Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарымен жер-жерді аралап жүрген кандидаттар «Nur Otan» партиясының алға қойған міндеттерін халыққа барынша таныстыруда. Бүгін Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылына Алматы облысы мәслихат депутаттығына кандидат Константин Нестеров келді. Текелі қаласындағы Мәдениет үйінің директоры, «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі ауыл тұрғындарымен кездесіп, партияның Алматы облысы бойынша дайындалған сайлауалды бағдарламасын таныстырды. «Біздің бағдарламамыз Алматы облысын кешенді дамытуды мақсат еткен. Әр саланың тың серпін алуын, халықты жұмыспен қамтып, тұрғындар үшін қауіпсіз аймақ құруды, азық-түлік сапасын арттырып, кәсіпкерлікті қолдауды, экологиялық жағдайды жақсартып, өңірде…