Бейсенбі, 03 Наурыз 2016 12:37

Ислам дініндегі әйелдің орны

Ислам діні адамзатқа келмес бұрын, адамдар әйел затын бүгінгідей сыйламақ түгілі, ар-намысын таптап, кемсіткен екен. Ал, Ислам діні келісімен әйелдің қоғамдағы орны белгіленіп, ар-намысы қорғалып, еңсесі көтерілген. Яғни, Алла Тағала әйел затын қорламауды айтып, қорғайтындығын ескерткен. Алладан кім қорықпайды? Бәрі де Раббымыздың алдында бас иеді, әрбір жүрек Жаратушының барын сезіп, сескенетіндігі ақиқат. Өйткені, әрбір іс-әрекет үшін ақыретте сұралатындығымыз белгілі.

 

Омар (р.а) «Біз әйел баласының да жеке құқықтары болатынын Ислам келуімен біле бастадық», деген. Ислам дінінің көзқарасында әйел заты – аяулы ана, сүйікті жар, сүйкімді қыз, жанашыр әпке. Сондай-ақ, хадистерде: «Жәннат ананың табанының астында», «Сендердің ең жақсыларың, әйелдеріңе ең жақсы қарым-қатынаста болғандарың», деп айтқан. Бұл сөздермен Ислам діні еркектерді әйел затын сыйлауға тәрбиелейді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) осы хадистерінен кейін ешбір бала анасына, ершбір еркек әйелге жақсылықтан өзгені жасамаса керек.

Ислам тарихындағы Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) кейін алғаш Исламды қабылдап, дін жолында бар байлығын сарп ете білген әйел кісі Хадиша анамыз (р.а) болды. Сол себепті, Алланың елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ел менен теріс айналған кезде Хадиша маған сенді. Айтқандарымды ешкім қабылдамағанда, менің сөзімді алғашқы болып растаған сол еді» – деп, оны өмір бойы ұмытпай, жасаған жақсылықтарын үнемі еске алумен болды. Хадиша анамыз (р.а) тірі кезінде жәннаттағы үйімен сүйіншіленген әйел кісі еді. Бірде Жебірейіл періште (а.с) Пайғамбарымызға (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) келіп: «Раббым Хадишаға сәлем айтты. Менен де сәлем айта бар. Оған жәннатта шаршамайтын, шалдықпайтын үй тұрғызылады», дейді. Бұл қуанышты Алла елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) Хадиша анамызға (р.а) келіп: «Уа Хадиша! Саған Алла мен Жебірейіл сәлем айтты, деп хабар жеткізгенде Хадиша анамыз р.а Алланың Өзі Сәлем, ал, Жебірейілге сәлем болсын» – деп, көрегенділік танытады.

Сонымен қатар, Исламда ең алғаш Алла жолында құрбан (шаһид) болған да әйел кісі Сумәийә болған. Сондай-ақ, Айша (р.а) секілді Алла елшісінен (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) біздерге көптеген хадистерді жеткізген аналарымыз болатын.

Бір күні Алла елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) Қағбада намаз оқып тұрған кезінде мүшріктердің бірі келіп, үстіне түйенің ішек-қарнын тас-тап жібереді. Сонда, мұны көрген Фатима (р.а) анамыз әлгілерді ұрсып, әкесінің үстін сүртіп, демеу көрсетеді.

Ислам діні жолындағы осындай аналарымыздың табанды ерліктері мен қажырлы еңбектерін бағалап, Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын):  «Осы дүниеде және ақыретте құрметке бөленетін төрт әйел бар: Имранның қызы Мәриям, перғауынның жары Әсия, Хуалидтің қызы Хадиша, Мұхаммедтің қызы Фатима», деген.

Ислам тарихшыларының сөзіне сүйенсек, әйелдер дін үшін соғыстарда да ерен еліктер көрсеткен. Қолдарына қару алып, соғысумен қатар, керек кезінде түрлі қызметтер де атқарған. осыған орай қазақ халқында «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген ұлағатты сөз де бар. Қорыта келгенде, Ислам дінінде әйелдің орны ерекше. Ислам діні әйелге Алланың аманаты ретінде қарауды бұйырған. Сондықтан, әйелге деген құрмет зор болуы тиіс.

Сапархан АЙДАРХАНҰЛЫ

Ауданның бас имамы.

Оқылды 3372 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жас өркен, жат ағымнан сақтан! Ата-анаға борыштымыз »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет