Күндер бойынша реттелген элементтер: Сәрсенбі, 09 Қыркүйек 2020

Жарты жылдың қорытындысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС пакетіндегі медициналық көмекті төлеуге 156,7 млрд теңгеден астам қаржы жіберді, деп хабарлады ӘМСҚ баспасөз қызметі.

Осылайша, 6 ай ішінде МӘМС-ке 260 млрд теңгеден астам сомада жарналар мен аударымдар түсті.Сонымен қатар, олардың басым бөлігі - 146,6 млрд теңге - бұл халықтың 15 жеңілдікті санатына жататын 11 млн-ға жуық азаматтар үшін жарнаны мемлекет төледі.

«Қор 2020 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша МӘМС пакеті шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтер үшін 156,7 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Төлем халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Клиникалық хаттамаларды және емдеуге қажетті талаптарды сақтай отырып, факті бойынша көрсетілген және құжатпен расталған қызметтер ғана төленеді» - деп атап өтті.

Қордың баспасөз қызметінде түсіндіргендей, МӘМС үшін жарналар мен аударымдар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өзіне емес, Ұлттық банктегі арнайы шотқа түседі.Ол жерден қаражат МӘМС пакеті бойынша көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеуге медициналық ұйымдар – Қордың жеткізушілеріне жіберіледі.

Қорда нақтылағандай, жарты жылдықтағы шығындардың басым бөлігі стационарлық медициналық көмек төлемі - 50 млрд теңгеден астам. 6 ай ішінде жоспарлы түрде еліміздің стационарларында 630 мыңнан астам адам емделді.

Көрсетілген консультациялық-диагностикалық көмек үшін шамамен 42 млрд теңге төленді.Атап айтқанда, диагностикалық қызметтер арасында КТ және МРТ қызметтері  азаматтар үшін өзекті. Жарты жыл ішінде пациенттерге 1,1 млрд теңгеден астам сомаға 96 мыңнан астам КТ қызметі және 1,6 млрд теңгеден астам сомаға 101 мыңнан астам МРТ қызметі көрсетілді.

Сонымен қатар, қаңтар мен маусым аралығында 3 млн-нан астам стоматология, 2 млн-ға жуық рентген және 1,6 млн-нан астам УДЗ-диагностика қызметтері көрсетілді, олардың жалпы құны 15 млрд теңгеден асады. Олардың барлығы МӘМС пакетінде медициналық сақтандыру қаражаты есебінен көрсетілді, пациенттерге медициналық көмек үшін Қор ақы төледі.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші жартыжылдықта барлық қазақстандықтар МӘМС жүйесінде шартты түрде сақтандырылған және медициналық қызметтерді кепілді көмек аясында, сондай-ақ МӘМС аясында пайдалана алатын.

Сонымен қатар, құны 11 млрд теңгеден асатын 50 мыңнан астам қазақстандық медициналық оңалтудан өтті. Жарты жылда тағы 3,8 мыңнан астам азамат 11 млрд теңгеден астам сомаға жоғары технологиялық медициналық қызмет алды.

Естеріңізге сала кетейік, екінші тоқсанда карантин аясында жоспарлы түрде медициналық көмек көрсетуге шектеу қойылды. 1 тамыздан бастап еліміздің клиникаларында жоспарлы медициналық көмек қайта басталды, сондықтан екінші жартыжылдықта МӘМС жүйесінде көрсетілген медициналық қызметтер бойынша көрсеткіштердің өсуі күтілуде.

 

Published in Санаты жоқ
Сәрсенбі, 09 Қыркүйек 2020 10:00

Төтеншеліктердің тынымсыз тірлігі

Су – тіршілік нәрі. Сусыз адамзат та, табиғат та өсіп-өне алмайды. Сондай-ақ судың айтып келмейтін алапат апат екені де рас. Жойқын селдің бүкіл қалаларды шайып кеткен жағдайлары тарихта талай жазылған. Осы орайда селдің алдын алып, елдің қауіпсіздігін қадағалап отырған – «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекеме мамандарына артылған жүктің салмағы да ауыр.

Дегенмен, күн-түн демей, тынымсыз тер төгетін төтеншеліктердің нақты немен айналысатынын баршамыз біле бермейміз. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін бір күнімізді сала мамандарымен бірге өткіздік. «Қазселденқорғау» ММ-нің Есік қаласында орналасқан филиалы – Іле Алатау аумақтық пайдалану техникалық басқармасының бір топ маманы 3750 метр биіктікке тікұшақпен көтерілді. Мұндағы мақсат – Түрген өзен алабындағы № 1 көлдегі су деңгейін төмендету жұмыстарын жүргізу.

 Таудағы бақылаушылар бекеті

Жалпы, «Қазселденқорғау» ММ ІААПТБ-на қарасты алты аудан бар. Бұл – облысымыздың оңтүстік өңірі – Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай, Жамбыл, Кеген, Райымбек аудандары. Аталған аумақ көлемінде табиғи апаттардың алдын алып, халық пен шаруашылық нысандарының қауіпсіздігін қадағалау осы мекеменің мойнында. Қысқы қар көшкіні, көктемгі су тасқыны мен топырақ көшкіні, жазғы сел қаупі төтеншеліктердің тыныш отыруына мұрсат бермейді. Бұған филиалға қарасты аумақтың да ауқымды екенін қосыңыз. Апаттың алдын алу үшін маусым сайын жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жұмыс атқарылады. «Қауіпті аудандарда орналасқан тұрғын үйлер мен түрлі шаруашылық нысандарының иелеріне үнемі ескерту-хабарламалар таратылады, қауіпті аймақтарда ескерту-қалқаншалары қойылып, үнемі жаңартылады. Топырақ көшкіні, су тасқыны қаупі бар аймақтарға уақытылы бақылау жасалып, жерүсті және аэровизуалды зерттеу жүргізілді», – дейді «Қазселденқорғау» ММ ІААПТБ басшысы Еркін Ахметов.

Таудағы көлдер осынау мұздықтардан толады

Иә, бұл аталғандар – «жердегі» жұмыстың бір бөлігі болса, биік таулы аймақтарда да атқарылар шаруа шаш етектен. Мекемеге қарасты таулы аймақта 556 мұздық және 264 мореналық көл тіркелген. Олардың да жай-күйі, тау өзендеріндегі мұз кептелістерін бақылау, сел ағындыларының арнасы мен сырғыма қаупі бар ошақтардың жағдайы үнемі төтеншеліктердің жіті қадағалауында. Жыл он екі ай жұмыс істейтін гидробекеттермен қатар таудағы мұздықтардың еріп, сел қаупі күшейетін уақытта маусымдық бекеттер де ашылады. Олардың саны көлдердің қауіптілігіне қарай белгіленеді. Биыл  маусымдық 15 гидробекет жұмыс істеп жатыр. Таудағы ауа температурасының төмендеп, мұздықтар қайта қатып, қауіп сейілгенге дейін мекеме мамандары сонда болады. Олар мұз көлдердің гидрометеорологиялық жағдайын бақылап, мұздықтардан көлге келіп жатқан судың көлемі, ауа райы, жауын-шашын жайлы тәулігіне үш уақыт ақпарат беріп отырады. Диспетчер деректерді қабылдап, күнделікті кесте толтырылады. Әдеттегіден әлдеқандай өзгешелік байқалса, инженер, гидролог мамандар тиісті іске жылдам кірісіп, апаттың алдын алады.  

 

«Қазселденқорғау» ММ ІААПТБ басшысы Еркін Ахметов

Биылғы маусымда мұндай қауіп төндіріп тұрған төрт көл тіркелген. «Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ ауданының биік таулы аймақтарында орналасқан бұл көлдердің айдынынан асып кету қаупі жоғары болғандықтан су деңгейін түсіру жұмыстары жүргізілді. Бастапқы кезде көлдердегі су деңгейі 1-1,5 млн. текше метрге жуық болатын», – дейді «Қазселденқорғау» ММ ІААПТБ басшысы Еркін Ахметов.

Жарылыс жұмыстары

Су деңгейі жоғары, қауіпті көлдің бірі – біз барған – Түрген өзен алабындағы № 1 көл. Оның бастапқы көлемі 700 мың 52 текше метр болған екен. Егер тау басындағы мұндай мореналық көл ернеуінен асса, жолындағысын шайып табиғатқа да, төменде орналасқан елді мекендерге де үлкен қауіп төндіреді. Қауіптің алдын алу үшін мамандар алдымен онда батиметриялық зерттеу жасады. Көлдің ең терең нүктесі 30 метрге дейін жетеді. Ал одан кейін судың төмен түсетін арнасын кеңейту, әрі тереңдету үшін жару жұмыстарын жүргізді. Эвакуациялық арна тазартылып, сифондар арқылы 257 мың 890 текше метр су ағызылды. Осылайша тиісті жұмыстардан кейін су көлемі 572 мың 160 текше метрге азайып, қауіпті деңгейден түсті.

Су деңгейін түсіргеннен кейінгі көрініс

Бұл айтқанымыз – мекеменің атқарған бір ғана жұмысы. Ал жыл бойы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алып, ел қауіпсіздігін қадағалап отырған мамандарға артылған жауапкершілік те жоғары. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа биылғы Жолдауында Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құру қажеттігін айтқан еді. Әрине, айтып келмейтін апаттың дүлей күшке ие екенін ескерсек, бұл министрліктің жұмысын қайта бастауы құба-құп болар еді.

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

 

 

Published in Мақалалар
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет