Сейсенбі, 05 Қаңтар 2021 15:12

Этно-мәдени орталықтардың мүшелерімен кездесті

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер – Айгүл Қуспан, Данияр Алимбаев, Жанна Тельпекбаева, Ержан Жасыбаев ауданымыздағы этно-мәдени орталықтардың өкілдерімен кездесті. Үміткерлер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, халықты 10 қаңтардағы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Жүздесудің алғашқы сөзін сөйлеген «Nur Otan» партиясының аудандық сайлауалды штаб басшысы Қуат Байғоджаев сайлаудың маңызын тілге тиек етіп, Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткерлерге сөз берді. Белгілі дипломат Айгүл Қуспан «Nur Otan» партясының ел дипломатиясының қалыптасуына қосқан үлесіне тоқталды. Бұл ретте, Айгүл Қуспан: «Отыз жылға жуық күрделі әрі есею жолынан өткен Қазақстан дипломатиясының барлық толайым табыстары мен ірі жеңістері Елбасы, «Nur Otan» партиясының жетекшісі Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты. Тәубесінен торығуы басым болған тоқсаныншы жылдары тоталитарлық жүйенің жойқын қыспағынан енді ғана шыққан жас республиканы тарихи қысқа мерзім ішінде дүниежүзілік қоғамдастықтың терезесі тең, мүмкіндігі кең мемлекет дәрежесіне көтерген Қазақстан лидері, қазіргі заманның ең танымал да беделді, ықпалды саясаткерлерінің биік шоғырында тұрғандығы кәміл. Бүгінде біз көрші елдермен шекара мәселесі шешілген, өзіндік дипломатиялық ұстанымы бар іргелі ел ретінде қалыптастық», – деді.


ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Ержан Жасыбаев: «Жыл сайын республикалық және жергілікті бюджеттерден түрлі маңызы бар автомобиль жолдары үшін 200 млрд теңге қаржы бөлінеді», – деп жол мәселесіне тоқтала отырып, жыл сайын 5 мың шақырымға жуық жолға жөндеу жұмыстары жүргізілетінін жеткізді. Үміткердің сөзінше, «Nur Otan» партиясы алдағы уақытта елдің инфрақұрылымын жақсарта түсуге күш салады.
Кездесу соңында аудандық сайлауалды штаб басшысы Қуат Байғоджаев: «Біздің партияның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту. Әлеуметтік-экономикалық даму жолы айқындалған, білім мен медицина сапасы артқан жайлы аймақтың тұрақтылығын бірге сақтап қаламыз. Партияға дауыс беріп, ел ертеңі үшін жұмыла жұмыс істеуге шақырамын!», –  деді. 


Ерзат АСЫЛ

Оқылды 118 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 22, 2021

Емдік қасиеті бар ғажайып сусын

Ағзаға өте пайдалы шырын дайындайық.3 ай қабылдау қажет. Денсаулық көп ұзамай қалпына…
Қаң 21, 2021

Қазақы ауылдың жаңа келбеті

Ауыл – ел бесігі. Осынау алтын бесіктің құшағында тербелген тұрғындардың тұрмысы жайлы,…
Қаң 21, 2021

VII шақырылған Еңбекшіқазақ аудандық…

«Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы»…
Қаң 21, 2021

Тәні саудың жаны сау

Спорттың адам өміріндегі орны ерекше екендігі баршамызға мәлім. Спортпен айналысқан…
Қаң 21, 2021

Қызыл аймақта 6 облыс, 1 қала тұр

Денсаулық сақтау министрлігі 21 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын…
Қаң 21, 2021

На 1,2 млрд тенге защищены права…

Палата предпринимателей Алматинской области в прошлом году защитила права…
Қаң 21, 2021

Алматы облысындағы 16 мыңнан астам…

2020 жылы Алматы облысында 16 мыңнан астам кәсіпкер сервистік қызметтер мен кеңестер…
Қаң 20, 2021

Коммуналдық төлемдерге тарифтер…

Баға бағамы шарықтаған тұста коммуналдық қызмет саласындағы тариф құнының тұрақты болуы…
Қаң 20, 2021

Алматы облысында індеттің қарқыны…

ҚР эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасы бойынша Алматы облысы "сары" аймақта. 2021…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2021 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет