Жексенбі, 03 Қаңтар 2021 12:15

Nur Otan: Сайлауалды бағдарлама бәрін қамтыған

Бүгін Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Камшат Қарағұлова Қаратұрық ауылдық округі Бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты – партияластарына сайлауалды бағдарламаны толық түсіндіру, сонымен қатар халыққа үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жүрген сенімді өкілдерінің жұмысын пысықтау.

Осындай міндетті алдына қойған үміткер Бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесуде «Nur Otan» партиясының қазіргі кезде жүргізіп отырған саясаты жайлы, елдегі жетекші саяси күш ретінде партияның өзіндік ролі мен беделі туралы жан-жақты сөз қозғады. Сонымен қатар тәуелсіздік жылдары еліміз бен жеріміздің көркейіп, талай белестен еш кедергісіз асуында партияның мол үлесі мен өлшеусіз еңбегі жатқанын нақты мысалдармен жеткізді. «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» және басқа да әлеуметтік жобалары республиканың әр ауыл-ауылында көптеген жақсылықтың себепшісі болып жатқанын тілге тиек еткен Камшат Құрманханқызы: «Бұл аталған жобалардың жан-жақты жұмыс істеп, елге пайдасын әкелуіне өздеріңіз де Бастауыш партия мүшелері ретінде үлкен жұмыс атқарып отырсыздар. Ауылдардағы, жергілікті жердегі көмекке зәру жандарға, тұрмысы төмен отбасылар мен мүгедектерге, жалғызілік қарттар мен соғыс және тыл ардагерлеріне жәрдемдесіп, қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, азық-түлік қораптары мен тұрмысқа қажетті тауарлар, балаларға киім-кешек пен оқу құралдарын алып беріп, қолдан келген көмекті көрсетіп жатсыздар. Мұның бәрі де «Nur Otan» партиясының халыққа жақын, әрдайым халықтың жанынан табылатын бірден-бір партия екенінің көрінісі, нақты мысалы. Осындай жобалар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, көпшіліктің алғысына бөлене бермек. Өйткені «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында көтерілген мәселелердің барлығы да ел мен жерді көркейтіп, халықтың тұрмыс-тіршілігін түзеуге бағытталған», – деген Камшат Қарағұлова партияның сайлауалды бағдарламасына кеңінен тоқталды. Бағдарламаның жеті басым бағытын тізбелеп түсіндіріп, алдағы бес жылға жоспарланған жұмысқа жеке-жеке тоқталып өтті.

«Біздің партияммыздың сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтың біріншісі – «Экономикалық тұрақты аудан». Экономика – ел дамуының негізгі көрсеткіші. Халықтың тұрмысы да, әлеуметтік сала да, инфрақұрылым, тіпті мәдениет пен әдебиет те экономиканың дамуына тәуелді деуге болады. Өйткені кез келген сала экономикамен тығыз байланысты», – деген кандидат экономикалық тұрақты аудан құру үшін «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында аудандағы өнеркәсіп мен агроөнеркәсіп кешеніне көп көңіл бөлу керектігі көрсетілгенін айтты. «Неге агрокешен деген сұраққа жауап – біздің ауыл шаруашылығы үшін өте қолайлы мекенде орналасуымыз. Ауыл шаруашылығы саласын дамыта отырып, біз жаңа жұмыс орындарын құрамыз, тағам қауіпсіздігін қамтып, нарыққа өз өнімдерімізді көптеп шығаруға күш саламыз. Осы жұмысты жүйелі жүргізе отырып, азық-түлік импортын азайтып, экспортқа өз өнімдерімізді көптеп шығаруға талпыныс жасаймыз. Осы орайда біздің партиямыз алдағы бес жылда мынандай жобаларды жүзеге асыру міндетін қойып отыр. Олар: қуаты жылына 3,3 млн. тонна кен өндіретін «Жетісу вольфрамы» кенін қайта өңдеу зауытын салу; 2021 жылы Тауқаратұрық ауылында қарқынды бақ салу және «Phoenix Fruits» сақтау және қайта өңдеу цехтарын салу; 2022 жылы Ақши ауылында «Frosco»  ЖШС-нің жеміс-көкөніс өнімдерін өсіру мен қайта өңдеуі және жеміс пен көкөніс сақтау цехін салу; «ЖЭС Nurly» ЖШС, Нұрлы ауылындағы «Жерұйық Энерго» ЖШС және Асы ауылындағы «ЖЭС Толқын» ЖШС 3 жел электр станциясын салу; «АЛМАСОЛАР» ЖШС-нің Шелек өзенінде су электр станциясының құрылысы; 2024 жылы Қаражота ауылындағы Тілеужанов шаруа қожалығында жүнді өңдейтін цех салу; экспорттық номенклатураны жаңа өнім өндіру арқылы кеңейту; жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту. Бұл жобалар аудан экономикасының жаңа сатыда дами түсуіне ықпал етіп, халықтың жағдайын жақсартады. Жаңа жұмыс орындары ашылып, орташа жалақы көрсеткіші көтеріледі», – деді.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына сүйенсек, өңірде мал шаруашылығында, өсімдік шаруашылығында және өнімді қайта өңдеуде жаңа прогрессивті технологияларды енгізу есебінен жоғары технологиялық агроөнеркәсіп кешенін құру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.

«Nur Otan» партиясы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту міндетін орындау үшін мынандай жобалар жүзеге асырылмақ. Алматы қаласы айналасында азық-түлік белдеуін құру шеңберінде 13 жобаны іске асыру: 2021-2023 жылдарда тамшылатып суару әдісін қолданып 205 гектарға 3 бақша отырғызу. Олар: Рахат ауылдық округінде ««Fresh Land» ЖШС, Қаратұрық ауылдық округіндегі «Alma Mater Fields» ЖШС, Балтабай ауылдық округіндегі «Степной Холм» ЖШС; Сонымен қатар 2022 -2025 жылдар аралығында 150 га алқапта тамшылатып суару әдісін қолданатын 2 бақша – Рахат ауылдық округінде «Fresh Land» ЖШС және Асы ауылдық округінде «Alma Mater Fields»; 2022 жылы Тескенсу ауылында «Арнау Агро» ЖШС-сіндегі жеміс-жидек сақтау қоймасының құрылысы; 2023 жылы Нұрлы ауылында «Азық-түлік - MS Agro» ЖШС құрама жем өндіретін кешеннің құрылысы, 3000 бас ірі қара мал бордақылау алаңы, Қырбалтабай ауылындағы «Lotto Consulting» ЖШС-сіндегі қасапхана және ет өңдеу цехы.

Ауданның ішкі нарығында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 5  жоба, оның ішінде төмендегілерді салу іске асырылатын болады: Шелек ауылындағы «Керім» шаруа қожалығы, Бөлек ауылындағы «Темірлан АҚЖ-Трейдинг» ЖШС және «Іле Алатау Тур» ЖШС – 3 мал бордақылау алаңы; 100 басқа арналған 2 сүт фермасы: Қырбалтабай ауылындағы «Картбаев»

шаруа қожалығы, Бөлек ауылындағы «Сәдіхан»  шаруа қожалығы. Сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін табиғи жайылымдық жерлер мен шабындықтарды ұтымды пайдалану есебінен жемшөп базасын нығайту; жеміс-көкөніс өнімдерін сақтаудың қазіргі заманғы инфрақұрылымын дамыту; «алқаптан сөреге дейін» жобасын іске асыру жолымен өндірілген өнімді кепілді өткізу және АӨК субъектілерімен форвардтық келісімшарттар жасасу сынды міндеттер қойылған. Осы және басқа да шаралар 2025 жылға қарай агроөнеркәсіптік кешенде 4,5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға, еңбек өнімділігін 1,5 есеге дейін арттыруға мүмкіндік береді. «Бұл аталғандар партиямыздың сайлауалды бағдарламасындағы бір ғана басымдықшеңгеріндегі жобалар», – деген Камшат Қарағұлова сайлауалды бағдарламаны толықтай түсіндіріп, партияластарын бағдарламаны халық арасында кеңінен насихаттауға шақырды.

Қ.МҰРАТҚЫЗЫ

 

Сайлауалды үгіт-насихат бағытындағы материалдар «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының сайлау қорынан төленеді.

 

Оқылды 84 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 18, 2021

Тұйық бала: тіл табысу жолдары

Балаңыз өзге балалармен бірге асыр салып ойнаудың орнына оқшауланып, шетте тұра ма? Тез…
Қаң 15, 2021

Алматы облысының 2021-2025 жылдарға…

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен облыстық мәслихаттың VII…
Қаң 15, 2021

Асқар Мамин ҚР Премьер-Министр болды

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысы лауазымына Асқар Мамин…
Қаң 15, 2021

Бүйрек жұмысын нашарлататын не?

Бүйрек ауруларымен ауыратындардың саны жыл санап өсіп келеді. Әрі бүйрек аурулары –…
Қаң 15, 2021

Нұрлан Нығматулин Мәжіліс Төрағасы…

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Нұрлан Нығматулин Мәжіліс Төрағасы…
Қаң 15, 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев VII…

Мемлекет басшысы сессияға қатысушыларды сайлаудың аяқталуымен құттықтап, жаңа құрамдағы…
Қаң 15, 2021

Еліміздің өркендеуіне қажетті…

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің өркендеуіне қажетті көптеген міндеттер мен…
Қаң 15, 2021

Алматы облысында « Жетісу әдеби…

Тұяғынан от ұшқан тұлпар уақыт жетегіне алған тағы бір жыл мәреге жетті. Қойнауына…
Қаң 13, 2021

Партияның 2021 жылға жоспары…

Бүгін Еңбекшіқазақ ауданы «Nur Otan» партиясының бірінші орынбасары Байғоджаев Қуат ПБК…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2021 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет