Сәрсенбі, 02 Желтоқсан 2020 10:32

Жемісті бағдарлама

Шағын және орта бизнесті дамыту, сол арқылы азаматтарды жұмыспен қамту – ел экономикасын арттырудағы басты бағыттардың бірі. Осыған орай Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында ауданымызда 106 нысан жүзеге асып, бюджеттен 11,5 млрд теңге бөлінген. Қазіргі уақытта аталған жұмыстар мерзімінде аяқталып, соңғы нысандар жақын арада пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. 

Жақында Қостанай облысына жасаған сапарында ел Президенті аталған бағдарламаны өткен ғасырдың екінші ширегінде Америка Құрама Штаттарын тығырықтан шығарған Рузвельттің бағдарламасымен салыстыруға болатындығын айтқан еді:

«Объективті себептерге байланысты шешілмеген көптеген міндет қазір жұмыспен қамтудың жол картасы арқылы шешімін тауып жатыр. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік инфрақұрылым да солай. Яғни, мазмұны мен мақсаттары тұрғысынан Қазақстанның «Жұмыспен қамту жол картасын» Рузвельттің 30-40 жылдардағы АҚШ-ты дағдарыстан шығару бағдарламасымен салыстыруға болады, бірақ, әрине, Қазақстанның әлеуетіне, біздің мүмкіндігімізге бейім-деу қажет. Сондықтан біз бағдарламаның жүзеге асырылуын мұқият қадағалаймыз» – деді Қ.Тоқаев.

Бұдан бөлек елімізде жұмыссыз азаматтарды қайта оқыту және жұмыспен қамту, жаңадан ашылып жатқан бизнес субъектілеріне қолдау көрсету мақсатында «Еңбек» бағдарламасы қолға алынған. Бүгінде аталған бағдарлама өз жемісін беріп, жастарға үлкен қолдау білдіруде.

Халықты жұмыспен қамту орталығы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында биылға техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша 150 азаматты оқуға жіберу жоспарлаған. Қазіргі таңда 267 азамат оқуға жіберілген. Бұл – бірінші бағыт.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша кәсібін жаңадан бастаған азаматтар мемлекет қолдауына ие болды. «Бастау бизнес» жобасы аясында  ағымдағы жылы 310 азамат оқуға жіберіліп, оның ішінде 69 адам  қайтарымсыз қаражат алған. Сонымен қатар, 115 азамат 528 000 млн теңге көлемінде шағын несиеге қол жеткізген.

Үшінші бағыт – жастарды жұмыспен қамту. Бұл бойынша 2020 жылы жас-тар тәжірибесінен өтуге 130 азаматты жіберу жоспарланған. Жастар тәжірибесін аяқтаған азаматтар, келісім шарттың талаптарына сәйкес, сол мекемеге тұрақты жұмысқа орналастырылатын болады. Бүгінгі күні, 133 азамат жастар тәжірибесіне жолдама алған.

Сондай-ақ, әлеуметтік жұмыс орындарына ағымдағы жылы 122 азаматқа жолдама беру жоспарланып, меже артығымен орындалған. Яғни, бүгінгі күні 143 азамат жұмысқа жіберілген. Жыл соңында, әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама алған азаматтар тұрақты жұмысқа орналасатын болады. 

Ақылы қоғамдық жұмысқа ағымдағы жылы 2288 адам тартылған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды квота бойынша жұмысқа орналастыру бағыты назардан тыс қалған жоқ. Атап айтқанда, ағымдағы жыл басынан мүмкіндігі шектеулі азаматтарды 6 мекемеге тұрақты жұмысқа орналастырылған. Қалған 4 мекемеге жұмысқа орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

«Жалпы алғанда, шағын және орта бизнес – бұл біздің басым бағытымыз. Мен бұл туралы өз Жолдауымда көп айтқанымды білесіздер. Пандемияға қарамастан, біз шағын және орта бизнеске айтарлықтай көмек көрсетеміз. Біздің өңірде шағын және орта бизнеске осындай үлкен қолдау көрсетіп жатқан Қазақстан» – деген еді Қ.Тоқаев өз сөзінде. Бүгінде жұмыссыздық мәселесін шешу дүние жүзі елдерінің күн тәртібінде тұр. Оған қоса, пандемия бүйірден қысқан кезеңде жұмыссыздардың саны күрт өсті. Еліміз бұл мәселені шешуде оңтайлы бағдарламаларды жүзеге асырып, жұмыссыздық проблемасын бизнесті дамыту арқылы шешуді қолға алды.

 

Сардарбек НҰРАДИН

Оқылды 835 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Малыбай ауылдық округінің сайлаушылары! Мен, Бектасов Мәди Мәдиярұлы 1982 жылдың…
Сәу 17, 2024

Горнодобывающий сектор – стимул для…

Вольфрам входит в первую десятку редких металлов, незаменимых в современном промышленном…
Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет