Сейсенбі, 04 Тамыз 2020 15:19

СOVID-19: Аудандағы ахуал қандай?

СOVID-19: Аудандағы ахуал қандай? mezet.kz

Аты жаман аурумен арпалыс жер-жерде жүріп жатыр. Мегаполистерге ғана емес, түкпірдегі ауылдарға да жеткен індеттің кімді болса да алаңдатып қойғаны шындық. Аудандағы жағдайдың қандай екені – халықтың жадында жүрген сауал. Ендеше, осы сұраққа жауап беріп көрелік. Еліміздегі ең үлкен аудандардың бірі – Еңбекшіқазақтағы жағдай қандай?

Бүгінде ауданда СOVID-19 инфекциясын жұқтырғаны расталған 474 науқас тіркелген. Оның 115-інде аурудың белгілері болса, қалған 359-ы – симптомсыз. Науқастардың әлеуметтік құрамы әрқалай. Індетті жұқтырғандардың көп бөлігі – жұмыссыздар – 199 адам. Одан кейінгі орында зейнеткерлер тұр, 78 адам тіркелген екен. «Алматы облысының аумағында қатаң карантиндік шаралар туралы» 2020 жылғы 02 тамыздағы № 23 Қаулысында 65 жастан асқан азаматтардың көшеге шығуына шектеу қойылған еді. Дегенмен, кәрі мен жасты да аямай алып кетіп жатқан бұл дертте адам жасынан бұрын, ағзаның иммунитеті көбірек рөл атқаратыны да соңғы күндері айтылып жатыр. Әрине, жас келген сайын адамның қауқары да кеми түседі. Біздің айтпағымыз – жастар да бейқам болмаса екен деген тілек. Осы орайда аудандағы жағдайдың мына дерегіне көз жүгіртсек. Ауруды жұқтырғандар арасында 19 мектеп оқушысы, 2 студент тағы бар. Өкінішке орай, індетпен бетпе-бет айқаста жүрген 38 медицина қызметкері де коронавирусты жұқтырған екен. Сонымен қатар 18 әскери қызметкер, өзге қызметтегі 32 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 34 жан аты жаман ауруға шалдыққан екен.

100 мың тұрғынға шаққанда ауруды жұқтыру деңгейі 170,4%-ті көрсетіп отыр. Ал коронавирус белгілері бар науқастарды оқшаулау үшін ауданымызда 242 уақытша төсек орын қарастырылған. Бұл орындардың 62-сі Шелек өңірінде, қалған 180-і Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханада.

Ауданымыз бойынша 456 ауру ошағы анықталған. Барлығында эпидемияға қарсы дезинфекция шаралары жүргізілді. Онда болған 1773 адамның барлығы тексеруден өтіп, 152-сінде коронавирусқа тапсырылған тест оң нәтиже көрсеткен.

16 мамырдан бері Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасындағы зертханада ПТР тәсілімен коронавирус инфекциясының бар-жоғына зерттеу жүргізіліп келеді. Тәулігіне 300-ге дейін зерттеулер жасалуда. 4 тамызға дейін барлығы 18 620 тест тапсырылған.

Аудан әкімінің «COVID-19-бен күресу туралы» бұйрығына сәйкес, науқастарға тиісті медициналық көмек көрсету үшін жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық бөлімдер мен ұйымдардың басшылары 10 қызметтік автокөлікті уақытша пайдалануға аурухана қолданысына берген.

Індетпен бетпе-бет айқаста жүрген медқызметкерлер мен олардың жақындарының арасында аурудың таралуына жол бермеу мақсатында Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі бар жағдайды жасап отыр. Бүгінде ақ халаттылар жұмыстан тыс уақытта демалуы үшін «Денсаулық» шипажайы, ROSA және GoldCity мейманханаларына орналастырылған.

Иә, екеуара түсіністік пен сенім болғанда ғана бұл дерттің дендеп кетуіне жол бермейміз.

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Оқылды 945 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Малыбай ауылдық округінің сайлаушылары! Мен, Бектасов Мәди Мәдиярұлы 1982 жылдың…
Сәу 17, 2024

Горнодобывающий сектор – стимул для…

Вольфрам входит в первую десятку редких металлов, незаменимых в современном промышленном…
Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет