"Жаңбырмен жер көгерер, батамен ел көгерер" демекші, ауқымды істің алдында үлкеннің батасын алу – ежелден келе жатқан қанға сіңген қасиет пен тәрбиенің бір көрінісі. Ата жолдан аттамаған депутаттыққа үміткерлер – Сағымбек Бекқожа, Камшат Карагулова, Ринат Беков, Жұлдыз Абдықадырова мен Шелек ауылдық округі әкімінің орынбасары Мәди Бектасов Шелек ауылының ақсақалы, ауданымыздың құрметті азаматы – Елеусіз Сұлтанғазиев пен Шелек ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшесі – Жетпісбай Сыдықбаевқа арнайы барып, батасын алды. "Депутат деген мандат емес, ол – халық алдындағы, ел мен жер алдындағы…