Дүйсенбі, 04 Қаңтар 2021 10:44

Мемлекеттік қызметтер автоматтандырылады

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Айжан Әбіт Есік қаласында орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығында экспромт кездесу өткізді. Кездесу барысында Халыққа қызмет көрсету орталығынының қызметкерлері мен онда келген аудан тұрғындарына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Партияның үнпарақтарын таратып, халықты 10 қаңтар болатын сайлауда белсенділік танытып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Біздің партия ел тұрғындарының сенімін ақтау, халықтың барлық топтарының мүдделерін қорғау және халық пен билік арасындағы байланыстырушы алтын көпір ретінде әркез оң әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Ауданымыздың әр салада жоғары көрсеткіштер көрсетіп, жан-жақты дамуы үшін, халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарып, жайлы, қауіпсіз де қолайлы ауданда өмір сүруі үшін, болашағымыз – балалардың сапалы білім алып, тұрғындардың денсаулығы мықты болуы үшін «Nur Otan» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында барлық мәселені жан-жақты қарастыра отырып, саралап-сараптап, түгел қамтыды. Әрі әр мәселенің туындау себептерін анықтап, оларды жою жоспарын да қадам-қадаммен нақтылап көрсетіп берді. Осы жоспар бойынша 300 мыңнан астам халқы бар үлкен ауданымызда алдағы бес жылдың ішінде тек оң өзгерістер орын алып, дамудың жаңа сатысына көтерілетініміз анық», – деді Айжан Әбіт.

«Nur Otan» партиясы ауданымыздың дамуы мен өркендеуі үшін барлық азаматтармен және қоғамдық бірлестіктермен кең ынтымақтастықта жұмыс істеуге дайын. Өйткені тұрғылықты жердің бар мәселесін бүге-шігесіне дейін білетін, өңірдің әлеуетін, оның кез келген саладағы артықшылықтары мен кемшін тұсымен тереңнен таныс біреу болса, ол – әрине, жергілікті тұрғындар. Сондықтан, әрі «Nur Otan» партиясы халықтың партиясы болғандықтан да әркез халықпен санасып, барлық жобалар мен бағдарламаны да тұрғындардың ұсыныс-тілектерін қарастыра отырып қабылдайды.

«Партиямыздың сайлауалды бағдарламасы аудан дамуын жаңа сатыға шығаратын жеті үлкен басымдыққа жіктелді. Олар: экономикалық тұрақты аудан, қолайлы аудан, әлеуметтік-бағдарланған аудан, жастарға арналған аудан, тарихы мен мәдениеті бай аудан, ашық және есеп беретін жергілікті органдар және қауіпсіз аудан. Бұл аталған жеті басымдықтың әрқайсысы бойынша нақты жоспар жасалып, алдағы бес жылда қолға алынатын жобалар тізбесі дайындалды», – деген кандидат партияның алдағы бес жылға жасалған жоспарын тұрғындар мен Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне жүйелеп жеткізді. Әр басымдыққа жеке-жеке тоқталып, толыққанды түсіндіріп өтті.

«Ашық және есеп беретін жергілікті органдарды құру қазіргі қоғам үшін өте маңызды. Әрі заманауи технология дамыған бүгінгі күні бұл – аса үлкен қиындық тудырмайтын мәселе. Сондықтан уақыт ұттырмай, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жұмысын қолға алу  қажет», – дейді Айжан Советбекқызы.

Бүгінгі күні ауданда 84 мемлекеттік қызметтің түрі көрсетіледі екен. Оның ішінде 31 түрлі қызмет немесе пайызбен алсақ, барлық көрсетілетін мемлекеттік қызметтің 36,9%-ы автоматтандырылған. Жер қатынастары, білім мен спорт саласындағы 12 мемлекеттік қызметті автоматтандыру бойынша жұмыстар аяқталуда.

Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыра отырып, мемлекеттік қызметші мен қызметті пайдаланушы арасындағы тікелей қарым-қатынасты азайтуға мүмкіндік туады. Демек, бұл процесс өз кезегінде қоғам дертіне айналған сыбайлас жемқорлыққа, көз қысты, бармақ бастылыққа тосқау болмақ. Осылайша, қоғамда ашықтық, жариялылық қағидаттары алдыңғы орынға шығып, мемлекеттік қызметке қатысты кез келген іс баршаға бірдей қолжетімді, ашық болмақ. Осы нәтижеге жету үшін «Nur Otan» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында аудан дамуының бір факторы ретінде «Ашық және есеп беретін жергілікті органдар» құруды көздеп отыр. Ол үшін партия алдағы бес жылдың ішінде халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейін 90% - ға дейін арттыру; 2025 жылға қарай мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды 80% - ға дейін жеткізу; аудан әкімінің, жергілікті атқарушы органдар, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері басшыларының қатысуымен, оның ішінде елді мекендерге шыға отырып, «Ашық есік күнін» өткізу практикасын жалғастыру; ауданда «Ашық әкімдіктер» мен «Open space» ашу; сауда және қызмет көрсету объектілерінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшу; қоғамдық орындарда қоғамдық қол жеткізу пункттерін орналастыру сынды міндеттер қойып отыр.

«Бұл аталған міндеттердің барлығы да уақытылы орындалып, халықты қағазбастылықтан арылтатынымызға сенімдімін. Бұл – уақыт талабы. Ендеше, оны кейінге ысыруға да болмайды», – деген Айжан Әбіт тұрғындарды халық партиясына айналған «Nur Otan» партиясына сайлауда дауыс беріп, қолдау көрсетуге шақырды.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен жан-жақты танысқан халық елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтап қана қоймай, оны түгендеуге тырысып, талпынып жатқан, мәселелерді шешу үшін нақты жоспар құрып, бағдарламаға енгізіп отырған партияға және оның мүшелеріне алғысын жеткізіп, сайлауда жеңіс тіледі.

 

Қ.МҰРАТҚЫЗЫ

 

Сайлауалды үгіт-насихат бағытындағы материалдар «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының сайлау қорынан төленеді.

 

 

Оқылды 83 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 18, 2021

Тұйық бала: тіл табысу жолдары

Балаңыз өзге балалармен бірге асыр салып ойнаудың орнына оқшауланып, шетте тұра ма? Тез…
Қаң 15, 2021

Алматы облысының 2021-2025 жылдарға…

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен облыстық мәслихаттың VII…
Қаң 15, 2021

Асқар Мамин ҚР Премьер-Министр болды

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысы лауазымына Асқар Мамин…
Қаң 15, 2021

Бүйрек жұмысын нашарлататын не?

Бүйрек ауруларымен ауыратындардың саны жыл санап өсіп келеді. Әрі бүйрек аурулары –…
Қаң 15, 2021

Нұрлан Нығматулин Мәжіліс Төрағасы…

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Нұрлан Нығматулин Мәжіліс Төрағасы…
Қаң 15, 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев VII…

Мемлекет басшысы сессияға қатысушыларды сайлаудың аяқталуымен құттықтап, жаңа құрамдағы…
Қаң 15, 2021

Еліміздің өркендеуіне қажетті…

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің өркендеуіне қажетті көптеген міндеттер мен…
Қаң 15, 2021

Алматы облысында « Жетісу әдеби…

Тұяғынан от ұшқан тұлпар уақыт жетегіне алған тағы бір жыл мәреге жетті. Қойнауына…
Қаң 13, 2021

Партияның 2021 жылға жоспары…

Бүгін Еңбекшіқазақ ауданы «Nur Otan» партиясының бірінші орынбасары Байғоджаев Қуат ПБК…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2021 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет