денсаулық сақтау саласының өзекті, әлі шешімін таппаған бір мәселесі бар. Ол – ауыл тұрғындарының Есік қаласындағы ауруханасында тіркеуде болуы. Қарапайым сараптама (анализ) тапсыру үшін малыбайлықтар аудан орталығына сабылуға мәжбүр. Осы проблема ауыл тұрғындарын әбден әбігерге салған.

Аталған мәселе бойынша тұрғындарды Шелектегі аудандық ауруханаға ауыстыру жөнінде тиісті мекемелерге ұсыныс жасалған. Алайда, ешқандай өзгеріс жоқ.

 

Сапалы су – әр аулада

Ауылда 3 су мұнарасы жұмыс істейді. 1976 жылы  жылы жасалынған ауыз су құбыры осы күнге дейін күрделі жөндеуден өтпеген. 2020 жылы 19 тамызда  «Орталық Азия консалтингі және ресурстары» қоғамдық қорының демеушілігімен 466 400 теңгеге су соратын насос сатып алынған. Ауылдағы 960 ауланың барлығына ауыз су кіргізіліп, келісім-шарт жасалған. Жуырда есептегіш құралдарын орнату жұмыстары да аяқталды.

 

Шатырдан су ағады 

Қоғамның материалдық дәрежесі көтерілген сайын рухани өмірі де жоғары болмақ. Біздің қазіргі қоғамдағы қиын жағдай өтпелі кезеңде туындаған болатын. Қаражаттың жетіспеуінен көптеген мәдени ошақтар жеке меншікке өтіп, бүгінде ғимараттардың қаңқасы ғана қалған. Бірақ, Малыбайдағы мәдениет үйі тұрғындардың игілігі үшін жұмыс жасауда. Б.Аухадиевтің айтуынша, мәдениет үйі 2014 жылы толық жөндеуден өткен. Бірақ  жауған жаңбыр мен қардың әсерінен ғимараттың шатырынан су өтіп, қызметкерлердің мазасын қашыруда.

Осындай кедергілерге қарамастан, мәдени шаралардың қатары сиремегені қуантады. Мәселен, жуырда ғана ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай онлайн режимінде ауыл тұрғындарының арасында Абай оқулары өткізілген.

 

ТҮЙІН: 

Малыбай ауылдық округіне жасаған сапарымыз барысында бірталай жақсылықтарға куә болдық. Десек те, қордаланған мәселелер қалыпты тіршіліктің күйін қашырып тұр. Округ әкімдігі түйткілдің түйінін тарқатуға барын салып, тұрғындармен бірлесе жұмыс атқаруда.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған мәселелер жақын арада шешілетіндігі аудан әкімінің есептік кездесуінде айтылды. Демек, берекесі тасып, бірлігі жарасқан ауылдың келешегі кемел, болашағы жарқын болары сөзсіз.

 

Ілия СҰЛТАН.

Оқылды 3442 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Малыбай ауылдық округінің сайлаушылары! Мен, Бектасов Мәди Мәдиярұлы 1982 жылдың…
Сәу 17, 2024

Горнодобывающий сектор – стимул для…

Вольфрам входит в первую десятку редких металлов, незаменимых в современном промышленном…
Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет