Жұма, 08 Қаңтар 2021 10:48

Үгіт-насихат жұмыстары ойдағыдай аяқталды

Осыдан бір ай бұрын басталған сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аяқталуға жақын. Партиялардың сайлауалды бағдарламаларын сайлаушыларға таныстыру бүгін кешкі 23:59-да аяқталады. Еліміздегі жетекші саяси ұйым «Nur Otan» партиясы үгіт-насихат кезінде аз жұмыс атқарған жоқ. Партияның Еңбекшіқазақ аудандық сайлауалды штабы саяси науқанға қызу дайындықпен кірісіп, артылған жүкті жауапкершілікпен атқарып шықты. Бұл туралы штаб мүшелері баспасөз брифингі барысында айтты.

Үгіт-насихат жұмыстарының соңғы күнінде, яғни, 8 қаңтарда «Nur Otan» партиясының аудандық сайлауалды штабы жергілікті журналистермен баспасөз брифингін өткізіп, соңғы бір айда атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Шараға штаб жетекшісі Қуат Байғоджаев, мүшелері Василий Деревянко мен Тілеулес Ұзақов қатысты.

– Өздеріңіз білесіздер, «Nur Otan» партиясы құрылған алғашқы күннен-ақ, халықтың әл-ауқатын арттыру, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жолында жұмыс істеп келеді. Партиямыз заман көшіне ілесіп, жаңарып, жаңғыру жолында. Оған дәлел, сайлау алдындағы партияішілік праймериздің өткізілуі. Тек іскер азаматтарға ғана мүмкіндік сыйлайтын бұл науқан ойдағыдай өтіп, пратияластарының көп дауысын жинаған 11 үміткер облыстық, 50 кандидат аудандық мәслихатқа үміткер ретінде аудандық сайлау комиссиясында тіркеліп, құжаттары рәсімделді. Сайлауалды үгіт-насихат кезінде кандидаттар партияның бағдарламаларын аудан тұрғындарына түсіндіріп, кездесулер өткізді – деді Қуат Сұлтанұлы.

Штаб жетекшісінің айтуынша, ата-баба салтынан аттамаған қазақ халқының құндылықтарын сақтаған партия мүшелері насихат жұмысының алғашқы күнінде облысымызға белгілі ақсақал Елеусіз Сұлтанғазиевтың шаңырағына барып, партия ардагерінің ақ батасын алған. Канвассинг деп аталатын партиялық шара кезінде кандидаттар еңбек ардагерлерінің, қарттардың батасын алған.

Тілшілердің сұрағына ретімен жауап берген Қуат Байғоджаев науқан кезінде жүзеге асқан нақты шаралар бойынша есеп берді.

– Алып ауданымыздың тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасын, ондағы басымдықтарды жүзеге асыруға бағытталғаніс-шаралар жоспарын жеткізуде аз жұмыстар атқарылған жоқ. Аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінде 37 мақала жарық көрді. Ақапараттық технология қарыштап дамыған қазіргі уақытта әлеуметтік желілер мен интернет-басылымдардың маңызы зор. «Nur Otan» партиясы осыған баса назар аударып, mezet.kz желілік басылымына 50 үгіт-насихат материалдары жарияланды. Бұл жергілікті жердегі атқарылған ақпараттық жұмыстар. Бұдан бөлек, келісім-шарт жасаған 6 интернет-басылымдарда ауданымыздағы үгіт-насихат жұмыстары туралы 427 мақала шықты. Сондай-ақ, мәслихат депутаттығына үміткерлер өздерінің әлеуметтік желілерінде 7253 пост салып, сайлаушыларды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды – деді Қуат Сұлтанұлы.

Сайлауалды науқан кезінде штаб мүшелері, кандидаттармен қатар, волонтерлар да насихат жұмыстарына белсене араласқан. 217 ерікті жастар елді мекендерді аралап, үнпарақтар, сайлауалды бағдарлама кітапшалары мен имидждік материалдарды таратқан. Партияның орталық аппаратынан келген 69 274 ақпараттық материалдары түгелдей аудан тұрғындарына үлестірілген.

Журналистердің «Үгіт-насихат кезінде қандай да бір қиындықтар болды ма?» – деген сауалына штаб жетекшісі карантиндік шаралардың күшейтілуінен көптеген ауқымды шараларды жүзеге аспай қалғанын айтты. Сөзіне сүйенсек, «Nur Otan» партиясы партия жақтастарының форумдары мен флешмоб секілді ауқымды шараларды өткізуді, сайлаушылармен кеңейтілген кездесулер ұйымдастыруды жоспарлаған. Бірақ, қауіпті дерттің таралуына жол бермеу мақсатында күшейтілген карантиндік шаралардың салдарынан көптеген іс-шаралар онлайн түрде өткізілген. Десек те, бұл – партияның үгіт-насихат жұмыстарына кедергі болмай, барлығы ойдағыдай жүзеге асқан.

Брифинг соңында Қуат Байғоджаев сайлауалды штабтың мүшелеріне ризашылығын білдірді. Әсіресе, қоғамдық қабылдау бөлмесінің өкілдері, Тілеулес Ұзақов, Василий Деревянко, Асыл Байтулақов партияға жүгінген азаматтардың мәселелерін шешу мақсатында заң аясында әрекет етіп, көпшіліктің алғысына бөленді. Жалпы бір айдың көлемінде қоғамдық қабылдауға 187 жазбаша өтініш түскен. Бұдан бөлек, азаматтарға әлеуметтік желі, телефон байланысы арқылы және ауызша түрлі бағыттағы кеңестер берілген.

 

Тақырыпқа тұздық

Партияға алғысы шексіз

Сайлауалды үгіт-насихат науқаны қызған тұста «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесі азаматтарға көмек қолын созуды жалғастыруда. Осылай деген Есік қаласының тұрығыны Зинагүл Нұранова газет арқылы партияға алғысын жеткізді.

Қоғамдық қабылдауға келген зейнеткердің ұлы ҚР-ның азаматы, ал келіні шетел азаматы. Аяғы ауыр келіні Есік қаласындағы перзентханада босанып, нәрестенің құжаттарын рәсімдеуде бірқатар қиындықтар туындаған. Осыны айтып, бірнеше табалдырықты тоздырған Зинагүл Нұрановаға «Nur Otan» партиясы көмек қолын созып, кеңес берген. Тиісті мекемелерге хабарласып, қажетті құжаттарды жинауға көмектескен. Осылайша, немересінің құжаттарын қолына алған зейнеткер партияға алғысын жеткізіп, ризашылығын білдірді.

Нақты істермен ғана өзін дәлелдеген саяси ұйымның бағдарламаларын қолдап, сайлауда «Nur Otan»-ға дауыс беретіндігін айтты.

 

 

Сардарбек НҰРАДИН

 

Сайлауалды үгіт-насихат бағытындағы материалдар «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының сайлау қорынан төленеді.

 

Оқылды 120 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 22, 2021

Емдік қасиеті бар ғажайып сусын

Ағзаға өте пайдалы шырын дайындайық.3 ай қабылдау қажет. Денсаулық көп ұзамай қалпына…
Қаң 21, 2021

Қазақы ауылдың жаңа келбеті

Ауыл – ел бесігі. Осынау алтын бесіктің құшағында тербелген тұрғындардың тұрмысы жайлы,…
Қаң 21, 2021

VII шақырылған Еңбекшіқазақ аудандық…

«Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы»…
Қаң 21, 2021

Тәні саудың жаны сау

Спорттың адам өміріндегі орны ерекше екендігі баршамызға мәлім. Спортпен айналысқан…
Қаң 21, 2021

Қызыл аймақта 6 облыс, 1 қала тұр

Денсаулық сақтау министрлігі 21 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын…
Қаң 21, 2021

На 1,2 млрд тенге защищены права…

Палата предпринимателей Алматинской области в прошлом году защитила права…
Қаң 21, 2021

Алматы облысындағы 16 мыңнан астам…

2020 жылы Алматы облысында 16 мыңнан астам кәсіпкер сервистік қызметтер мен кеңестер…
Қаң 20, 2021

Коммуналдық төлемдерге тарифтер…

Баға бағамы шарықтаған тұста коммуналдық қызмет саласындағы тариф құнының тұрақты болуы…
Қаң 20, 2021

Алматы облысында індеттің қарқыны…

ҚР эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасы бойынша Алматы облысы "сары" аймақта. 2021…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2021 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет