Дүйсенбі, 15 Ақпан 2021 14:48

"Спутник V" вакцинасы Қазақстанда ресми тіркелді

"Спутник V" вакцинасы Қазақстанда ресми тіркелді Сурет интернеттен алынды

Қарағанды фармацевтика кешені Қазақстан аумағында коронавирусқа қарсы «Гам-КОВИД-Вак» («Спутник V») вакцинасын тіркеу рәсімін аяқтады, деп хабарлайды кәсіпорынның баспасөз қызметі.

«13 ақпанда Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі сараптама ұйымының вакцинаның қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігі туралы қорытындысы алынды. Аталған қорытынды негізінде ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне тіркеу куәлігін алуға өтінім жолданды» делінген хабарламада.

Қазақстан – «Спутник V» вакцинасын мақұлдаған 27-мемлекет.

Алдын ала есептеулер бойынша, ақпан айының соңында Қазақстанның барлық өңіріне Қарағанды фармацевтика кешені өндірген «Спутник V» вакцинасының 90 мыңға жуық дозасы жеткізілмек.

Айта кетсек, Қарағанды фармацевтика кешені – биотехнологиялық препараттар өндірісіне мамандандырылған Қазақстандағы алғашқы және әзірге жалғыз фармацевтика кәсіпорны. Ол бірегей жабдықпен жабдықталған және халықаралық GMP стандартына сәйкес сертификатталған.

Кәсіпорынның негізгі өнімдері – ауыр әлеуметтік маңызы бар ауруларды (онкология, гемофилия, гепатит, қант диабеті және тағы басқа) емдеуге арналған заманауи жоғары тиімді препараттар.

Оқылды 5069 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Малыбай ауылдық округінің сайлаушылары! Мен, Бектасов Мәди Мәдиярұлы 1982 жылдың…
Сәу 17, 2024

Горнодобывающий сектор – стимул для…

Вольфрам входит в первую десятку редких металлов, незаменимых в современном промышленном…
Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет