Ағзаға өте пайдалы шырын дайындайық.
3 ай қабылдау қажет. Денсаулық көп ұзамай қалпына келеді.
- Бізге керегі: 1 қызылша, 2 сәбіз, 1 алма.
- Бәрін жуып, қабығын аршып, соковыжымалкадан өткіземіз де, шырынды бірден ішіп аламыз.
- Шырынның дәмің ерекшелендіру үшін лайм немесе лимон қоссаңыз болады.
Бұл ғажайып сусын келесі аурулардың алдын алуға жақсы әсер береді: 1. қатерлі ісікті алдын ала емдейді.
2. бауыр, бүйрек және ұйқы безін түрлі аурулардан сақтайды, оған қоса ойық жараны (язва) емдеуге көмектеседі.
3. Өкпеге пайдалы, жүректің түрлі ауруларға шалдығуына және жоғары қан қысымынан сақтайды.
4. Иммунитетті күшейтеді.
5. Көздің көруі: шаршағанды және кебуден көмектеседі.
6. Физикалық ауыр жұмыстан немесе жаттығудан кейін пайда болған бұлшықет ауруларын жояды.
7. Токсиннен тазалайды, ішектердің жұмысын жақсартады. Терін нәрленеді.
8. Асқазаннан шығатын жағымсыз иісті жояды.
9. Етеккірлік шаншуды жеңілдетеді.
10. Аллергиясы бар адамдарға да пайдалы.
Ең бастысы дайындаған сәтте ішіп алу керек. Сол кезде жақсы нәтиже болады.
Уважаемые жители района!
К вам обращаются члены общественного объединения ветеранов Афганистана «Кахарман», руководитель объединения Р.Иленов, директор ИП «Еркен» (автостанция г.Есика) Р.Калиев, работники ИП «Еркен», арендаторы торговых мест на территории автостанции.
⠀
Мы просим вас поддержать наше доброе начинание по оказанию безвозмездной помощи жителю г.Есика Аскару Омарову. Его семью постигло непоправимое горе. В возрасте чуть более 30 лет от последствий коронавируса скончалась мать семейства Нагима Холмуратова. На руках отца осталось пятеро малолетних детей в возрасте от 9 лет до шести месяцев.
Аскар Омаров живет с детьми на съемной квартире, работать не в состоянии, так как занят уходом за детьми. С первых дней, как он обратился за помощью к ОО «Кахарман», его семья находится под опекой ИП «Еркен», воинов-«афганцев», предпринимателей-арендаторов. Чужое горе никого из них не оставило равнодушным. Они собрали и внесли в фонд помощи многодетной семье свыше трехсот тысяч тенге.
⠀
19 января на автостанции при строгом соблюдении санитарных требований состоялся сход, на котором директор ИП «Еркен» Руслан Абдыбекович Калиев выразил его участникам благодарность за активную гражданскую позицию. Руслан ага от лица старшего поколения дал бата всем, кто проявил отзывчивость и милосердие. На сходе также было сделано предложение о ходатайстве перед акимом района, депутатским корпусов районного маслихата о содействии в предоставлении семье Омаровых во внеочередном порядке коммунального жилья.
⠀
Воины-«афганцы», предприниматели-арендаторы, работники автостанции призывают вас, дорогие земляки, присоединиться к инициативе по оказанию всемерной помощи осиротевшим детям. Мир не без добрых людей. Рука дающего не оскудеет, а ваша лепта, внесенная в копилку добрых дел, вернется вам сторицей.
⠀
Желающие принять участие в сборе средств для семьи Омаровых могут обратиться в офис автостанции г.Есика или позвонить по тел. 8 777 256 39 19.
⠀
Муталип КАЛИЕВ,
пресс-секретарь ОО «Кахарман»
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) жатырішілік ұрықтың хромосомалық патологиясы мен туа біткен ақауларын ерте анықтау мен диагностикалауға бағытталған пренатальды скринингті ұйымдастыру тәртібіне қатысты «Қазақстандық медициналық лабораториялардың қауымдастығы» ЗТБ шағымын қарады.
Шағымды қарау кезінде Департамент, Алматы облысының медициналық ұйымдары перинаталды скринингтік қызметтерді өзбетінше ұсынбайтынын және мемлекеттік және жеке зертханалармен бірлесіп жұмыс жасау туралы келісім жасайтындығын анықтады, бірақ Алматы облысының медициналық ұйымдарының көпшілігі перинаталдық скринингтік қызметтерді ұсыну бойынша бірлесіп жұмыс істеу туралы облыстың мемлекеттік клиникаларымен келісімдер жасасуды жөн көрген.
Осылайша, медициналық ұйымдармен перинаталдық скринингтен өтуі үшін науқастар негізінен мемлекеттік медициналық ұйымдарға жіберілген.
Бұл іс-әрекетте Департамент мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдар арасындағы бәсекелестікті шектеу және осы өнім нарығына қол жеткізу үшін қосымша тосқауыл қою белгілерін көрді.
ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 194 бабына сәйкес, Конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың әрекеттерінен (әрекетсіздігінен), актiлер не шешiмдер қабылдаудан көрiнетiн бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға алып келген немесе алып келуі мүмкiн бәсекелестiкке қарсы әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тыйым салынады және олар толығымен немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.
Осыған байланысты Департамент «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-не (бұдан әрі - Басқарма) мемлекеттік мекемесіне уәкілетті орган ретінде Алматы облысының медициналық ұйымдарымен бірлесіп жұмыс істеу туралы келісімдер жасасуға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу жолымен жіберілген бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау туралы сондай-ақ, бұдан әрі денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне меншіктің түріне қарамастан осы зерттеуді жүргізетін барлық медициналық ұйымдарда перинаталды скрининг бағытында бақылауды жүзеге асыру туралы Нұсқама шығарды.
Осы Нұсқаманы орындау мақсатында Басқарма Алматы облысының барлық медициналық ұйымдарының басшыларына жазбаша түсініктеме жіберді, сондай-ақ алдағы уақытта Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға жол бермеуді және осы Нұсқама орындалмаған жағдайда Медициналық ұйымдардың бірінші басшысы жауап беретіндігін тапсырды.
ҚР Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігінің
Алматы облысы бойынша департаменті
***
Департаментом вынесено Предписание
Департаментом Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан по Алматинской области (далее-Департамент), рассмотрено обращение ОЮЛ «Казахстанская ассоциация медицинских лабораторий» относительно порядка организации перинатального скрининга, направленного для раннего выявления и диагностики хромосомной патологии и врождённых пороков развития внутриутробного плода.
При рассмотрении обращения, Департаментом было установлено, что медицинские организации Алматинской области не оказывают услуги перинатального скрининга самостоятельно и заключают договора соисполнения как с государственными, так и с частными лабораториями, но большинство из медицинских организаций Алматинской области предпочли заключение договоров соисполнения на оказание услуги перинатального скрининга с государственными клиниками области.
Таким образом, пациенты для прохождения перинатального скрининга медицинскими организациями в основном направлялись в государственные медицинские организации.
В данных действиях Департамент усмотрел признаки ограничения конкуренции между государственными и частными медицинскими организациями и создание дополнительного барьера доступа на данный товарный рынок.
Согласно статьи 194 Предпринимательского кодекса РК запрещаются и признаются недействительными полностью или частично в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, антиконкурентные действия (бездействие) государственных, местных исполнительных органов, организаций, наделенных государством функциями регулирования деятельности субъектов рынка, выразившиеся в действиях (бездействии), принятии актов либо решений, которые привели или могут привести к ограничению или устранению конкуренции, за исключением случаев, предусмотренных законами Республики Казахстан в целях защиты конституционного строя, охраны общественного порядка, прав и свобод человека, здоровья и нравственности населения.
В этой связи, Департаментом в адрес уполномоченного органа ГУ «Управление здравоохранения Алматинской области» (далее - Управление), вынесено Предписание о принятии мер по устранению допущенных нарушений, путем проведения разъяснительной работы с медицинскими организациями Алматинской области, относительно заключения договоров соисполнения, а также впредь осуществлять контроль за деятельностью субъектов здравоохранения, по направлению на проведение перинатального скрининга во все медицинские организации, осуществляющие данное исследование, не зависимо от формы собственности.
В рамках исполнения данного Предписания, Управлением, всем руководителям медицинских организаций Алматинской области направлено письменное разъяснение, а также дано поручение впредь не допускать нарушений законодательства Республики Казахстан в области защиты конкуренции и возложить ответственность на первых руководителей медицинской организаций за неисполнение данного Предписания.
ДАЗРК РК по Алматинской области
Ауыл – ел бесігі. Осынау алтын бесіктің құшағында тербелген тұрғындардың тұрмысы жайлы, береке-бірлігі жарасқан. Оған Ақши ауылдық округіне жасаған сапарымызда көз жеткіздік. Аумағына Ақши, Қазатком, Қайрат, Сазы сынды елді мекендер кіретін қаймағы бұзылмаған қазақы округтің іргетасы 1965 жылы қаланған. Кеңес кезінде төрт түлігі төсінде өріп, алқабынан алтын дән өнген аймақтың тыныс-тіршілігі тоқырау жылдарында біраз саябырлады. Содан бері Ақшидегі жүдеу күй кешкен жұрттың жақынғы жылдардан бері жаны жадырай түскендей. Өйткені ондағы жаңғырған және жаңарған әлеуметтік нысандар өңірдің түлеуі мен түрленуіне жол ашқан. Округті аралаған сапарымызда өңір аумағында бой көтерген заманауи өнеркәсіптік нысандарды көріп, қазақы ауылдың көркем болашағына көңіл қуантып қайттық.
Ел қорғаған ерлер ескерткіші қайта жаңғырды
Өткенге тағзым ету – өресі биік елдің қасиеті. Өткен жылы ақшиліктер ұлы Отан соғысында қаза болған ардагерлерге арналған ескерткішті абаттандырды. Округ ақсақалдар алқасының төрағасы Тұрғанбек Жұмағұловтың айтуынша, жаңартылған ескерткішке сұрапыл соғысқа аттанған 132 майдангердің есімі қашалып жазылған. Қайтадан жаңғырған еңселі ескерткіштің бой көтеруіне де жергілікті кәсіпкерлер қол ұшын созған.
Жаңа ықшам аудан салынбақ
«Өсер елдің керегесі кең болар»,– демекші өңірдің әлеуметтік әлеуетін таныстырмаққа жол бастаған округ әкімі Сабыржан Айтбаев ең алдымен қазақы ауылдың қанаты кеңге жайылып келе жатқандығын тіліне тиек етті. Округ әкімінің айтуынша, жобаға сай жаңа ықшам ауданның бой көтеруіне 90 гектар жер бөлінген. Округ аумағының кеңеюіне байланысты кезекте тұрғандарға 513 жер телімі берілмек. Қазір жоспар бойынша инженерлік коммуникацияларды жүргізуге қажетті бюджеттен 710 млн 236 мың 700 теңге қаржы қарастырылуда. Сабыржан Бейсетайұлының сөзінше, осы жаңа жоба аясында округ аумағына әлеуметтік нысандар мен түрлі қызмет көрсететін орталықтар салынып, өңірдің әлеуметтік өмірі әрлене түспек.
Қазақ қолөнерінің әлеміне айналған мұражай
Қазақы ауылда салтымыздың салмақтанып, ата дәстүріміздің ардақталмай қалуы мүмкін емес. Сол себепті де бұл топырақ даласы дарын сыйлаған таланттарға бай. Солардың бірі есімі елге әйгілі Дәркембай Шоқпарұлы. Дана бабаларымыз «ғалымның хаты қалар, ұстаның заты қалар» – дегендей, бүгінде Ақши топырағында хас шебердің өлмес өнер туындылары сақталған ұста Дәркембай Шоқпарұлы атындағы қолөнер мұражайы жұмыс істейді. Аталған өнер ордасында штаттық кесте бойынша 9 адам жұмыс істейді. Мұражайдың 6 көрме залында екі жарым мыңнан астам экспонат қойылған. Мұражайды көзден кешірген сәтте қазақ қолөнерінің таңғажайып әлеміне сапар шеккендей күй кешіп, «шеберлікте шек жоқ», – деген осы екен ғой деген ойға қаласың. Мұражай директоры Дәулет Шоқпаров, өнер шаңырағының кешегісін сөз етумен бірге, келешекке де кешенді жобалар әзірлеп жатқандығын айтты.
Өңір экономикасына серпін беретін нысандар салынуда
Округ аралаған сапарымызда жол жиегінде ауыл шараушылық өнімдерін өңдейтін түрлі кәсіпорын-дарының бой көтергендігін байқадық. Демек, Ақши округінде ауылшаруашылық өндірісінің тамырына қан жүгіріп келеді деген сөз. Бұл үдеріс ауыл жұртшылығын жұмыспен қамтуға мол мүмкіндік береді. Округ әкімдігінің мәліметіне сүйенер болсақ, бүгінде өңірдегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 384 бірлікті құрайды. Оның ішінде 6 ЖШС, 291 шаруа қожалығы, 87 жеке кәсіпкерлік бар. Қазір оларда 289 адам жұмыспен қакмтылған. Сарапшылар әр аймақтың экономикалық әлеуетіне өң беру үшін инвестиция тартудың маңызы зор екендігін айтады.
– Қазір ауыл шаруашылығын өркендету – округіміздің басты экономикалық бағыттарының бірі. Бүгінде Ақши ауылында түйіршіктелген жоңышқа өңдейтін зауыт іске қосылды. Аталған зауыт жылына 20 мың тонна жоңышқа өңдейді. Қазір онда 6 адам тұрақты жұмыс істейді. Біз округімізге инвестиция тартуға күш салып келіміз. Осы бағытқа сәйкес «Froskа» ЖШС-і сыйымдылығы 4 мың тонна көкөніс сақтау қоймасын салуды және 2021 жылы Қазатком ауылында 200 гектар жерге көкөніс отырғызуды жоспарлап отыр. Осы жобалар аясында «Froskа» компаниясы округімізге 280 млн теңге инвестиция салмақ. Мұнан өзге 2021 жылы «Серік Ахметов» жеке кәсіпкерлігі жылу блогын шығаруды, «А. Кезбаев» жеке кәсіпкерлігі жазғы жемістер мен көкөністерді сататын жаңа базар салуды жоспарлап отыр. Алда округ экономикасына тыңнан серпін беретін жаңа жобалар жасалады, – дейді округ әкім Сабыржан Айтбаев.
Ел көңілінен шыққан емхана
Ақши аулдық округіндегі заманауи емхананың іргетасы 2015 жылы қаланған. Бүгінде ел көңілінен шыққан емхананың түрлі ауруларға арналған бөлімдері арнайы медициналық техникалармен жабдықталған. Онда білікті мамандар да жеткілікті.
– Қазір тәулігіне 70 адам қабылдауға толық мүмкіндігіміз бар. Амбулаториямыз заманға сай құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Лаборатория, тіс дәрігері, таңу және балалар бөлмесі түгелдей замануи техникалармен жабдықталған. Төтенше жағдай кезінде жұқпалы індетке қарсы дәрігерлер тобын құрып, медициналық көмекке жүгінгендерге дер кезінде жәрдем бердік. Сонымен бірге, өңір жұртшылығына «Covid-19»-дан сақтануды үгіттеп келеміз. Осындай емдеу саласының мүмкіндігі сынға түскен сәтте, өз тұрғындарымызға барынша адал қызмет етуге күш салдық, – дейді емхана меңгерушісінің орынбасары Нұргүл Сулейменова.
Бау-бақшалар аумағы кеңеюде
Қазірде ауыл шаруашылық саласы округ экономикасының тірегі саналады. Қолда бар ақпаратқа негізделсек, округте 4535,64 гектар аумақ егіндікке, 2575 гектар жер шабындыққа және 11839 гектар жер жайылым ретінде пайдалануға берілген. Биыл егіндік аумаққа жоңышқа, бидай, күздік арпа, жүгері, соя, көкөністер егілген. Сонымен қоса, 400 гектарға жуық тамшылатып суарылатын бау-бақшаға жоғары сортты алма мен жүзім егілген. Айталық, Ақши ауылындағы «Мақсат» шаруа қожалғындағы 12 гектар жерге 2016 жылдан бері Голландиядан әкелінген алма ағашын отырғызыпты. Бүгінде аталған шаруа қожалығы әр гектердан 25 тонна өнім алуда. Ал болашақта өнімді үш еселеуге мүмкіндіктерінің барын айтады.
Инфрақұрылым жасалуда
Осы мезгілге дейін «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында округ аумағындағы тіршілік нәріне сусаған тұрғындардың мәселесі түбегейлі шешілген. «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша Қазатком ауылында басталған су құбыры желісінің құрылысы былтыр аяқталған. Сонымен қоса, округ аумағындағы 18 көшеге асфальт төселген. Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, 2020-2025 жылдарға арналған жоспарға сәйкес 11 көшеге толық жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Сондай-ақ 2021 жылы Ақши, Сазы ауылдары арасындағы 4,5 км жолды күрделі жөндеу жоспарлануда. Мұнан өзге 2021 жылы жалпы сомасы 15 млн теңгеге 5,6 км көше жолын жарықтандыру жұмысы қолға алынбақ.
ТҮЙІН:
Округті арлаған сапарымызда ауылдастардың қауымдасып істеген тұщымды тірліктеріне куә болдық. Өңірдің жарқын келешегіне бастар кешенді жобалардың қолға алынып жатқанына көзіміз жетті. Қысқасы, қазақы ауылдың жаңа келбетіне көз тояды, тірлігі де берекелі. Ауызбірлігі бір ауылдастардың алдағы игі істеріне ақ жол тілеп қайттық.
Ерзат АСЫЛ
«Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10, 11-баптарына сәйкес VII шақырылған Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың бірінші ұйымдастыру сессиясын аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жексембиев Бахыт Есенханұлы шақырып, ашты.
Сессия отырысы 2021 жылдың 15 қаңтарында аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарылары мен бөлім басшыларының қатысуымен өтті.
Сайлау қорытындысы бойынша жалпы дауыс беру нәтижесінде – Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының VІІ шақырылымына 25 депутат сайланды.
Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 184016 азамат енгізілді, оның ішінде 131490 немесе 71,46 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды. Сайлауға 4 саяси партия қатысты.
Дауыс беру кезінде саяси партиялар үшін мынадай дауыс саны берілді:
«Nur Otan» партиясы – 111087 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 84,57% дауысы;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 10281 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 7,83 % дауысы;
Қазақстан Халық партиясы – 9756 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 7,43% дауысы;
«ADAL» саяси партиясы – 234 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 0,18% дауысы.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды мынадай бөлу белгіленді:
«Nur Otan» партиясы – 21 мандат. Оның ішінде партиялық тізім бойынша:
Абеуова Жамиля Санаковна,
Ахметов Бекет Тулегенович,
Байгоджаев Куат Султанович,
Байшеков Эрлан Ильдарович,
Гусев Михаил Александрович,
Конысбаева Мейрамгуль Асылбековна,
Тункаева Лейля Ауелхановна,
Рахимов Багдат Болатович,
Әбіт Айжан Советбекқызы,
Карагулова Камшат Курманкановна,
Вальков Виталий Викторович,
Ибдиминов Раимжан Билимович,
Мухаметжан Саят Адилжанұлы,
Талкамбаева Айжан Жакыпбековна,
Алтаев Бекболат Мухаметжанович,
Чокпаров Даулет Даркембаевич,
Мухтарова Гульмира Раиловна,
Кунесов Кияс Жапарбекович,
Сайдуллаев Аркен Абликимович,
Жантасов Бауржан Русланович,
Идрисов Рустам Камильжанович.
«Ауыл» халықтық-демокра-тиялық патриоттық партиясы – 2 мандат, партиялық тізім бойынша:
Алсеитов Айдар Асаубаевич,
Қыдырбаев Абай Жүсіпбайұлы.
Қазақстан Халық партиясы – 2 мандат, партиялық тізім бойынша:
Тукеев Ерболат Аламшаевич,
Нусипкожаев Ерлан Жунисбаевич депутат болып сайланды.
Б.Жексембиевтың өз сөзінде ағымдағы жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасының Мәжілісі және мәслихат депутаттарының сайлауы қорытындысы туралы хабарламасымен таныстыра отырып, аудандық мәслихаттың VІІ шақырылымына жаңадан тағайындалған депутаттарды құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Артынша ашық дауыс беру арқылы бірінші ұйымдастыру сессияның төрағасы ретінде депутаттардың ұсынысы бойынша Мұхтарова Гульмира Раиловна сайланып, сессия отырысын жүргізді.
Күн тәртібінде 5 мәселе қарастырылды.
Күн тәртібінде қаралған бірінші мәселе бойынша «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабының 2-тармағына сәйкес, VIІ шақырылған аудандық мәслихаттың хатшысы лауазымына депутаттар атынан «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Байғоджаев ауданымыздың құрметті азаматы, аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымының депутаты әрі хатшысы Ахметов Бекет Төлегенұлын ұсынды. Депутаттар Б.Ахметовтің кандидатурасын бірауыздан қолдады.
VIІ шақырылған аудандық мәслихаттың хатшысы ретінде Бекет Төлегенұлы алғысын айтып, қойылған мақсат-міндеттер мен бағдарлы жұмыстарға тоқталып, алдағы ортақ жұмысты жоғары дәрежеде бірге атқаруға шақырып, мәслихат депутаттарына табыс тіледі.
– Тірлік басқа болса да, тілек бір, бармақ басқа болса да, білек бір» деп Бәйдібек бабамыз айтпақшы, біздің негізгі мақсатымыз бір болғандықтан аудан игілігі үшін бағытталған әрбір бастама алдағы уақытта нақты әрі нәтижелі іске асырылуы керек екендігін назардан шығармауымыз қажет, – деп сөзін қорытындылады мәслихат хатшысы Б.Ахметов.
Сессияларға енгізілетін мәселелерді алдын ала қарау, мәслихат шешімдерін орындау және бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін мәслихатта 4 тұрақты комиссия құрылды және жетекшілері сайланды.
Сессияда қаралған үшінші мәселе, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 21-1-бабына сәйкес мәслихатта депутаттық фракцияны тіркеу туралы ұсынысқа байланысты болды. «Nur Otan» партиясының Еңбекшіқазақ ау-дандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының төрағасы ретінде Байғоджаев Қуат Сұлтанұлы сайланды.
Сонымен қатар сессия отырысында VIІ шақырылған Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары мен кезекті сессиясының төрағасы сайланды.
Сессия жұмысына қатысқан аудан әкімі Куанышбек Қашқымбаев:
– Алдағы уақытта, ауданымыздың дамуы үшін бар күш-жігерімізбен бірлесе аянбай жұмыс жасай отырып, мемлекет басшысының сындарлы саясатына негізделген бастамаларға қолдау көрсетіп, іргелі істердің ұйытқысы боламыз деген сенімдемін. Осылайша біз биік белестерді бірге бағындырамыз. Сондықтан бұл кезеңді біз биік рухпен, кең тыныспен, тың серпінмен бастағанымыз абзал. Бұл – біздің ортақ парызымыз, басты мақсатымыз. Бұл – тәуелсіз еліміздің жаңа тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы, – дей келе жаңа шақырылымның депутаттарын құттықтап, алдағы барлық бастамаларына табыс тіледі.
Б.САТЫБАЛДИЕВ
Спорттың адам өміріндегі орны ерекше екендігі баршамызға мәлім. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шымыр болады. “Тәні саудың – жаны сау” – дегендей спорттың қай түрімен айналысса да дені сау болмақ.
Салауатты өмір салты дегеніміз – адамның тұрмыстағы күнделікті қалыптасқан дағдысы мен әдеті бойынша еңбек ету, бос уақытын дұрыс пайдалана білуі болғандықтан Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылы М.Ломоносов орта мектебінде оқушылардың салауатты өмірге деген ықылас жігерін қалыптастыру мақсатында “Тәні саудың – жаны сау” спорттық іс-шара аясында айлық өтті. Айлық қашықтықтан "Біздің жеңімпаздарымыз, біздің мақтанышымыз!" тақырыбында сынып сағаттарымен ашылды. Оқушылар белсенділік танытып, әйгілі спортшыларымызды үлгі тұтатынын білдіріп, ал кері байланыс ретінде «Болашақ спортшы болғым келеді» тақырыбында 5-11 сыныптар арасында оқушылар эссе арқылы өз ойларын жеткізді.
Тыныс алу жаттығулары – ауамен емделуді дұрыс пайдалана білу, тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсарту мақсатында оқушыларға "Тыныс алу гимнастикасы" көрсетілді. Осындай жаттығулар оқушылардың спортпен шұғылдануға қызығушылықтарын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға, өмірде дұрыс таңдау жасауларына тигізер септігі мол.
Ендеше, Абай атамыз айтпақшы, «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» дегендей, еңбексіз, белсенді дене қозғалысынсыз мықты денсаулық, бақытты өмір жоқ.
Айнаш Жанатова,
қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Ломоносов мектебі
Денсаулық сақтау министрлігі 21 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
Оған сәйкес, Қазақстанның 6 облысы мен 1 қаласы «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы.
Ал Қарағанды, Алматы облысы мен Алматы қаласы «сары» аймақта. Сондай-ақ кешегі көрсеткіштермен Шығыс Қазақстан «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа шықса, «сары» аймақта тұрған Батыс Қазақстан бүгін «қызыл» аймаққа кірді.
Жалпы, Қазақстан халықаралық деңгейде (ауруды жұқтырғандар саны 172 412) індет қаупі жағынан «сары» аймаққа енгізілген.
Өткен тәулікте елімізде ПТР арқылы 1180 адамнан коронавирус анықталды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 237,
Алматы қаласы - 115,
Шымкент қаласы - 14,
Ақмола облысы - 132,
Ақтөбе облысы - 10,
Алматы облысы - 82,
Атырау облысы - 82,
Шығыс Қазақстан облысы - 31,
Жамбыл облысы - 25,
Батыс Қазақстан облысы - 55,
Қарағанды облысы - 71,
Қостанай облысы - 67,
Қызылорда облысы - 6,
Маңғыстау облысы - 17,
Павлодар облысы - 140,
Солтүстік Қазақстан облысы - 78,
Түркістан облысы - 18.
Палата предпринимателей Алматинской области в прошлом году защитила права предпринимателей на общую сумму 1,215 млрд тенге. Об этом сообщил директор региональной палаты Асет Шаяхметов. По его словам, ТОП проблемных вопросов бизнеса - сферы государственных закупок и земельных отношений, жалобы на действия госорганов, вопросы в сфере налогов, агропромшыленного комплекса.
«В 2020 году в Палату по линии защиты прав предпринимателей поступило 233 обращений от юридических лиц. Из них положительно решено 88. В целом, благодаря нашей поддержке права бизнеса были защищены на 1,2 млрд тенге, что почти наполовину больше чем в 2019 году», - отметил Асет Шаяхметов.
Так, в 2020 году представители Палаты предпринимателей защитили в суде ТОО «АЛСАД КАЗАХСТАН». Компания требовала суд признать незаконным действия госоргана и устранить нарушенные права путем принятия заявок и выплаты субсидий на удешевление стоимости производства пищевого куриного яйца с марта по май 2020 года. Эксперты юридического блока принимали участие в суде в качестве третьего лица. По итогам рассмотрения гражданского дела, судом вынесено решение об удовлетворении исковых требований ТОО «в размере 56 млн тенге.
Вместе с тем, экспертами правового блока было рассмотрено 243 нормативно-правовых актов, из которых с замечаниями - 57, без замечаний - 79, не затрагивают интересы бизнеса - 107.
Бақытгүл Дүйсебекова,
председатель палаты представителей
Енбекшиказахского района
2020 жылы Алматы облысында 16 мыңнан астам кәсіпкер сервистік қызметтер мен кеңестер алды. Қаржылай емес қолдау – өңірлік кәсіпкерлер палатасы қызметінің басым бағыттарының бірі. "Бизнестің жол картасы – 2025" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары арқылы ақысыз қаржылай емес қолдау көрсетіледі.
Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметовтың айтуынша, 2020 жылы өңірдің 16 мыңнан астам кәсіпкеріне 17,5 мың сервистік және консультациялық қызмет көрсетілді. Кәсіпкерлер негізінен жеке кәсіпкерлік ашу, бизнес-жоспарды әзірлеу, бухгалтерлік есепті тапсыру сияқты қызметтерге жүгінген. Кәсіпкерлер палатасы менеджерлерінің қызметінің арқасында 1,3 мың жоба мемлекеттік қолдау құралдары аясында қаржыландырылды.
«Кәсіпкерлер үшін барлық қажетті қызметтер ақысыз. Әрі облыстың барлық қалалары мен аудандарында көрсетіледі, оның үстіне кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында түрлі қажеттіліктер қолжетімді. Карантиннің енгізілуіне байланысты қызметтердің басым бөлігі онлайн режимде көрсетілген. Сонымен қатар, кәсіпкерлер g4b.kz сайтына өтінім беру арқылы қызметтердің барлығын толық көлемде ала алады», – деді облыстық палата басшысы Әсет Шаяхметов.
Сондай-ақ, Кәсіпкерлер палатасының менеджерлері жалпы сомасы 50 млрд теңгеге жуық болатын 529 бизнес-жоспар әзірледі. Оның ішінде 5,2 млрд теңгенің 153 жобасы іске асырылды.
"Бизнес мектеп" компонентіне қатысу нәтижесінде 1240 адам кәсіпкерлік саласындағы өз құзыреттерін арттырды. Курс кәсіпкерлерді кәсіпкерлік қызметті жүргізу мен дамытудың бағыттары бойынша қысқа мерзімді оқытуды қамтиды. Өткен жылы оқыту қашықтықтан өткізілді. Жоба бойынша оқытылғандардың ішінен жалпы сомасы 633 млн теңгеге 162 жоба жүзеге асырылды.
Өңір кәсіпкерлері "Аға сеньорлар" жобасына да қатысты. Ұйғыр ауданындағы "Көк Тұмар" ЖШС ауыл шаруашылығы кешеніне, Қапшағай қаласынан ірі қара мал мен буйволдарды өсіру бойынша "BaiQonys" ЖШС және Алакөл ауданында асыл тұқымды ірі қара малды өсіру және өсімін молайту бойынша "DiQanBeef" ЖШС отандық сарапшылар шақырылды. Олар кәсіпорындардың басшылығына және қызметкерлерге басқарудың жаңа әдістерін енгізу, өндіріс технологиялары, жабдықтар және персоналды оқыту мәселелері бойынша жан-жақты кеңес берді.
***
Более 16 тысяч предпринимателей Алматинской области воспользовались нефинансовой поддержкой государства
В 2020 году в Алматинской области свыше 16 тысяч предпринимателей получили сервисные услуги и консультации.
Нефинансовая поддержка является одной из приоритетных направлений деятельности Региональной палаты предпринимателей. В рамках государственной программы «Дорожная карта бизнеса–2025» через Центры обслуживания предпринимателей оказывается безвозмездная нефинансовая поддержка.
По словам директора Палаты предпринимателей Алматинской области Асета Шаяхметова, в 2020 году более 16 тысячам предпринимателям региона были предоставлены 17,5 тысяч сервисных и консультационных услуг. Зачастую начинающие предприниматели обращались за такими услугами как, открытие ИП, разработка бизнес-плана, сдача бухгалтерского отчета. Благодаря поддержке менеджеров Палаты предпринимателей 1,3 тысяч проектов получили финансирование в рамках инструментов государственной поддержки.
«Все необходимые услуги для предпринимателей являются безвозмездными, которыми можно воспользоваться в Центрах обслуживания предпринимателей, которые расположены во всех городах и районах области. В связи введением карантина, большинство услуг предоставлены в онлайн режиме. Вместе с тем, предприниматели могут получить услуги в полном объеме подав заявку на сайте g4b.kz», - рассказал глава областной палаты Асет Шаяхметов.
Также менеджерами Палаты предпринимателей было разработано 529 бизнес-плана на общую сумму почти 50 млрд тенге. Из них были реализованы 153 проекта на 5,2 млрд тенге.
1240 человек повысили свои компетенции в предпринимательстве в результате участия в компоненте «Бизнес Школа». Курс включает в себя краткосрочное обучение предпринимателей по функциональным направлениям ведения и развития предпринимательской деятельности. К слову, в прошлом году обучение проводилось в дистанционном режиме. Из числа обученных по проекту реализованы 162 проекта на общую сумму 633 млн тенге.
Предприниматели региона приняли участие в проекте «Старшие сеньоры». В сельcкохозяйственный комплекс ТОО «Көк Тұмар» в Уйгурском районе, ТОО «BaiQonys» из города Капшагай по разведению крупного рогатого скота и буйволов и ТОО «DiQanBeef» по разведению и воспроизводство племенного КРС в Алакольском районе были приглашены отечественные эксперты, которые консультировали руководство и сотрудников по вопросам внедрения новых методов управления, технологий производства, оборудования и обучения персонала.
Бақытгүл Дүйсебекова,
аудандық кәсіпкерлер палатасының басшысы
Баға бағамы шарықтаған тұста коммуналдық қызмет саласындағы тариф құнының тұрақты болуы көңіл қуантады. 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап 2020 жылдың 30 маусымына дейінгі аралықта ҚР төтенше жағдай кезеңінде 13 табиғи монополиялар субъектілері халық үшін тарифтерді төмендетті, бұл ретте сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне 4 табиғи монополиялар субъектілері және жылумен жабдықтау және ыстық сумен жабдықтау қызметтері бойынша 4 табиғи монополиялар субъектілері 3-тен 10% - ға дейін төмендеді.Бұл туралы «Jetisy Media ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлім болды.
Газбен қамтамасыз ететін 4 кәсіпорынның тарифі 0,8-ден 1,7% - ға дейін түссе, "Жетысу Энерготрейд" ЖШС электр энергиясының құнын 2,9% - ға азайтты.
«ТМС-ның инвестициялық бағдарламалардың орындалуы және тарифтік сметалардың орындалуы туралы есептерін талдау нәтижелері бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Департаменттің 44 бұйрығы бойынша тұтынушылардан негізсіз алынған табыстың жалпы сомасы 1 211 001,84 мың теңгеге, оның ішінде инвестициялық бағдарламалар бойынша 115 013,52 мың теңгеге және тарифтік сметалардың орындалу есептері бойынша 1 095 988,32 мың теңгеге уақытша өтемдік тарифтер (бұдан әрі- УӨТ) енгізілдіОсы жұмыстың нәтижесінде тарифтердің төмендеуі 0,17-ден 20,47%-ға дейін құрады»,- дейді Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасары Думан Қалибеков.
Талдықорған және Алматы өңірлерін энергиямен жабдықтау үшін электр энергиясының орташа тарифінің "халық" тобы үшін тиісінше 3 және 7,9% - ға көтерілгеніне қарамастан, ол өзгерген жоқ.
Сонымен қатар, табиғи монополиялар туралы заңнаманың сақталуын бақылау бойынша елеулі жұмыс жүргізілуде. 2020 жылы 40 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы – 10 010 565 теңгені құрады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 7 хаттама сотқа қарау үшін жіберілді.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы мен ҚР Үкіметінің тапсырмаларын орындау аясында Департаментпен 2021 жылдың соңына дейін базалық субъектілердің «халық» санаты үшін жылумен, сумен жабдықтау, су бұру, газдандыру және электр энергиясын тасымалдау қызметтеріне тарифтер өскен жоқ, яғни 2020 жылдың төңірегінде қалады.
Айта кететін тағы бір мәселе, «Жетісу Энерготрейд» ЖШС-гі ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап, барлық топ санаттары үшін тарифті 1,1% пайызға дейін өз еркімен төмендетті.
ҚР эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасы бойынша Алматы облысы "сары" аймақта. 2021 жылдың 20 қантарына сәйкес коронавирустық инфекцияның 8376 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 3325 белгілері бар. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлім болды.
Бүгінгі күні, Облыстық көрсеткіштің артуы Текелі, Талдықорған, Қапшағай қалаларында және Көксу, Қаратал, Ескелді, Ақсу аудандарында байқалады.
«Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада салыстыру кезінде 0,8% - дан 1,0% - ға дейін ұлғайды. Коронавирустық инфекцияның R саны 1,19, ал Республика бойынша 1,14 құрады, облыстар арасындағы сегізінші орында тұр. Соңғы тәулікте КВИ-дің 92 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны - 1,1%»,- дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшының орынбасары Асхат Чарапиев.
2021 жылғы 21 қаңтардан бастап мынадай шектеу шараларын енгізу жоспарлануда:
1. Елді мекендер ішіндегі қоғамдық көліктің жұмыс кестесін сағат 23-00 дейін ұзарта отырып, сондай-ақ жолаушыларды отырғызу/шығару кезінде барлық есіктердің ашылуын қамтамасыз ету, қарбалас сағаттарда автобустар санын көбейту;
2. Қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың), 300 км-ден аспайтын қозғалысына рұқсат етіледі;
3. Діни объектілердің (мешіт, қасиетті орындар және шіркеу) қызметіне ұжымдық іс-шаралар өткізбей, жеке бару үшін рұқсат етіледі;
4. Жексенбі күндері жабық базарлардың (азық-түлік және азық-түлік емес) қызметіне тыйым салынады;
5. Жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс кестесі бар сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда объектілерінің қызметіне, жексенбі күндері қызметке тыйым салынады;
6. Моншалар, сауналар, СПА орталықтарының жұмыс істеуіне алдын ала жазылу бойынша, 50% - дан аспайтын толтырумен, жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс кестесімен рұқсат етіледі. Жексенбі күндері сауналар, СПА орталықтары мен бассейндерге жұмыс істеуіне тыйым салынады;
7. Театрлар мен кинотеатрлардың залдар толтырылуының 20% аспайтын жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.
"Табиғаттың мүмкіндігі шектеулі деп есептемейік! Адамның өнері арқылы бұл мүмкіндіктің шектеусіз сипатқа ие болуы да ықтимал" деп Ж.Ламетри айтқандай, қазіргі таңда барлық әлемде жеке қажеттілікті түзету, педагогикалық қолдау мен бейімдеу баланы емес, балалардың білімге деген сұраныстары мен жеке ерекшеліктеріне ортаның, отбасының белсенді қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын, барлығы бір мүддеде қызмет атқаратын инклюзивті білім беру көзделді.
Соның нәтижесінде №1 Рахат орта мектебінде 2020-2021 оқу жылында «Инклюзивті білім беру» кабинеті ашылды. Білім беру кабинеті арнайы жабдықтармен қамтамасыз етілген. Оқушылармен арнайы дефектолог маман жұмыс жасайды. Инклюзивті біліім беру кабинетінің ашылу мақсаты: ең алдымен балалардың өз-өзіне сенімін арттыру;дені сау балалармен өзін тең ұстау; қоршаған ортаға бейімдеу; толық білім алуды ұйымдастырумен ғана шектелмейді. Сонымен қатар балалардың тілдік мүкістігінің кемшіліктерін жою мақсатында артикуляциялық жаттығулар жүргізіледі.
Инклюзивті оқыту балалар дискриминациясын жою, баршаға тең дәрежеде қарым-қатынас жасауды қамтамасыз ету, ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай тудыру идеясы негізінде жүзеге асырылады. Инклюзивті білім беру – барлық білім алушы жастардың жалпы және кәсіби орта, жоғары білім беру үдерісіне енуі, әлеуметтік бейімделуіне мүмкіндік береді. Сонымен қоса, бұл білім беру үдерісінде балалар жасына, жынысына, этникалық, діни өзгешелігіне қарамастан баланың жеке қажеттілігіне коррекциялық-педагогикалық, отбасылық, әлеуметтік қолдау көрсетіліп, белсенді отбасының ықпалын қамтамасыз етіледі. Сөз соңында айтарымыз «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, білім беру саласы мен отбасылық күшті біріктіре отырып атқарған жұмысымыз алға өрлей беретініне сенемін.
Нурия ЖОЛАХАНОВА,
№1 Рахат орта мектебінің дефектологі
ХҚО арқылы электрондық цирфлық қолтаңба рәсімдеушілер саны қаңтар айында күрт өсті. Жыл басынан бері халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қазақстандықтар 270 мыңнан астам ЭЦҚ рәсімдеген, бұл көрсеткіш желтоқсан айымен салыстырғанда 30 % көп.
Бұл зейнетақы қорындағы қаржыны шешу және жыл сайынғы мемлекеттік қызметкерлердің декларация тапсыру уақытының басталғанымен байланысты. Цифрлық қолтаңбаны рәсімдеушілер арасында Алматы, Түркістан облысы, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары көп, көшбастап тұрған мегаполис – Алматыда 27 мың болса, қалған екеуінде 23 мыңнан қолтаңба алынған. ЭЦҚ-ны ХҚО арқылы ең аз рәсімдегендер саны Батыс-Қазақстан облысында – не бары 7 мың.
Мемлекеттік корпорацияның төрағасы Әділ Кожиховтың айтуынша, ЭЦҚ-ны онлайн түрде рәсімдеуге болады, сондықтан пандемия уақытында халық көп жиналатын жерге барудың қажеті жоқ. «Біз әр тұрғынның денсаулығына алаңдаймыз. Бүгінде ЭЦҚ-ны үйде отырып-ақ, бірнеше минуттың ішінде рәсімдеуге болады»,– дейді Әділ Кожихов.
Сондай-ақ Азаматтарға арналған үкімет ЭЦҚ кілттерін уақытылы жаңартып отыруды ескертеді. Бір жылға берілетін электронды қолтаңбаның мерзімі аяқталуға таяған кезде, яғни 10 күн бұрын ЭЦҚ иесіне ескертпе-смс келеді. Азаматтар кілттердің жарамдылық мерзімін Ұлттық күәландырушы орталығының pki.gov.kz сайты арқылы тағы бір жылға ұзарта алады. Бұл да ЭЦҚ алу үшін ХҚО-ға барудың қажеттілігін жояды.
Айта кетейік, ЭЦҚ-ны egov.kz порталы арқылы онлайн рәсімдеу мүмкіндігі 2020 жылғы сәуір айынан бері бар. Ол үшін камерасы бар ноутбук немесе компьютер, жеке куәлік және мобильді азаматтар базасында тіркеу болу қажет. Жүйе азаматтың жеке басының мәліметтері мен бет-әлпетін сәйкестіргеннен кейін жаңа ЭЦҚ-ны сақтап алуды ұсынады.
Еңбекшіқазақ аудандық
Халыққа қызмет көрсету орталығы
Во всех областях Казахстана на базе бывших домов дружбы и региональных АНК при областных акиматах созданы КГУ «Қоғамдық келісім» («Общественное согласие», призванные воплощать концепцию «Слышащего государства», способствуя диалогу власти с общественными организациями, НПО, этнокультурными центрами. В Алматинской области КГУ «Қоғамдық келісім» возглавила наш коллега, журналист Сандугаш ДУЙСЕНОВА. Под ее руководством первыми шагами «Қоғамдық келісім» стала организация семинаров с районными общественными структурами. Целью таких семинаров является создание диалоговых площадок с советами ветеранов, женсоветами, молодежными и этнокультурными центрами для профилактики рисков в межэтнической сфере; проведение точечной работы с местными лидерами, формирование общественного мнения в пользу государственной национальной политики; социологический мониторинг общественных настроений, выявление конфликтных ситуаций в межэтнической сфере.
Такой семинар с участием этнокультурных центров, советов старейшин, матерей, молодежи в Енбекшиказахском районе состоялся 13 января 2021 года в СШ имени Райымбека батыра в г.Есике. Администрация школы во главе с директором Саланат Турикбаевой создала все условия для проведения данного семинара.
Директор КГУ «Қоғамдық келісім» Сандугаш Дуйсенова, заведующая кафедрой музыкального образования Жетысуского государственного университета имени И.Жансугурова, кандидат педагогических наук Аида Усенова, руководители службы поддержки социальных инициатив и медиации Жансулу Башенова, службы анализа и мониторинга сферы межэтнических отношений Даурен Нуртаев, службы организации общественно-массовых мероприятий Айымжан Танирбергенова подготовили выступления по темам укрепления межэтнической стабильности, повышения квалификации специалистов, задействованных в работе в сфере межэтнических отношений в регионах, роли КГУ «Қоғамдық келісім» в обеспечении стабильной деятельности общественных структур. По словам директора КГУ «Қоғамдық келісім» Сандугаш Дуйсеновой государство с участием КГУ «Қоғамдық келісім», областного управления и районных отделов внутренней политики будет оказывать финансовую поддержку региональных этнокультурных центров в виде выделения грантов на реализацию проектов по укреплению межэтнического согласия, содействовать выделению ЭКЦ помещений для открытия фронт-офисов, утверждению оплачиваемых из бюджета штатных единиц для работы в данных офисах, обучению специалистов по межнациональным вопросам.
Заведующая кафедрой ЖГУ имени И.Жансугурова Аида Усенова рассказала о разработанной в рамках образовательного гранта преподавателями и студентами университета модели деятельности ЭКЦ, социологических исследованиях полиэтнического и мультикультурного общественного поля, о международном сотрудничестве по данной тематике с вузами зарубежья.
Руководитель службы анализа и мониторинга сферы межэтнических отношений Даурен Нуртаев выступил по вопросу сохранения межконфессионального мира и пресечению пропаганды деструктивной религиозной идеологии в соцсетях, рассказал о мерах по ограждению пользователей сетей, преимущественно молодежи, от влияния интернет-контента с признаками экстремистской направленности.
В диалоге с лидерами общественных организаций Сандугаш Дуйсенова попросила их не только высказать свое мнение об эффективности государственной этнополитики, но и поделиться насущными нуждами. От имени КГУ «Қоғамдық келісім» она вручила лучшим волонтерам, а также председателю совета матерей, старейшему педагогу Енбекшиказахского района Айше Ракишевне Сулейменовой, благодарственные письма и памятные подарки.
И.ВИКТОРОВ