Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер, Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасының директоры Жәмиля Абеуова бүгін қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында медицина қызметкерлерін бүгінгі Тәуелсіздік күнімен құттықтап, «Бейбіт күніміз мәңгі болғай!» деп ақжарма тілегін білдірді. Пандемия кезінде қайсарлық танытып, күн-түн демей еңбек еткен дәрігерлер мен мебдикелерге алғысын айтты. «Біздің ең басты мақсатымыз - халықтың денсаулығын сақтау. Бүкіл әлемді жайлаған коронавирус індетімен бірге күресіп, ел амандығы үшін аянбай еңбек етеміз», - деді. Ары қарай қызметкерлерін «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен жан-жақты таныстырып, сайлауда өз таңдауларын жасап,…